Әне арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі / сала бойынша”


Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет. дәріс



бет3/8
Дата06.07.2018
өлшемі0,72 Mb.
#48140
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.


  1. дәріс.

Тақырып: Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесімен технологиясы. Жүйелік технологиялау- жалпы қоғамды ақпараттық бүтіндей және жекелеп алғанда білім беруді ақпараттандыруда қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Телеканалдық технологиялау оқушылар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Компьютерлік жүйемен жұмыс оқушылардың әлеуметтік қоғамның мүшесі болу қажеттілігін арттыра түседі.Білім беруде телекоммуникацияны қолдану оқу үрдісіне электронды поштаны енгізуден басталды. Электронды поштаны қолдану арқылы оқу үрдісіне арнайы жоспарланған және ұйымдастырылған болуы тиіс, себебі, оны сыныптық-сабақтық жүйеге сыйғызу өте күрделі. Сондай-ақ электронды поштаны үнемі әдіс болып табылады,себебі, компьютер қашықтан оқыту формасы кезінде оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс үшін кең қолданылады.

Оқытудың компьютерлік әдіс-тәсілдердің тиімділігінің бағасы әдетте дәстүрлі әдіс-тәсілдердіинновациялық әдістермен салыстыру арқылы беріледі. Оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері пәндік білімнің жеткілікті түрде игерілуін қамтамасыз етуге жол ашады. Инновациялық әдіс-тәсіл алдыңғы орынға оқыту үрдісінде әр оқушының жеке ойлауын дамытуды қояды.Егер инновациялық оқытудың әр кезеңінде оқушының жоғары белсенділік деңгейі сақталатын өзара іс-қимыл формасы басты рөл атқарады. Сонымен «Кешегі, бүгінгі және ертеңгі Қазақстандағы білім беру» әр ұстаздың тәжірибесінде деп өз ойымды аяқтағым келеді.



Әдебиет: 1. Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.

2. «Қазақ тілі» журналы.2006ж.

3. «Қазақстан ұстаздары» 2007ж

4 дәріс.



Тақырып: Мектеп мұғалімі.

Мектептегі тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруда мұғалім орсан зор атқарады. Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы едәуір дәрежеде мұғалімінің іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты болмақ. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі.

Мұғалім мамандығы — біздің елімізден ең ардақты әрі қадірлі мамандықтардың бірі. Партия мен үкімет мұғалімнің кызметіне орасан зор маңыз беріп, оның еңбек жағдайларына үнемі қамкорлық жасап отырады.

Біздің елімізде мұғалімнің қызметі үнемі көтермеленіп отырады.

Өмірінің көп жылын халық ағарту ісіне арнаған тандаулы мұғалімдерге одақтас немесе автономиялы республиканың еңбек сіңірген мұғалімі деген құрметті атақ беріледі.

Біздің елімізде партия мен үкіметтің мұғалімнің беделін көтеріп, материалдық жағдайын жақсартуға қамқорлығы және оның еңбегін барша жұрттың қадірлеуі мұғалімін жігерлендіріп демеп отырады, бірақ сонымен бірге оны көп нәрсеге міндеттейді де.

Қазіргі кезеңде —тәрбие беру және жаңа адамды қалыптастыру ісіне соншама зор маңыз беріліп отырғанда мұғалімнің ролі мен жауапткершілігі ерекше арта түседі

«Әрбір мұғалім өзінің күш-жігерін мынадай аса манызды міндеттерді шешуге: балаларды ғылым негіздерінің тиянақты білімдері мен қаруландыруға; олардың бойында жоғары саналылықты қалыптастыруға; жастарды өмірге, мамандықты саналы түрде тандап алуға, белсенді еңбек және қоғамдық өмірге әзірлеуге тиіс».

Әркім өз мүғалімдерін біледі және есінде сақтайды, ең алдымен тәжірибесі жок абыржыған сәбиге таяқша сызуды, ал сонан кейін әріптер мен

сөздер жазуды, оқып, санауды үйреткен, оның алдынан кітаптар мен білімдердін құпия да тамаша дүниесін ашқан өзінің тұңғыш мұғалімін біледі және есінде сақтап жүреді.

Бұдан кейін оқушының жолында көптеген мұғалімдер кездеседі. Олардың ішінде жақсы көретіндері де, жақсы кермейтіндері де, баланың жүрегіңде қайсыбір із қалдыратындары да, із қалдырмайтындары да болады.

Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бұл бас әріппен жазылатын мұғалім, оған сенгің келеді, ауыр минуттарда онымен ақылдасқың келеді. Бәлкім, әрбір адамның мектеп қабырғасында өткен өмірінде бейнесі көз алдында мәңгі-бақи сақталып қалған әлгіндей мұғаліммен кездескен де болар. Бәлкім, педагогика инстигутарының студенттері де сондан кездесулерді бастарынан еткізген болар, өйткені олардың көбі өз мамандығын таңдап алған себебі оларды өз өнегесімен еліктірген, олардың жүрегінде педагогикалық ізденістер мен творчество, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің игі ісіне қызмет ету отын лаулатқан «нағыз мұғалім» олардың жолында кездескен болар.



Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.

5 дәріс



Тақырып: Буржуазиялық мектептің мұғалімі.

Еңбек тәрбиесі проблемаларымен буржуазиялық мектеп те шұғылданады. Алайда, жоғарыда аталып өткендей, мұнда еңбек адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде де, барлық оқушыларды өмірге даярлаудың құралы ретінде де алынып қаралмайды.



а. Мұнда еңбек сабағы, негізінен алғанда, мектепті бітіргеннен кейін білім алуды жалғастыруға есеп жасамайтындарға арналады. Негізінен еңбекшілердің балалары оқитын толып жатқан жалпы білім беретін мектептерде көбінесе ағаш пен металды өңдеу, кейде мамандандырылған тәуір жабдықталған оқу шеберханалары да болады.

б. Еңбек сабағытар практикалық сипатта болады. Еңбекте материалдық жағынан ынталы болу көтермеленеді. Мәселен, материалдын кұнын төлеу жағдайларында жаппай ағылшын мектептерінің окушыларына өздері жасап шығарған заттарды үйіне алып кетуге рұқсат етіледі.

Өндіріс процестерінің принциптерін саналы түрде игеруге тірек жасалмайды. Автоматтандырылған дағдыларға практика жүзінде оқытуға бағытталған методтар еңбек сабағының методикасында жетекші орын алады. Дағдыларға үйретуде саналылық принципі минимумға дейін жеткізілген, мәселен, еңбек сабағының американдық методикасында оқушылар тиісті табиғи дәйектілікке сай келетін, болып жатқап барлық өндірістік процестік мән-жайын қамтуға мүмкіндік беретіп операцияларды логикалық дәйектілікте игермейді, қиыншылыктардан қашу ретінде игереді. Мысалы, алдымен дағдыларды қалыптастыруға уақытты анағұрлым көп жұмсайтын, неғұрлым еңбекті көп керек ететін операциялар, ал содан кейін неғұрлым жеңілдері игеріледі.

Мұнда теориялық білімдер минимальды көлемде беріледі. Әрине, еңбек сабағының ғылым негіздерімен байланысы туралы сез де болмайды. Тезірек, керісінше, еңбекшілердің балаларына арналған жалпы білім беретін мектептердегі ғылым негіздері практика мақсаттарына бағындырылу дәрежесі соншама, бұл маңыздылықты дамытатын өзінің жалпы білімдік мәнін жоғалта отырып, жалан сырдандық қалыпқа ие болады. Американ мектептерінде, мәселен, оқушылар математиканың, химияның немесе физиканың жалпы курстарының орнына үй шаруашылығының арифметикасын, автомобилистің механикасын, тұрмыс химиясын т.б. оқи алады.

Мұнда буржуазиялық мұраттарға сәйкес әйелдердің қызмет сферасы ас үй және семьяға қызмет етумен шектеледі, болашақ үй иесінің әйелдің, ананын роліне келіп соғатын қыз балаларды дайындаудың негізгі құралы ретінде үй шаруашылығы сабақтарына көп көңіл бөлінеді. Жеке мектептерде үй шаруашылығынық элементтері ұл балаларға да берілетіндігіне қарамастан, негізінен алғанда, үй шаруашылығы ісіне қыз балалар үйретіледі.

Осы заманғы мектептердің көпшілігінде (көпшілікке арналған және артықшылығы барлары да) үй шаруашылық ісінің сабақтары жақсы жолға қойылған.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.
6 дәріс

Тақырып: Орта мектеп жасындағы оқушылар.(11-15 жас) Егерде жастары бірдей балалар әр түрлі жағдайда және түрліше тәрбиеленген болса, онда олардың жас ерекшеліктері де әр түрлі болып көрінеді.

