Әне арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі / сала бойынша”


Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет. №14 дәріс



бет4/8
Дата06.07.2018
өлшемі0,72 Mb.
#48140
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
14 дәріс

Тақырып: Программалық оқыту. 1. Оқыту үшін осы типте жасалған машиналардың техникалық шешімі әлі күнге дейін тым жетілмеген күйінде қалып келеді. Іс жүзінде бұл машиналардың бірде бірі жаппай шығару үшін өндіріске әлі жолдама алған жоқ.

Нақтырақ айтқанда бұл машиналар (олар жазу, дыбыс түріндегі бейнелеуді айыра алмайды) цифр түріндегі жауаптар ғана болмаса, жалғаскан (басқаша айтқанда оқушылардың өздері құрастыратын) жауаптарды қабылдай алмайды. Осы себепті олардың бәрі дерлік таңдалған жауаптарды ғана қабылдауға арналған. Міне, дәл осыған байланысты білімді тексерудің шет елдік тест методикасына қатты назар аударылып отыр, мұнда таңдалатын жауаптары бар тапсырмалар беру кең қолданылады.

2. Тандалған жауаптары бар тапсырмаларды қолданудың қажеттігі және тиімділігі жөніндегі мәселе көптеген айтыстар тудыруда.

Оқушыларға сұрақпен бірге жауаптардың бірнеше вариантын қоса беруге қарсылар әдетте мынадай дәлелдер келтіреді: оқушылар жауапты ойланбастан, долбармен беруі мүмкін; дұрыс жауапты оңай білуі мүмкін (өзің жауап беруден, жауаптардың ішінен дұрысын білу қашанда оңай); дұрыс емес жауаптар есте сакталып қалып, бұл оларға келешекте кедергі келтіреді; жауапты тандау — ой қызметінің енжар түрі, ол ойлауды дамытпайды т. б.

Таңдалған жауаптары бар тапсырмалар берудің жақтастары бұған мынадай дәлелдерді қарсы қояды. Әдетте (тәжірибе мен бақылау көрсететініндей), оқушылар білімдері тексеріліп отырған сала өздеріне таныс болған жағдайда долбармен жауап беруге әсте тырыспайды. Олар үшін тіпті білімдері берік және толық емес жағдайдың өзінде де өздерін сынап көру — әрқашан қызық. Немқұрайлылық немесе «машинаны сынап көру» тілегі оқушы өзіне мүлде таныс емес материал бойьшша жауап беруге тырысканда ғана пайда болады. 3. Жауапты таңдауды қиындату женіл, ол үшін іштеріндегі дұрысы бірден көзге түсетіндей абсурдты, үйлесімсіз және тым алшақ жауаптар емес, мағынасы мен түрі жағынан бір-біріне жақын жауаптар берген жөн.

Мұндай жағдайда таңдауға кеп варианттар берудің, еш қажеті жоқ, бұл оларды оқу үшін кететін уақытты ғана арттырады. Арнаулы зерттеулер мен практика жауаптың 4—5 варианты толық жеткілікті екенін көрсетті. Мұның ішінде талдануға тиісті жауап екеу — үшеу ғана болуы мүмкін, қалғандары егер машина 4—5 вариантқа арналып жасалған болса, ал табиғи ситуация логикалық сәйкес келетін өзге варианттарды келтіруге мүмкіндік бермесе, көбіне сан толтыру үшін ғана қосылатын, «білмейміи», «шешімі мұнан өзгеше» дегенге сәйкес жауаптар болады.

4. Оқушылар теріс жауаптарды есте сақтап қалмас үшін, жалған информациялы жауаптар бермеу қажет. Көп мамандар азырақ өзгертілген немесе ұқсастау жағдайда орын алуы мүмкін болатын варианттар беруді жөн санайды.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
15 дәріс

Тақырып: Тәрбие процесі.

Мектептегі тәрбие берудің барлық міндеттері тәрбиелеп оқыту және оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін арнаулы тәрбие жұмысы процесінде шешіледі.

Іс жүзінде оқыту және тәрбиелеу процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды және олар тығыз бірлікте жүзеге асырылады, бірақ бұлардың әрқайсысыңың өз спецификасы мен ерекшеліктері бар.

Тәрбие процесі барынша күрделі диалектикалық процесс болып табылады. Мектептің белгілі мақсатты көздейтін тәрбиелік ықпалы балаларға әлеуметтік ортаның үйдегі оларды қоршаған және өмірде кездесетін көптеген әр түрлі адамдардың тигізетін ықпалдарымен тығыз байланыса өріліп, бір-біріне ерекше әсер етіп отырады.

Оқытуда, іс жүзінде, мүғалімнің оқыту қызметіне тікелей қарсы бағытталған сырт ықпалдар жоқ ол сондықтан жетекші және анықтаушы күшке ие, ал тәрбиеге келсек, мұғалім тәрбиешіге кей жағдайларда қарсы әсер ететін жаңағы сырт ықпалдарды зерттеп білуге көп уақытын жіберуге тура келеді, бұл оларға балалардың мінез-құлықтарының тенденциясын пайымдау, сырт ықпалдардын, соншалықты сирек те кездеспейтін мүғалім тәрбиесіне қарсы мотивтерін білу үшін қажет.

Тәрбиеші өсу және даму үстіндегі баламен жұмыс істейді. Бұдан бұрын анықталғанындай (2-тарауды қара), сыртқы барлық әсерлер үйдегі қоршаған жағдайды және балалардың өздері жинаған әлеуметтік тәжірибені көрсететін, балалардың бойындағы өзгелерден қабылдаған және қалыптасқан, өмірден алынған барлық қасиеттердін, тұтас жиынтығымен анықталатын ішкі дүниесі арқылы өтіп, өзіндік көрініс табады.

Оқытуда оқушыларға жеке тұрғыдан келу деп ең алдымен олардың әр түрлі ақыл-ой күштері мен тану мүмкіндіктерін ескере отырып, білуге деген жан-жақты құштарлығын қанағаттандыруға талпынуды айтады. Тәрбиеде сондай-ақ тәрбиеленушілердің әр түрлі рухани тілектерін қанағаттандыруға талпыну да үлкен роль атқаратыны сөзсіз, бірақ мұнда жалпы тәрбиелік ықпалдарға жауап ретінде көрінетін оқушылардың жеке мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеуге, жеке оқушыларға әсер етудің өзіндік жолдарын табуға және олардың қайсы бірінің осындай ықпалдарға қарсылығын женуге әлдеқайда көбірек көңіл бөлінеді.

А. С. Макаренко өзіне тән байқағыштықпен және мінездеме берудегі өткірлігімен әдетте мүғалімдерді мазалай бермейтін осындай оқушылардың тұтас категорияларын бөліп айтады, олар: «үндеместер», «періштелер», «дүние жиғыштар», «бейімделгіштер», «шляпалар», «ашықауыздар», «қылымсушылар», «масылдар», «мизаятроптар», «қиялшылдар», «жаттампаздар». Оқушылардың бұл категориялары шынында да өздерінің рухани дамуында кейде тәрбиешілерді алаңдататындай тенденцияларды байқатып отырғанмен, мұғалімдердің педагогикалық назарынан жиірек тыс қалады.

Тәрбие процесінің ерекшелігі — оның аса ұзаққа созылатыны болып табылады. Тәрбие мектепке дейін басталады, мектептен кейін жалғасады және жалпы айтқанда өмір бойы созылады, өйткені өмір адамды әрдайым тәрбиелейді, тәрбиедегі жетпегенді жеткізе түседі немесе қайта тәрбиелейді.

Мектептегі тәрбие процесі,— уақыт жөнінен шектеулі және әзірге белгілі мөлшерде үзілмелі процесс екеніне қарамастан—жеткілікті дәрежеде ұзақ болып табылады және ол оқушының жеке бейнесі қалыптасуына күшті әрі анықтаушы ықпал жасайды.

Тәрбие процесінің ерекшелігі — оның комплекстілігі болып табылады. Оқытуда білімді меңгеруде және оқушының іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда оқу жоспарымен, программалармен қатаң шектелген белгілі кезектілік және жүйелілік орын алатыны белгілі. Тәрбие процесі басқаша өрбиді.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.

ГЛОССАРИЙ

ГЛОССАРИЙ- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың тусініктемесін беруге болады.Сонымен қатар глоссариде терминдер мен ұғымдардың түсүніктемесін беруге болады.





Қазақша


Орысша


Ағылшынша




Ақпарат

Информация

Information




Ақыл-ой

Ум

Wit




Әдіс

Метод

Method




Әлеумет

Общественность

Public




Бағдарлама

Программа

Program




Бағалау

Оценить

Apraiser




Бағдар

Направление

Direction,trend




Бақылау

Наблюдать

Ovserve,watch




Басқару

Управление

Managment




Білім

Обрaзование

Formation,education




Ғылым

Наука

Science







Дағды

Привычка

Habit




Даму

Развитиe

Development







Дамыту

Развивать

Develop




Дидактика

Дидактика

Didactics




Жетекшілік

Рукаводство

Managament,manual




Жіктеу

Классификация

Gategorization




Жүйе

Система

System




Зерттеу

Исследовать

Research




Заңдылық

Законность

Legality




Ерекшелік

Особенность

Particularity




Еңбек

Труд

Labour




Ереже

Правилo

Rule




Қалыптасу

Формироваться

Form




Қалыптастыру

Формировать

Form,shape




Қоғам

Общество







society

Қөзқарас

Взгляд

Glance,look







Құрылым

Структура

Structure







Компонент

Компонент

Component




Категория

Категория

Category




Мақсат

Цель

Purpose,aim




Міндет

Обязанность

Duty




Мәселе

Проблема

Problem




Мектеп

Школа

School




Мәдениет

Культура

Culture




Мұғалім

Учитель

Teacher




Процесс

Процесс

Proces




Принцип

Принцип

Principle




Оқыту

Обучать

Train,teach




Ой

Идея

Idea




Оқушы

Ученик

Pupil




Отбасы

Семья

Family




Оқулық

Учебник

Textbook




Тәрбие

Воспитание

Education,unbringing




Теория

Теория

Theory




Тәсіл

Прием

Accertance,recertion




Технология

Технология

Technology




Форма

Форма

Form,shape




Фактор

Фактор

Factor




Ынталандыру

Стимулировать

Stimulate




Іс-әрекет

Организовывать

Organize




Іс

Дело

Deal,affair




Іскерлік сараптау

Аттестация

Qualification,certification




Өнер

Искусство

Art




Ұғым

Понятие

Notion,concert




Ұжым

Коллектив

Group




Ұйымдастыру

Организовать

Organizing




Ұстаз

Педагог

Teacher




7.ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Теориялық білімді меңгеру бойынша методикалық нұсқау

Кәсіби педагогика пәні басты ғылымдар түріне жатады. Сондықтан бұл пәнді меңгеру ішін бұл пәндердегі кейбір теорияларды,формулаларды,есептер шығаруды,оларға анализ жасауды білу қажет.Мысалы,ықтималдық теориясы,орта шама,өсіңкілік,т.б.



Дәріс – оқытушының ауызша баяндауы,конспект түрінде материалды жеткізетін оқу нысаны.Дәріс арқылы құқықтық статистика пәнінің негізгі мәселелерімен танысады.

Дәріс жазу барысында студенттер статус,вариация,статистикалық жиынтық,т.б терминдерді бөліп көрсетіп, түрлі сөздіктерден толық мағынасын табуға болады.

Пәнді меңгеруді жеңілдету үшін студенттер мынадай терминдерді білген жөн.


Практикалық,семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау

Семинар сабағында студенттер алдын ала берілген тапсырмаларға даярланып есеп береді, оған талдау жасайды.

Семинар мазмұны:
1 семинар.

Тақырып: Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру.

"Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі


«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.


2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.


Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.


Әдебиет:

  1. «Қазақ тілі» журналы.2006ж.

  2. «Қазақстан ұстаздары» 2007ж.

  3. әдістерінің жаңа тәсілдері.

2 семинар.



Тақырып: Біздің жоғарғы класс оқушыларының ынта-ықыластарының ауқымы кең. Олар бәрімен: саясатпен де, ғылыммен де, техникамен де, спортпен де, көркем өнермен де, әдебиетпен де шуғылданады. Оқушылар кейде мұғалімге сондай қиын сұрақтар қояды, оларға тіпті мамандар да жауап бере алмай қалады.

Достықтың берік болуы үшін ішкі себептердің — досына өзінің ішкі дүниесін, кітап оқудың мол әсерлердің, көптеген мүдделердің пайда болуымен байланысты қиындықтарды бастан кешіргенін, кітаптар оқуға, әсерлер мен кездесулердің көптігіне байланысты және тағы басқаларды толық та тереңінен ашып түсіндіруге ұмтылуының шешуші маңызы бар.

Бастауыш мектеп оқушысына дос бірге ойнау, сабақтан кейін бірігіп бірдеңе істеу үшін керек. Егерде жоғарғы класс оқушысынан дос не үшін керек? деп сұрай қалса, онда ол шамамен былай жауап берер еді: пікірлесіп, бастан кешкенін ортаға салу, шын ниетіңмен сырласып, қандай да болсын толғантқан мәселелерді немесе өмірлік проблемаларды талқылау үшін досың болу керек.

Жалпылай алғанда тәрбиешілерге де, ата-аналарға да сүйіспеншілік пен достық тақырыптарына жоғарғы класс оқушыларымен батыл сөйлесіп, оларды жарасымды қарым-қатынаска үйретіп, болашақта өздерін семья құруға әзірлеуі керек. Әрине, бұл әңгімелердің барлығы жоғарғы класс оқушыларында өз мұғаліміне және ата-анасына деген сыйласу мен сенім бар болған кезде және олардың өздері оқушылар үшін өнегелі және беделді бола алған жағдайда ғана мүмкін болмақ.

Мектеп оқушыларының жоғарғы жасы — бұл адам өміріндегі өте жарқын, жалындаған және жауапты кезеңі. К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Жас өспірімдік жалын атқан отта адамның мінез-құлқы құйылып, сомдалады. Міне, сондықтан да бұл отты сөндіруге де, одан қорқуға да болмайды, оған қоғам үшін қауіпті нәрсе деп қарауға да, оның еркін жануына жол бермеуге де болмайды, тек осы уақытта жас өспірімнің жанына құйылып жатқан материалдың жақсы сапада болуына қамқорлық жасау керек.

Бірақ біздің тәрбиеленушілеріміздің жанына әрқашан да «жақсы сападағы материал құйыла ма?» Әрине, мектеп оқушыларды табанды моральдық сенімге тәрбиелеуге, оларға игілікті ойларды, жарқын ұмтылысты жеткізуге, оларды өмірге практикалық және адамгершілік жағынан әзірлеуге тырысады.



Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
3 семинар.

Тақырып: Буржуазиялық мектептегі еңбек тәрбиесі.

Еңбек тәрбиесі проблемаларымен буржуазиялық мектеп те шұғылданады. Алайда, жоғарыда аталып өткендей, мұнда еңбек адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде де, барлық оқушыларды өмірге даярлаудың құралы ретінде де алынып қаралмайды.

Мұнда еңбек сабағы, негізінен алғанда, мектепті бітіргеннен кейін білім алуды жалғастыруға есеп жасамайтындарға арналады. Негізінен еңбекшілердің балалары оқитын толып жатқан жалпы білім беретін мектептерде көбінесе ағаш пен металды өңдеу, кейде мамандандырылған тәуір жабдықталған оқу шеберханалары да болады.
2. Еңбек сабағы тар практикалық сипатта болады. Еңбекте материалдық жағынан ынталы болу көтермеленеді. Мәселен, материалдын кұнын төлеу жағдайларында жаппай ағылшын мектептерінің окушыларына өздері жасап шығарған заттарды үйіне алып кетуге рұқсат етіледі.

Өндіріс процестерінің принциптерін саналы түрде игеруге тірек жасалмайды. Автоматтандырылған дағдыларға практика жүзінде оқытуға бағытталған методтар еңбек сабағының методикасында жетекші орын алады. Дағдыларға үйретуде саналылық принципі минимумға дейін жеткізілген, мәселен, еңбек сабағының американдық методикасында оқушылар тиісті табиғи дәйектілікке сай келетін, болып жатқап барлық өндірістік процестік мән-жайын қамтуға мүмкіндік беретіп операцияларды логикалық дәйектілікте игермейді, қиыншылыктардан қашу ретінде игереді. Мысалы, алдымен дағдыларды қалыптастыруға уақытты анағұрлым көп жұмсайтын, неғұрлым еңбекті көп керек ететін операциялар, ал содан кейін неғұрлым жеңілдері игеріледі.

Мұнда теориялық білімдер минимальды көлемде беріледі. Әрине, еңбек сабағының ғылым негіздерімен байланысы туралы сез де болмайды. Тезірек, керісінше, еңбекшілердің балаларына арналған жалпы білім беретін мектептердегі ғылым негіздері практика мақсаттарына бағындырылу дәрежесі соншама, бұл маңыздылықты дамытатын өзінің жалпы білімдік мәнін жоғалта отырып, жалан сырдандық қалыпқа ие болады. Американ мектептерінде, мәселен, оқушылар математиканың, химияның немесе физиканың жалпы курстарының орнына үй шаруашылығының арифметикасын, автомобилистің механикасын, тұрмыс химиясын т.б. оқи алады.

Мұнда буржуазиялық мұраттарға сәйкес әйелдердің қызмет сферасы ас үй және семьяға қызмет етумен шектеледі, болашақ үй иесінің әйелдің, ананын роліне келіп соғатын қыз балаларды дайындаудың негізгі құралы ретінде үй шаруашылығы сабақтарына көп көңіл бөлінеді. Жеке мектептерде үй шаруашылығынық элементтері ұл балаларға да берілетіндігіне қарамастан, негізінен алғанда, үй шаруашылығы ісіне қыз балалар үйретіледі.

Осы заманғы мектептердің көпшілігінде (көпшілікке арналған және артықшылығы барлары да) үй шаруашылық ісінің сабақтары жақсы жолға қойылған.
3. Мектеп беретін кәсіптік және жартылай кәсіптік сабақка болашақта бір үзім нанды қамтамасыз етудің құралы ретінде мамандыққа тар жеке бастың мүдделілігі болуын окушылардың бойына қалыптастыруға баса назар аударылады.

Бұл өнеркәсіпті жартылай маманданған жұмысшы кадрларымен қамтамасыз ету мүдделерін ғана емес (конкуренция мен жаппай жұмыссыздық жағдайларында мұнда мәселе осылайша қойылмайды), сондай-ақ еңбекшілердін балаларын білімнің неғұрлым жоғары сатылары туралы ойдан аулақтап, оларды тезірек еңбек ақы табу туралы пікірге ынтыларын бағыттау мақсатын кездейді.

Буржуазиялық елдердегі кейбір прогресшіл педагогтар бұл неғұрлым политехникалық және дамып өркендеп отыратын болуға тиіс ден санап, еңбек сабағына деген тар практицизм мен іскі аяқтықпен қарауға қарсы наразылық көрсетуге тырысады. АҚШ-та, мәселен, бұл индустриялдық өнер (industrial arts) дейтінді жақтаушылардын мектепті мамандандыруды жақтаушыларға қарсы күресі саналады. Алайда, үстемдік етуші буржуазиялық көпшілік мектебінде кәсіптік көзқарас, орта мектепте жалпы білімді шолтитуға ұмтылу және оны еңбектік-практикалық әзірлікпен алмастыру болып табылады.
4. Неғұрлым сүбелі болып келетін жалпы техникалық әзірлік беретін және окушылар неғұрлым жоғары техникалық дәреже мен мамандық кәсіптеріне үйретілетін орта мектептін техникалық бөлімшелері немесе дербес техникалық орта мектептер (мәселен, Англияда, Канадада) ерекше жағдайларға қойылған.

Бұлардың кепшілігінде жақсы осы заманғы техникалық жабдықтар бар, өндірістік окудың бірқатар қызықты методтары мен тиімді әдістері қолданылады.

Алайда, бұл мектепте жалпы және тіпті арнаулы білім дәрежесі жағынан, профилі жағынан өздері сай келетін біздін орта, арнаулы техникалық оқу орындарымыздан әлде қайда төмен жатыр.
5. Буржуазиялық көпшілік мектептегі еқбек тәрбиесінің ен, бір өзіне тән және анықтаушы сипаты оқушылардың бойында оптимизмнің, өз басының күшіне, өзінік бейімдіктері, мүдделері мен тілектеріне сәйкес болашақта еңбек ету мүмкіндігіне сенімінің жоктығы болып табылады. Осының нәтижесінде оқушылардың жоспарлары мен талаптарында шалқыған шабыт болмайды. Пессимизм, өзінің болашағы қақында кайсыбір түнілу сезімі байқалады. Мұның басты қайнар көзі, әрине, білімді жалғастыру немесе қалаған мамандығын алу үшін финанс мүмкіндіктерініқ жоқтығы болып саналады. Алайда, окушылардың - еңбекшілер семьялары өкілдерінің алдында өмір жолын анықтау мүмкіндігін тарылта түсуге тырысатын және бұл үшін сенімнің оқыту дифференциясынын барлық құралдарын және арнаулы ғылыми аппарат - жоғарыда талданған тестеу системасын пайдаланатын белгілі бір мектептің педагогикалық ықпал етуі де зор рол атқарады.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.
4 семинар.

Тақырып: Педагогтық талант, шеберлік, бейімділік.

Балаларға деген талап қойғыш әділ сүйіспеншілік, олардың өміріне ынта-ықылас қою мұғалім мамандығын тандап алуды алдын ала айқындап беретін сапалар екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Балаларға деген осындай сүйіспеншілік және олармен жұмыс істеуге ынта-ықылас болмайынша нағыз муғалім болуға болмайды, сондай-ақ педагогикалық шеберлікті шындап меңгеруге де болмайды.

Педагогика институттарында болашақ мұғалім ғылыми материалистік дүние танымын және идеялық сенімділігін қалыптастыратын коғамдық-саяси пәндер циклін оқып үйренеді.

Кластан тыс жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының табысты болуы мен нәтижелілігі мүғалімнін өзінін саяси сауаттылығына және идеялылығына да бүтіндей байланысты екені айдан айқын.

Мұғалімнің идеялылығы оның қоғамдық белсенділігінен де, оның ата-аналармен, халық арасында жүргізетін жұмысынан да көрініс табады.

Мұғалім шеберлігінің негізінде сондай-ак оның өз пәнін және оны оқыту методикасын терең білуі де жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана окушылардың білімге деген ынтасын туғызып, мұғалімге және оның талаптарына кұрметпен карата алады. Оқушылар мұғалімнің нашар білетінін, оның сабақ бере алмайтынын ешқашан кешірмейді. Әлбетте, мұның орнын ешнәрсемен толтыруға болмас.

Өз пәнін жаксы білу ушін қөп әрі үнемі оқу керек, өз білімдерін үнемі толықтырып отыру керек.

Мұғалімнің өзі оқушыларға программа бойынша не беруі керек екенін ғана біліп, оларға бұл программадан тыс қосымша ешкандай білім бере алмайтын болса, окып үйреніп отырған материалға байланысты оқушылардың толып жатқан, тосыннан койылған сұрактарына жауап бере алмайтын болса, мұғалім ешқашан шебер бола алмайды, өз пәніне оқушыларды ешқашан қызықтыра алмайды. Ал екінің бірінде оқушылар телевизия және радио хабарларынан, алуан түрлі ғылымм-көпшілік әдебиетті оқудан және баска көздерден алған ғылымнын қайсыбір саласынан тиянақты білімі бар екенін анғартады.

Жақсы мұғалім әрдайым программа бойьшша оқушыларға беруге керек болатынынан әлдекайда көп біледі, негіздерін өзі оқытатын ғылымның күрделі мәселелерін еркін ажырата біледі. Сонымен бірге ол өзінін ғылыми білімдерін әдетте педагогикалық ой елегінен өткізуге, сөйтіп, окулық пен программа материалын әлгі білімдермен толықтырып отыруға ұмтылады.

Осымын бәрі ең алдымен сабақ өткізу өнерін меңгеру, сабақтың мазмұнын байыту үшін керек. Мол білім мүғалімге оқытуда әр балаға жеке қарау принципін жүзеге асыруға, жеке тапсырмалар беруге, косымша әдебиет оқуға, т. б. кенес беруге, оқушылардын баяндамалар мен хабарламаларға дербес творчестволықпен дайындалуын, макеттер, кестелер және баска көрнекі құралдар дайындауын керек ететін жұмыстың неғұрлым икемді және қызғылықты формаларын пайдалануға көмектеседі.

Өз пәнін терең білу факультативтік сабақтарды өткізу, окушылардың қатысуымен кластан тыс түрлі жұмыстар (үйірмелер, тақырыптық кештер мен жиындар т. с.) жүргізу үшін де керек. Окушылар білімпаз мұғалімді, өз ісінің маманын, өз пәнін білетін әрі тереңдете зерттей жүретін мұғалімді әрдайым өте жоғары бағалайды. Окушылар мұғалімнің білімі мен сол білімді өздеріне жеткізіп бере алуын ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге ең алдымен мұғалімнін өз пәніне деген көзкарасын, ол пәнге деен ынта-ықыласын оқушыларға жеткізіп бергісі келетіні және жеткізіп бере алатынын жоғары бағалайды.

Өзі оқытатын пәнді жақсы әрі тереңірек меңгеру үшін жақсы мұғалім өз саласындағы жаңа ғылыми әдебиетпен танысады, бұл ғылымның шетелдегі дамуын қадағалайды (ең болмағанда рефераттарды және библиографиялық информацияның баска да деректемелерін оқу арқылы). Ол негізгі методикалық әдебиетті біледі, окытудың жаңа методтары мен әдістерінің талдап жасалуын қадағалайды, өз пәні бойынша ғылыми-методологиялық журналдарды (мәселен, «Физика в школе», «Русский язык в школе» т. б. сияқты) мұқият оқып отырады.

Жақсы мұғалім өз мектебіндегі және басқа мектептердегі сол пәнді оқытатын басқа мұғалімдердің сабақтарына әрдайым қатысып отыруға тырысады, мұнда олардың жұмысына зер сала отырып, ол оқытудың неғұрлым пәрменді методтары мен әдістерін меңгеріп, үйренеді.

Кластан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін мұғалім эрудициясының маңызы одан да зор мұнда мұғалімнің ынта қояр білімдері мен ой-өрісінің кеңдігі онық окушыларға кызғылықты істер ойлап табуына көмектеседі, Окушылардың әлгі істерді орындаған кезінде оларға сөзімен де, ісімен де пәрменді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Көп оқитын, көп білетін, жаңалық атаулының бәріне ынта коятын, кызғылыкты сан салалы мәдени тұрмыс кұратын, ынта-ыкыласының ауқымы өз пәндерімен ғана шектелмейтін мұғалімдердің көбінесе таңдаулы класс жетекшілері мен тәрбиешілер болып жүрген тегін емес.

Егер мұғалім өз пәнінін үстіне қайсыбір мәселемен терең әрі мықтап шуғылданса, онысы тіпгі жақсы. Мұның өзі оқушыларды әрдайым өзіне тартып, олардың көз алдында мұғалімнің беделін көтереді.

Мұғалім меңгерген еңбектегі іскерлігі мен дағдысының ерекше зор маңызы бар. Мұғалімнің өз басының өнегесінің окушыларды еңбекке тарту үшін, олардың мектепте және үйде пайдалы іспен шұғылдануға ынтасын туғызу үшін зор маңызы бар.

Жақсы шебер мұғалім дегеніміз — баланың психологиясын, балалардың жас ерекшеліктерін және тіпті әрбір баланы жеке-жеке жақсы білетін ойлы, байкағыш психолог.

Оқушылар өздерінің қалай тұратынын мұғалімнің сұрап біліп жүргенін, олармен әңгімелесетін, оларды сыйлайтынын, олармен есептесетінін оларға сенетінін катты бағалайды. Бұл сапарлар оқу сабақтарының үстіндегі мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасауынанда көрінеді, бірақ бәрінен де бұрын кластан тыс кездегі жұмыста, сабақтан тыс уақытта олармен араласканда айқн ашылады.

Сондықан әдетте балаға ең жакын тұратын адам мұғалім — класс жетекшісі: оның балаларды сабақтан тыс, мектептен тыс кезде танып білуі, оларды үйдегі жағдайда көруі үшін мүмкіндіктері мен құралдары әлдеқайда көп. Алайда, бірнеше класқа сабақ беретін кез келген мұғалім оқушыларға жақын жүруге тиіс. Ол балалармен үзіліс кездерінде араласа алады, оларды өз пәнін тереңірек оқып үйрену жөніндегі жұмыска тартып, өзі сабақ беретін ғылыми білімдер негіздері саласында қосымша жұмыс істеуге ынталандыра алады, оларды өз пәні бойынша құралдар дайындауға тарта алады.

Балалармен бұлайша араласу мұғалімді балаларға неғұрлым етене жақын етеді, олардың мұғалімге деген сенімі мен құрметін күшейте түседі.

Балалар мұғалімнің әділдігі мен адалдығын, сөзінде тұра алатынын, уәдесін орындайтынын өте бағалайды. Шебер мүғалім мұны әрдайым есінде сақтайды да, өз сөздеріне — мейлі аяғына жеткізуге тиіс болатын талап па, орындауға тиіс болатын қорқыту ма, сұраққа жауап беремін, қайсыбір кызғылықты нәрсені әкелемін немесе көрсетемін деген уәде ме, т. б. бәрібір — өте жауапкершілікпен қарайды.

Әділеттілік бәрінен де гөрі баға коюдан, көтермелеуден және жаза беруден, қоғамдық тапсырмаларды бөлу мен бағалаудан айқын көрінеді. Балалар әділетсіздік атаулыны өте сезгіш келеді. Ал әділетсіздіктің көзі екінің бірінде балаларды, олардың тұрмыс жағдайларын, белгілі бір тәртіпсіздіктің шығуына себеп болған жағдайларды нашар білуден болады.

Педагогикалық әдеп — мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.

Мұғалім, сахнадағы актер сияқты, әрқашан көрермен-оқушылардың көз алдында жүреді, ал баланың көзі бәрін тез байқайды. Тәрбие жұмысының табыска жетуі ғана емес, сонымен бірге оқу материалын меңгеру де мұғалімнің костюміндегі немесе таранып жүруіндегі қайсыбір жәйттің оқушылардың көңілін бөлер-бөлмесіне, оларға қайсыбір нәрсенің күлкілі, орынсыз, сорақы сияқты болып көрінуіне көбіне-көп байланысты болмақ.

Жас мұғалімнің педагогикалық шеберлікті меңгеруінің негізгі жолдары мен құралдары, міне, осылар. Сөз жоқ, мұғалімнің шеберленуіне көмектесе алатын басқа да толып жаткан құралдар, әдістер мен методтар бар. Оларды меңгерудін ең жақсы жолы — шебер мұғалімдердің, жұмыстағы үлкен, неғұрлым тәжірибелі жолдастарының творчестволық лабораториясы мен педагогикалык еңбектің технологиясын зерттеп үйрену.



Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.
5 семинар.

Тақырып: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар.(7-11 жас) Тәрбие беру объектісі — өсіп-жетіліп келе жатқан жеке адам. Жеті жастағы бірінші класс оқушысы мен орта мектепті бітіргелі тұрған, сыр-сипа

ты, мінез-құлқы қалыптасып қалған, дүние танымы, өмірге деген және өмірден алар өз орнына деген көзқарасы айқындалып қалған он жеті-он сегіз жасар жас өспірім балалар мен қыздардын араларында үлкен айырмашылықтар бар. Мектепте оқу кезеңі — адамның өміріндегі бүтіндей бір дәуір. Ол дәуір аса қажетті де елеулі дәуір. Өйткені бұл оның адам бола бастау кезеңі.

Мектептің, бастауыш, орталау және жоғарғы кластары жасындағы оқушылардың бұл өсіп-жетілу дәрежесі аралығында елеулі айырмашы-лықтар бар. Ол айырмашылықтар балалардың өсіп-жетілуіндегі кейбір жалпы белгілерінің, бар екенін сипаттайтын жас кезеңдерін оқшаулап көрсетуге мүмкіндік береді.

2. Екінші жағынан, жастары бірдей әр түрлі оқушының өсіп-жетілуі бір қалыпты болып өтпейді. Олардың біреулері — ұзын бойлы, шегедей мықты, дендері сау, енді біреулері — нәзік, ілмиген арық, аласа бойлы. Біреулері материалдың мазмұнын сәтте қағып алса, басқа біреулері,— материал тіпті алғашқысы үшін де, соңғысы үшін де бірдей үлгірілетін бола тұрса да,— соңғысының ойланып-толғануына және үлгіруіне біраз уақыт керек. Басқаша айтқанда, оқушылардың, жастары бірдейлігіне қарамастан, елеулі дара айырмашылықтары жиі кездесіп тұрады.

Оқушылардың осындай жеке-дара айырмашылықтары өте байқалғыш. Олар оқушылардың, тек өз тұрғысында не олардың сабақта аңға-рымдылығында ғана емес, сондай-ақ әр түрлі реакцияның балаларға тиетін барлық сыртқы ықпалдарының бүтіндей жиынтығында да көрінеді.

Бұл айырмашылықтардың шығатын көзі тіпті әр қилы: мұнда тұқым қуалаушылықтың да, жоғары нерв қызметінің ерекшеліктерінің де және барлық психикалық процестердің де ықпалы бар. Керек десе, орта мен тәрбиенің ықпалының бірдейлігі де түрлі оқушыға әр түрлі әсер етеді, өйткені ол оларға іштей ортақ ықпалын түрліше жүргізеді.

Жастары бірдей ер балалар мен қыздардың денелері мен ақыл-ойларының өсіп-жетілу ауқымдарының айырмашылықтары кейде тіпті ала-бөтен көрініп тұрады. Сондықтан да тек ер балаларға немесе қыздарға тән өсіп-жетілу мен қылықтардың белгілі айырмашылықтарын даралап көрсетіп отыруға тура келеді.

Кішкентай балалардың ортақ жас ерекшеліктері ерен көрініп тұратыны атап айтылуға тиіс.

Баланың өсуі мен дамып, жетілу барысына қарай, оның көбінесе дара басының сыр-сипат белгілері білініп, ерекшелене бастайды. Ол ерекшелік барлық бірден жастағылар тобын емес, тек сол сәбиді, сол баланы немесе қыз баланы сипаттайды. Бірақ, солай бола тұрғанымен, үлкенірек жастағы балалар мен қыздар тобынан жалпы жастық ерекшеліктерін тауып, даралап көрсетуге болады.

3. Егерде жастары бірдей балалар әр түрлі жағдайда және түрліше тәрбиеленген болса, онда олардың жас ерекшеліктері де әр түрлі болып көрінеді.

Ең алдымен, әр түрлі тарихи дәуірде олардың жеке бастарының дене және психикалық қасиеті мен сапасының өсіп-жетілу сатысы мен екпінінде айырмашылықтар болатыны атап көрсетілуге тиіс.

Бүкіл дүние жүзіндегі физиологтар, психологтар мен антропологтар, ғылым мен техниканың, тасқындап өсуіне, жаппай коммуникациялық құралдардын дамуына және басқа да әлеуметтік ыкпалдарға байланысты адамның — акселерацияның физиологиялық дамуының шап-шаңдауы байқалатынын атап көрсетуде.

да тәрбиеленген болса, олардың жалпы денелерінің өсіп-жетілуі бірдей болмайды. Олардың, өсіп-жетілуі тамақтануға, киім киюге, санитарлық-тұрмыс жағдайларына және т. б. тәуелді болады.

0қушы балалардың өсіп-жетілуіндегі әр түрлі тәрбиелік және әлеуметтік ықпалдарға ұшырайтын ерекшеліктеріне байланысты басқа да барлық айырмашылықтарына қарамастан, олардың негізгі жастық топтары үшін едәуір жоғары сатыда қорытындылауымен, атап айтқан-да, тек сол жас тобындағы балаларды сипаттайтын кейбір жалпы ерекшеліктерін даралап көрсетуге болады. Белгілі бір әлеуметтік бірдей жағдайда өсіп-жетіліп келе жатқан балалар туралы тек бір ғана шек қойып айтқан жөн.

Жеке жастық топтардың аралықтарына нағыз дәл шек қою өте қиын нәрсе екені түсінікті де, жас аралықтарында қандай да болмасын бір тосқауыл жоқ және болуы да мүмкін емес, балалар біртіндеп өсіп жетіледі.

Педагогика тарихы мынаны көрсетіп отыр. Әр түрлі дәуірде өмір сүрген және оқыту мен тәрбие беруде өз жүйелерін ұсынған түрлі педагогтар балаларды түрліше жастар кезеңдеріне бөлуді ұсынған болатын. Мұнда олар өздері ұсынып отырған жас топтарына бөлу қажеттігіне дәлелдерін келтіреді. Бұл кезеңдерге бөлу, әдетте, соны ұсынып отырған әрбір педагогтардың (Я. А. Коменский, Ж- Ж- Руссо және көптеген басқалар) оқыту жүйесіне сәйкес келіп отырды. Бұл барынша заңды сәйкестік еді.

Жасты психикалық кезеңге бөлу өзінің негізгі білігімен педагогикалық кезеңге бөлуге дәл келмеуі мүмкін емес. Ол мектепте окытудың барлық мерзімінде жүргізілетін тәрбиелеудің және оқытудың барысындағы әр түрлі жағдайды кезеңдерге бөлуге негіз салады.

Бастауыш мектеп шәкірттерінің жасы балалардың өсіп-жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Бастауыш мектепті бітірген баланың I класқа тек жаңа ғана келіп түскен баладан айырмашылығы етене көрініп тұрады. Балалар мектепке балалар бақшасында немесе семьяда бастауыш тәрбие алып келеді. Мектепке дейінгі тәрбиенің әр қилы жағдайы балалардың даму деңгейінен ала-бөле болып көрініп тұрады.

Сонымен, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың ерекшеліктері үйден келген балалардан аса өзгеше болады. Біріншілерінде коллективте жұмыс істеу дағдысы көп, балалар бақшасында балалармен бағдарлы мақсат көздей жүргізілген тәрбие жұмыстарының барысында, сондай-ақ ата-аналарынан, төңірегін қоршаған дүниемен тұңғыш кездесуден алған тіршілік дүниесі туралы аздап болса да түсініктері мен ұғымдары болады.

Тек жаңа ғана мектепке кірген жеті жасар балалардың денесінің және ақыл-ойының даму деңгейіне тән жастық жалпы сипат белгілерінің біразын оқшаулап көрсетуге болады.

Баланың жеті жасқа келген шағында өзінің туған қаласы туралы, тіпті туған өлкесінің басқа қалалары мен селолары туралы да қарапайым түсінігі болады.

Бастауыш мектептердегі мұғалімнің жұмысы өте қиын да жауапты. Өйткені бастапқы балалық әсер бүкіл өмірі бойына із қалдырады.

Кезеңнің нағыз аяғына бойы мен салмақтары бойынша қыздар балаларды бірсыпыра басып оза бастағанымен, балалардың денесі ай-тарлықтан бірдейлікпен өсіп-жетіле береді. Дене мен ақыл-ойдың жұмыс істеу қабілеті арта түседі. Бірақ дене немесе ақыл-ой еңбегі ұзаққа созылған жағдайда, оқушыларды әлі де шаршатады.

Бастауыш мектеп жасында әр жақты тәрбие беру және оқытудың ықпалымен балалардың, бірінші кезекте өнердің жеке түрлеріне — сурет салуға, музыкаға, биге деген талабы мен қабілеттілігі сыртқа теуіп ояна бастайды. Бұл жаста математикалық немесе лингвистикалық қабілеттілігін, тіпті жалпы қабілеттілігін анықтау мүмкіншілігі сирек кездеседі.

Коллективте бірі-бірімен тығыз қарым-қатынас жағдайына қойылған шәкірттер өмірінде достық пен жолдастық үлкен роль атқара бастайды. Бұл жаста жолдастық қарым-қатынас әлде қайда көбірек тараған.

Бастауыш кластардың мұғалімдері мен тәрбиешілері, әдетте балаларды өзара қарым-қатынаста болуға үйретуге, балалар арасында достық және жолдастық катынас орнауын қолдауға, класта назардан тыс жалғыз қалған бала болмауын бақылауға алуға барынша тырысып бағады. Мұғалім нағыз қарапайым кұралдарды: балаларды басқа партаға араластырып отырғызу, балаларға бірге орындайтын тапсырма беру, оларды науқас жолдастарына барып көңілін сұрауға жіберу, ал сауыққаннан кейін онымен бірге сабақ даярласуды сұрау және т. б. пайдалана отырып, жеке балалар арасындағы достықты байланыстыруға белсене ықпал жасай алады. Басқаша айтқанда, олардың өзара араласуына, жақындасуына жағдай жасайды.

Ал мұның өзі класта жақсы жағдай туғызуға ықпалын тигізеді, балалардың тату-тәтті коллективін құруға мүмкіншілік береді.

Бұл жаста балалармен достық пен жолдастық деген не, жақсы жолдас немесе нағыз дос дегендер кімдер дегендей дерексіз талқылаулар жасаудың қажеті жоқ.

Мұнан әрі мұғалім өз класын класс жетекшісінің және жеке пәндерді оқытатын мұғалімдердің қолына береді. Оқушы дамуының жаңа кезеңі басталады.

Жеткіншектік жаста дененің дамуына тән жалпы сипаттық ерекшеліктер болады. Ең алдымен ол — үдемелі қарқынмен өсу кезеңі. Мұнда қыздар 10 жастан кейін, ал әсіресе 11 — 12 жаста және шамамен 14—15 жасқа дейін бойынын өсуі жағынан балаларды басып озады, мұнан кейін қыздардың өсуі баяулайды да, 17—18 жасқа келгенде негізінен дерлік тоқталады.

Баланың қауырт өсуі кеш басталады — шамамен 13-тен басталып, 16-ға дейін өсе береді, онда олар қыздарды едәуір қуып жетіп, басып озады. Балалардың өсуі онан әрі жалғаса береді, шамамен 25 жасқа дейін өседі. Бірақ бұл кезенде—17-ден — 25 жасқа дейін олар 13 пен 16 жас арасындағы кезеңнен баяулау өседі.

Есейіп қалғандығын сезіну үлкендерге сырттай еліктеуге ұмтылудан — шашын қалай тарау, киімді қалай киюден барып шығады. Бұл кезең жалпы өзінің сыртқы көрінісіне көңіл аударудың басталуымен сипатталады. Қыздар да, балалар да өздерінің шаш қоюына баса назар аудара бастайды, өз бойларының тазалығын сақтап, сәнділігін бақылайды, тұла бойын әр түрлі қосымша әшекейлермен толықтырады (қыздарда — шарфтар, орамалдар, әдемі жағалар; балаларда — свитрлер немесе түймеленген арнаулы формалар және мен мұндалап көрініп тұратын ашық түсті көйлектер және т. 6).

Мұғалім оқушыларға, кейбір балалар тарапынан болатын ызаландырудың немесе келемежтеудің барлығына тыйым сала отырып, жасықтықты, жасқаншақтықты, жөнсіз ұялшақтықты және білуге үлкен көмек көрсете алады. Мұны ол көңілін сергексіту арқылы, мүмкіншілігі болған жағдайда оларды барлығының көзінше мақтай отырып, олардың табысын айтып және жақсы сапаларын атап көрсете отырып істей алады.)

Мұғалім оқушыларды шындығында нағыз адамдарға еліктеу рухында тәрбиелеуге тырысады, ондай адамдармен кездесуді ұйымдастырады, олар туралы әңгімелеп береді. Оның үстіне біздің өміріміз ондай мысалдардың талайын көрсетіп беріп отыр.

Мұнымен бірге мұғалім ұнамсыз «кейіпкерлерді» білгірлікпен көзге түрткендей көрсетіп, оқушылармен жеке-жеке әңгімелесу әдістерін 6ілуге тиіс.

6 семинар.



Тақырып: Оқыту процесінің екі жақты сипаты.

Оқыту, мұғалімнің ерекше бағдарлы мақсат көздейтін қызметі ретінде, оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық, творчествалық қабілеттілікпен қаруландыратын тәрбиенің бір тұтас маңызды бөлігі болып табылады.

Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың дидактика деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады.Дидиктика- бұл білім мен оқытудың теориясын жасап шығаратын педагогика саласы.дидактиканың негізгі проблемалары: оқыту процесінің, заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау т.б.

Дидактика тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай

шешілетінін көрсетеді.

Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте,

ақыл- ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың, білім алудың қалған басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан айырмашылығы, ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады.

Әрбір оқу пәнінің өзінің сипатты ерекшеліктері, өзінің заңдылықтары бар екені табиғи нәрсе. Олардың әрқайсысы оқытудың ерекше методтары мен ұйымдастырушылық түрлерін талап етеді.Білімнің, іскерлік пен дағдының өзара салмағы әр түрлі оқу пәндерінде бірдей емес.Әрбір нақты затты меңгеру үшін білімнің, іскелік пен дағдының маңызына, сондай- ақ ондағы бар айырмашылыққа қарамастан іскерліктің де, дағдының да пайда болу негізі білім болып табылады, сондықтан да оқыту процесі білімді меңгеруден басталуға тиіс.



Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.

1. Ж.Әбиев. Педагогика. Оқу құрал. –Алматы: Дарын,-2004ж. ISDN 9965-9396-1-6.

7 семинар.

Тақырып: Дидактика принциптері.

Педагогика мұғалімді бірталай принципті негізгі білімдермен қаруландырады. Принцитерді әдетте кейбір бастапқы қағидалар деп түсінеді, оларға қандай да бір қызметке сүену керек болады. Дидактика принципі, немесе оқыту принципі – бұл негізгі қағидалар. Олар барлық оқу пәндерін оқытудың барлық сатысында қолданатын нағыз жалпы қағидалар болып табылады.

Дидактикалық принципер оқушылардың таным қызметінің және оқыту мақсатының заңдылықтарымен тығыз байланыты.

Оқытудың көрнекілік принципі. Мұның өзінде көрнекілік деген аңғарып қарау тәрізді кеңінен түсіндіріледі және танымға барлық сезім органын қатыстыру көзделеді.

Сонымен қатар, оқушылардың оқудағы сналық және белсендігін принципті, түсініктілігі мен ауқымдылық, жүйелілік және бірізділік, білімді берік меңгеру, теориялық практикамен байланысып, оқытудың ғылымдық принципі деген сияқты дидактикалық көптеген принциптері кездеседі.

5.Солардың ішінде көрнекілік принципіне қысқаша түсінік беретін болсақ, көрнекілік принципі мұғалімнің әр түрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио-визуальдық, техникалық құралдарын, - кітаптар, карталар, таблицалар және басқа да ашық та бояулы оқу құралдарын пайдалануда өз көрінісін табады.

Көрнекілік принципі әрекетінің негізіне 1-ші сигнал системасының тітіркендіргіші жататын болса да, 2-ші сигнал системасы оның сигналына реттегіш ықпал жасайды.


Мектепте көрнекіліктің әр қилы түрлері пайдаланылады.
Жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілерімен таныстыруды көздейді.
Көлемдік көрнекілікте шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар.
Дыбыстық көрнекілікте дыбыстық бейнелерді және ең алдымен грампласикалармен дыбыс жазу, шығармалардан үзіндіні мәнерлеп оқу дыбыс құралдарын пайдалану ескеріледі.
Симваликалық және графикалық көрнекілігі обстракты ойлауды дамытуға әсер етеді.

Жаңа түсініктерді қалытастыру үшін қазірдің өзінде бар түсінктерді пайдалану шаралары ішкі және жанама түрдегі көрнекілікке сүйенеді.

Көрнекілік, жаңаны тану ретін де, ой немесе әңгімені елестету үшін де аңғарымдылығын дамыту үшін де материалды есте жақсы сақтау үшін де қолданылады.

Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.

8 семинар.



Тақырып: Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципі.

Түсініктілік пен шамаға лайықтылық принципін дұрыс ұғып,істе қолданудың оқушының ақыл-ойының жетілуі үшін аса үлкен маңызы бар.Бұл принцип оқушының жас ерекшеліктерін білумен тығыз байланысты және де оқу жоспарларымен программалрын жасаудың негізінде жатады.

Оқытудың жеңілдігі тек ойлау белсенділігін төмендетіп қана қоймай сонымен қатар оқуға деген ынтасын нашарлатады.Шамадан тыс қиындық табысқа жеткізбейді,ал табыстың болмауы өзіне-өзінің сенімін жояды,оқуға деген ықылас-талаьын мұқатады.Оқытудың шама-шарқына сай болуына тек таным белсенділігін дамытуға ықпал жасап қана қоймай сонымен бірге оқушылардың жалпы дамуын шапшаңдатуға әсерін тигізеді.Онда оқту мен даму арасында өзара тәуелділік пайда болады және сонымен бірге көтерілуіне ықпал жасайды.Шетелдердегі кейбір психологтар түсініктілік пен шамаға лайықтылық принципін оқытудың мазмұнына емес,тек оқыту методына ғана қолдану керек.

Қазіргі уақытта кейбір американдық ғалымдар мен педагогтар осы принциптер негізінде математика курстарые қайта құруды қолға алды және жаңа математика деп аталатын курсты құра бастады.Бұл курстарда ең кішкентай жастағы балаларды оқытуда күрделі абстрактылы ұғымдар енгізілуде.Алайда,оларды меңгеру бойынша жасалатын барлық әрекеттер ойын түрінде болып жүр.Бұл эксперименттердің нәтижесінің айқындығы әзірше жеткіліксіз болып табылады.

Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.

9 семинар.



Тақырып: Теорияның практикамен байланысының принципі.

Теорияның практикамен байланысының принципі тек принцип қана емес сонымен бірге біздің оқытуымызбен тәрбиелеуіміздің негізгі заңы.Сондықтан ол курстың барлық негізгі бөлімдері мен тақырыптарын өткен кезде көрінеді.Қазіргі уақытта теорияның практикамен байланысы принципі,оқытудың өмірмен байланысы мектептегі оқыту-тәрбие жұмыстарының барлық жақтарында барған сайын толығынан іске асырылуда.Ол теорияның білімді құрылыс практикасымен және оқушыларды өміоге дайындаумен байланыстыруды қамтамасыз ететін оқу пәндерін таңдап алуда көрінеді.

Теорияның практикамен байланысының принципі оқу шеберханаларындағы,тәжірибе алаңдарындағы және басқа да толып жатқан өндірісте немесе ауыл шаруашылығында тікелей жұмыс істеуді енгізетін оқытудың ұйымдық формаларында да көрінеді.Еңбектегі қызметіне іс жүзінде қатысқан жағдайда халық шаруашылығын практикалық міндеттериен байланысты сабақта меңгерген теориялық қағидалар барынша толық жүзеге асырылады.



Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.
10 семинар.

Тақырып: Оқу жоспарлары, программалары, оқулықтар.

Мектептерде өтілетін барлық пәндер беретін білімнің мазмұны мемлекеттік 3 документте көрсетілген: оқу жоспарында, оқу программаларында және оқулықтарда. Бұл документтер әрбір республика көлеміндегі сол көлеміндегі сол үлгіде барлық мектептер үшін міндетті болып табылады.

Мектептің оқу жоспары - әрбір республика үкіметі бекіткен мемлекеттік документ. Ол мектепте оқу үшін іріктеліп алынған оқу пәндерінің тізімдерін анықтайды, оларды оқылатын жылдары бойынша бөліп іріктейді, әрбір пәндерге берілетін сағат сандарын белгілейді және сол сағаттарды апталарға лайықтап бөледі.

Оқу пәндері – бұл мектепте үйретілетін тиісті ғылымның негізі.

Оның мазмұнына сол саладағы ғылыми білімнің ерекшелігі талап ететін негізгі білім іскерлік және дағды енеді.

Білімге әрбір ғылымның негізгі элеметнтері жатады: құбылыспен фактіні көрсететін ұғымдар жүйесі, олардың арасындағы заңдылық пен тәуелділікті көрсететін заңдармен формулалар, ұғымының тілдік құралы – терминдер, символдар және т.б. Оқу пәніндегі ғылыми білімдерді іріктеп алу түсініктілік пен қабілеттілік принципімен ғылыми мәнділік принципі тұрғысынан шешіледі.

Іскерлік пен дағдыға сай ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін талап етілетін ерекше дағдылар жатады.

Пәннің жалпы құрылымына негізделген әрбір ғылымның өзінің логикасы бар. Логика деген әрқашанғы бір орында қатып қалған және өзгермейтін нәрсе емес. Мұндай варианттар мүмкін болған жағдайда, оқу пәні үшін жүйелілік пен бір ізділік принципін сақтаған кезде, демек, пәннің ерекше педалогтік логикасына сәйкес келген кезде, түсініктілік пен шамаға лайықтылық принципке небіріне сәйкес келетін варианттар тіркеліп алынады.



Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.

11 семинар.



Тақырып: Жалпы мультимедиялық технологиялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет