Емі Ана мен бала үшін қауіп факторы, ҚД емдеу, ГҚД-тын бақылау ерекшеліктері шынайы қант диабетімен бірдей жүргізіледі. Жүктілік кезінде ҚД-нің кеш асқынулары үдемелі дамуы мүмкін, бірақ ҚД сапалы компенсациясы орнаса жүктілікті үзуге ешқандай көрсеткіштер жоқ. ҚД-мен сырқаттанған әйел (жиі ҚД-1) жүктілікті жас кезінде жоспарлауы тиіс, себебі сол кезде асқынулардың даму жиілігі төмен болады. Егер жүктілік жоспарланса, оңтайлы компенсацияға қол жеткізгеннен бірнеше айлардан кейін контрацепцияны қабылдау тоқтатылады. Жүктілікті жоспарлауға қарсы көрсеткіштерге үдемелі дамитын бүйрек жеткіліксіздігі мен ауыр нефропатия, коррекцияланбайтын ауыр ЖИА, ауыр пролиферативті ретинопатия, жүктіліктің ерте мерзіміндегі кетоацидоз (кетонды денелер тератогенді түрткі болып табылады) жатады.
Жүктілік кезінде ГҚД мен шынайы диабетті емдеудің басты мақсаты келесі зертханалық көрсеткіштерге қол жеткізу болып табылады:
• ашқарынға гликемия < 5–5,8 ммоль/л;
• тамақтан 1 сағаттан кейінгі гликемия < 7,8 ммоль/л;
• тамақтан 2 сағаттан кейінгі гликемия < 6,7 ммоль/л;
• күндізгі гликемиялық профильдің орташа мәні < 5,5 ммоль/л;
• ай сайынғы бақылау нәтижесі бойынша HbA1c мөлшері сау адамдардыкіндей болуы тиіс (4–6 %).
ҚД-1 кезінде жүктіліктен тыс кезде де әйелге инсулинді терапия тағайындалады, бірақ жүктілік кезінде гликемия деңгейін тәулігіне 7–8 рет бағалаған дұрыс. Қарапайым егулер көрінісінде нормогликемиялық компенсация орнамаса, жүкті әйелді инсулин дозаторы көмегімен инсулинді терапияға көшіру жөніндегі сұрақты шешкен жөн.
ГҚД емінің алғашқы сатысында тәуліктік калораж 25 кКал/кг дейін шектелген диетотерапия тағайындалады, яғни ең алдымен жеңіл сіңірілетін көмірсулар, жануар текті майлар шектеліп, физикалық жүктемені арттырады. Егер емдәм көрінісінде көзделген мақсаттарға қол жеткізе алмасақ, науқасқа қарқынды инсулинді терапия тағайындалады. Кез келген қандағы қант деңгейін төмендететін таблетка түріндегі дәрілік заттар жүктілік кезінде тағайындалмайды. Инсулинді терапияға жүкті әйелдердің шамамен 15%-ы көшіріледі.
Болжамы ҚД оңтайлы емес компенсациясы нәтижесінде нәрестеде түрлі патологияның даму қаупі 30%, босанғаннан кейін алғашқы тәулікте дамитын гипогликемия — 45%. Әйелдердің 50%-да алдағы 15 жылда ҚД-2 манифестацияланады.