Ең алдымен, әр түрлі тарихи дәуірде олардың жеке бастарының дене және психикалық қасиеті мен сапасының өсіп-жетілу сатысы мен екпінінде айырмашылықтар болатыны атап көрсетілуге тиіс.

Бүкіл дүние жүзіндегі физиологтар, психологтар мен антропологтар, ғылым мен техниканың, тасқындап өсуіне, жаппай коммуникациялық құралдардын дамуына және басқа да әлеуметтік ыкпалдарға байланысты адамның — акселерацияның физиологиялық дамуының шап-шаңдауы байқалатынын атап көрсетуде.

да тәрбиеленген болса, олардың жалпы денелерінің өсіп-жетілуі бірдей болмайды. Олардың, өсіп-жетілуі тамақтануға, киім киюге, санитарлық-тұрмыс жағдайларына және т. б. тәуелді болады.

0қушы балалардың өсіп-жетілуіндегі әр түрлі тәрбиелік және әлеуметтік ықпалдарға ұшырайтын ерекшеліктеріне байланысты басқа да барлық айырмашылықтарына қарамастан, олардың негізгі жастық топтары үшін едәуір жоғары сатыда қорытындылауымен, атап айтқан-да, тек сол жас тобындағы балаларды сипаттайтын кейбір жалпы ерекшеліктерін даралап көрсетуге болады. Белгілі бір әлеуметтік бірдей жағдайда өсіп-жетіліп келе жатқан балалар туралы тек бір ғана шек қойып айтқан жөн.

Жеке жастық топтардың аралықтарына нағыз дәл шек қою өте қиын нәрсе екені түсінікті де, жас аралықтарында қандай да болмасын бір тосқауыл жоқ және болуы да мүмкін емес, балалар біртіндеп өсіп жетіледі.

Педагогика тарихы мынаны көрсетіп отыр. Әр түрлі дәуірде өмір сүрген және оқыту мен тәрбие беруде өз жүйелерін ұсынған түрлі педагогтар балаларды түрліше жастар кезеңдеріне бөлуді ұсынған болатын. Мұнда олар өздері ұсынып отырған жас топтарына бөлу қажеттігіне дәлелдерін келтіреді. Бұл кезеңдерге бөлу, әдетте, соны ұсынып отырған әрбір педагогтардың (Я. А. Коменский, Ж- Ж- Руссо және көптеген басқалар) оқыту жүйесіне сәйкес келіп отырды. Бұл барынша заңды сәйкестік еді.

Жасты психикалық кезеңге бөлу өзінің негізгі білігімен педагогикалық кезеңге бөлуге дәл келмеуі мүмкін емес. Ол мектепте окытудың барлық мерзімінде жүргізілетін тәрбиелеудің және оқытудың барысындағы әр түрлі жағдайды кезеңдерге бөлуге негіз салады.

Бастауыш мектеп шәкірттерінің жасы балалардың өсіп-жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Бастауыш мектепті бітірген баланың I класқа тек жаңа ғана келіп түскен баладан айырмашылығы етене көрініп тұрады. Балалар мектепке балалар бақшасында немесе семьяда бастауыш тәрбие алып келеді. Мектепке дейінгі тәрбиенің әр қилы жағдайы балалардың даму деңгейінен ала-бөле болып көрініп тұрады.

Сонымен, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың ерекшеліктері үйден келген балалардан аса өзгеше болады. Біріншілерінде коллективте жұмыс істеу дағдысы көп, балалар бақшасында балалармен бағдарлы мақсат көздей жүргізілген тәрбие жұмыстарының барысында, сондай-ақ ата-аналарынан, төңірегін қоршаған дүниемен тұңғыш кездесуден алған тіршілік дүниесі туралы аздап болса да түсініктері мен ұғымдары болады.

Тек жаңа ғана мектепке кірген жеті жасар балалардың денесінің және ақыл-ойының даму деңгейіне тән жастық жалпы сипат белгілерінің біразын оқшаулап көрсетуге болады.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика.»Мектеп»1977ж./440бет.
7 дәріс

Тақырып: Оқу-таным процесі іспетті.

Оқыту процесінің теориясы оқыту процесінің екі жақтылығын мойындаудан шығады. Оқу – адамның жеке басы танымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені таниды. Адамдардың таным қызметінде елеулі айырмашылықтар бар.

Зерттеуші - ғалымдар объективті жаңаны таниды, демек барлық адамдар үшін жаңаны, әлі де танылмағандарды таниды.

Оқушы болса, жақаны тани отырып, ең тура, қысқа жолмен жүреді. Оқушы ғылымды ғылымдардың қалай ашып және жасап шығарған қалпында емес, оқу пәні түрінде ғана таниды. Кез келген адамның танымдық қызметі, оның нені танығанына қарамастан, сол бір ғана таным заңдылықтары бойынша болады. Таным қызметінің мативтеріндегі айырмашылық ғылыми және шәкірттік толымдардың салыстырмалылығына барынша елеулі ықпал жасайды. Нағыз танымдық процеспен байланысты педагогтық тұрғыдағы мотивтер ең бағалы мотивтер болып табылады. Мұның барлығы оқушылардың таным қызметіне дем беруші мотивтердің бар екндігін көрсететін оқу процесі ұйымдастырушы ретінде мұғалімнің күші мен елеулі бөлігі оқушылардың оқуға деген ынтасы мен ұмтылысын оятуға, олардың танымдық белсенділігін туғызуға бағытталуға тиіс.



Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
8 дәріс

Тақырып: Көрнекілік принциптері. Оқытудың көрнекілік принципі. Мұның өзінде көрнекілік деген аңғарып қарау тәрізді кеңінен түсіндіріледі және танымға барлық сезім органын қатыстыру көзделеді.

Сонымен қатар, оқушылардың оқудағы сналық және белсендігін принципті, түсініктілігі мен ауқымдылық, жүйелілік және бірізділік, білімді берік меңгеру, теориялық практикамен байланысып, оқытудың ғылымдық принципі деген сияқты дидактикалық көптеген принциптері кездеседі.

5.Солардың ішінде көрнекілік принципіне қысқаша түсінік беретін болсақ, көрнекілік принципі мұғалімнің әр түрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио-визуальдық, техникалық құралдарын, - кітаптар, карталар, таблицалар және басқа да ашық та бояулы оқу құралдарын пайдалануда өз көрінісін табады.

Көрнекілік принципі әрекетінің негізіне 1-ші сигнал системасының тітіркендіргіші жататын болса да, 2-ші сигнал системасы оның сигналына реттегіш ықпал жасайды.


Мектепте көрнекіліктің әр қилы түрлері пайдаланылады.
Жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілерімен таныстыруды көздейді.
Көлемдік көрнекілікте шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар.
Дыбыстық көрнекілікте дыбыстық бейнелерді және ең алдымен грампласикалармен дыбыс жазу, шығармалардан үзіндіні мәнерлеп оқу дыбыс құралдарын пайдалану ескеріледі.
Симваликалық және графикалық көрнекілігі обстракты ойлауды дамытуға әсер етеді.

Жаңа түсініктерді қалытастыру үшін қазірдің өзінде бар түсінктерді пайдалану шаралары ішкі және жанама түрдегі көрнекілікке сүйенеді.

Көрнекілік, жаңаны тану ретін де, ой немесе әңгімені елестету үшін де аңғарымдылығын дамыту үшін де материалды есте жақсы сақтау үшін де қолданылады.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
9 дәріс

Тақырып: Жүйелілік пен бірізділік принципі.

Жүйелілік пен бірізділік принципі оқыту мақсатынан да,баланың ойлауының даму заңдылығынан да шығады.Тек тәртіптелген сындарлы,өзара байланысты білім жүйесі ғана адамға іс-жүзінде пайда келтіруі мүмкін,ол болашақта шеңбері тар мамандық саласында білімін онан әрі тереңдету үшін жақсы негіз болып табылады. Жүйелілік приципі кемелденген ақыл ойдың ең маңызды сипаттамасымен ойлаудың жүйелілігімен тығыз байланысты.Егерде адамда ассоцияция жүйес,жаңа мен ескінің арасындағы байланыс пайла болса материал меңгерілді деп есептеледі.Егер де онымен жүйелі жұмыс істесе ол жақсы меңгеріледі.Егерде ой жүгін аздаған мөлшермен,бірақ жүйемен және үнемі алып отырса ми тиідмі жұмыс істейді.

Беріктік принципі білімді орнықты меңгеру деген сөз.Білімді оқушылар әрқашан меңгеріп алу керек және оны оқуда пайдаланып практикада жүзеге асыруы тиіс.Беріктік принципі дидактиканың басқа барлық принциптерімен тығыз байланысты.Шындығында,егер олар қабылдауға әртүрлі сезім органдары қатысқан болса,егерде оқушы оларды саналы қабылдап,оның ойы белсене қызмет істеген болса,егерде материал түсінікті болып,бірақ ойының қызмет істеуіне дем берген әлі келетін қиыншылық кезіксе егерде білімді ол жүйемен біртіндеп меңгерсе және оның ақыл-ойына белгілі жүйемен орнаса,онда білім барынша берік болмақ.

Беріктік принципін жүзеге асыру үшін ең алдымен бастысын,өмір боына қажеттісін даралап алудың,оның екінші кезектегіден детальдардан бөлудің ерекше маңызы бар.Тарихи оқиғалардың мәні мен сипатын меңгеріп алу үшін талдап салыстыра білу өте қажет.Оларды бірнеше берік меңгерілген даталар мен ара қатысты,оқиғалардың байланысымен өзара тәуелділігін анықтай білу,ешнәрсемен ара қатысты емес жаттап алған даталарды жай ғана елестетуден әлдеқайда бағалы.

Оқушылардың меңгеруінің орнықты болуы және ақыл-ой қызметінің жемісті болуы үшін олардың оқу жұмыстарын педагогтық жолмен дұрыс ұйымдастырудыңда маңызы зор.Психологиялық зерттеулердің деректері мынаны дәлелдеп отыр,оқу қызметі түрлерінің ойланы кезектестірілмеген жағдайында,онан кейінгі келесі қызметі бұрынғы оқу нәтижесін жойып немесе нашарлатып жіберуі мүмкін.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
10 дәріс

Тақырып: Ғылымилық принцип.

Ғылымилық принцип дегеніміз жеке пәндер бойынша мектепте оқылатын ғылымды фактілер,ұғым және заңдылық жүйесі ретінде пайдалану болып табылады және ең алдымен оқу материалдарын таңдап алумен оқыту методтарын қалап алуда көрінеді.

Ғылымилық принцип қазіргі ғылымдағы берік орныққан қағиданы зерртеуді талап етеді,ол алдағы уақытта байып дамиды және содан соң одан бас тартуға болмай қалады.

Ғылымилық принцип содай-ақ тұрпайылықтан аса қарапайымдылық пен тым оңайлатып жіберулен кейбір жеке ғылыми қағидаларды бұрмалаудан,ғылыми терминдерді ретсіз пайдаланудан және тағы басқа сақтандырады.Оқыту методтарындағы ғылымилық принципті қолдануға келетін болсақ онда соңғы кезде көптеген ғалымдар оқыту методтарымен ғылыми методтарын барған сайын жақындастыра түсуді жақтап жүр.Атап айтқанда оқушыларды байқауды,эксперимент жасауды болжауларды ұсынып,негіздейтін өздігінен зерттеу жұмястарын жүргізуді қамтитын методтарды енгізудің қажеттілігіне назар аударылады.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
11 дәріс

Тақырып: Сол кезеңдегі білім мазмұнын қайта қарау.

1. Білім беру мазмуны

Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде "нені оқыту керек" сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.

Оқу мазмұны қоғамның әлеуметгік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік-экономикадық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.

Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетістіктер деңгейі де өз өсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалыктың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.

Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.

Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріке негізделеді.

Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытьшуы керсктігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәңдерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, opта сыныптарда жүйелі білім беріледі.

Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электроңдық оқу құралдарында нақтыланады.

Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
12 дәріс

Тақырып: Білімді тексеру және бағалау.

Білімді тексеру мен бағалаудың функциялары

1. Мұның алдындағы тарауда оқытудың жақа білімдерді хабарлау және меңгеру, бекіту және білімді практикада қолдану, сондай-ақ практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру кезендеріне сай келетін негізгі методтары талданды.

Бұл методтардык қай-қайсысы қолданылса да, мұғалімге оқушылардың жаңа материалды қалай меңгергенін, олардың мұны қалай түсінетінін жиі-жиі анықтап тұру қажет болады. Мұны білу жаңа тақырыпқа дер кезінде көшу үшін өте маңызды. Бұл тексерудің барысында көбінесе окушылардық материалды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады.

Сондықтан да білімді, іскерлік пен дағдыларды тексеру және бағалау оқу процесінің өте маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

Білімді тексерудік және бағалаудын дұрыс қойылуына едәуір дәрежеде бүкіл окыту процесінің табысты жүргізілуі байланысты болады. Білімді тексеру және баға қою методикасын игеру жас мұғалімдердін алдында тұрған өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады.

Білімді тексеру мен бағалаудың мақсаты оқушының білмейтіндігінің үстінен шығу немесе революцияға дейін жиі қолданылып жүргендей, окушыға оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру емес, оқытудық жоғары сапалылығын қамтамасыз етуге деген ынтада.

Мектеп құрылысының алғашқы жылдарында оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудан толық дерлік бас тартудың өзін — тексеру мен бағалаудың патшалык мектепте айқын көрінісін тапқан антидемократиялық және адамның намысын қорлайтын функцияларына қарсы наразылық болды деп түсіну керек.

Мектептің тәлім-тәрбие жұмысына жана мазмұн дарытуға, оку жұмысының баланы құрметтеуге негізделген демократиялық жана формалары мен методтарын еңгізуге талпынған жетекші педагогтарының бір бөлігі сол кезде москвалық бір топ педагогтардын үй тапсырмаларын бермеу, білімге баға қоймау және емтихан алмау жөніндегі ұсыныстарын қолдады, мұнын өзі мектебі жұмысының негізгі принциптерін жария еткен белгілі документтерде бейнеленді.

Мұның нәтижесінде сол жылдары мұғалімнің білімді тексеруінін орнына, ездігінен бақылаудың толып жатқан түрлері етек жайды, сөйтіп, үлгірім есебін оқушылардың өздері жүргізетін болды. Бұл мақсатта әңгіменін, жұмысы оқушылар тобының жиналысында талқыланып отырды. Тексеру, есеп беру көрмелері мен есеп беру жиналыстары ретінде де жылдың аяғында еткізіліп жүрді, бұларға ата-аналар, жұртшылық өкілдері шақырылып отырылды. Ондай жиналыстарда жекелеген оқушылар — класс өкілдері бүкіл кластың жұмысы туралы есеп-рапорт беретін еді. Осынын негізінде оқушылардың бәрі үлгірген болып танылып, келесі класқа көшірілетін.

Сын көзімен қарамай буржуазиялық мектептен алына салған бригадалық-лабораториялық методы бойынша білімді есепке алу жүйесі кезінде әркімніқ білімі жеке есептелмей, бүкіл бригаданың жұмысы тұтас ескерілді, ал мұнын өзі үлгірімді есепке алудың толығынан жойылуына, сайып келгенде оқыту сапасының кұлдырауына әкеліп соқтырды.

Осы және басқа да кемшіліктер мектебінің сол кезеқде берген білім сапасының төмендеуіне душар етті, мектептегі жұмыстың ұйымдастырылуын қатан сынады және мектепте оку-тәрбие жұмысын қайта құруға бағытталған нұсқаулар берді.

«Оку программалары мен бастауыш және орта мектептегі ереже туралы» 1932 жылы 25 августағы өзінің қаулысында «окушылар білімінің жүйелі түрде жүргізілетін күнделікті жеке дара есебі мектеп жұмысын есепке алудың негізі болуға тиіс» және оқу жұмысының барысында оқытушы әрбір окушыны зер сала зерттеуге тиіс деп атап керсетті.



Әдебиет: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
13 дәріс

Тақырып: Сабақтың негізгі элементтері, сабақ типтері. Сабақты классификациялаудың негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің әдісі немесе оқыту процесінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.

Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:



  • кіріспе сабақтар

  • материалмен бастапқы таныстырудың сабақтары

  • ұғымдарды қалыптастырудың, заңдарды орнатудың сабақтары

  • алған білімді практикада қолдану сабақтары

  • дағдылар сабағы

  • жалпылау және қорытындылау сабақтары

  • бақылау сабақтары

  • аралас сабақ

Оқыту әдістеріне қарай сабақтардың типтері:

  • сабақ-әңгіме

  • сабақ-лекция

  • кино сабағы

  • лабораториялық сабақ

  • іс-әрекеттің түр-түрімен сабақ

Дидактикалық міндеттеріне қарай сабақтың типтері:

  • оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы

  • іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы

  • білімді жалпылау және жүйелік сабағы

  • қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы

  • бақылау-тексеру сабағы

  • аралас сабақ

Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білу шарт. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет