«Энергетика және жасыл технологиялар» институты


Банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары



бет3/6
Дата02.12.2023
өлшемі38,44 Kb.
#194724
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2-ргр майнор

Банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары.


Банкротқа ұшыраушылық әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа да түрлі қозғалыс мүшелері арасында әр түрлі пікір таласын туғызуды. Олардың бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шығаруға тырысады.
Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:

  • сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;

  • ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарынжүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.

Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады:

  • халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;

  • халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеттілігі;

  • саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;

  • ғылым мен техниканың тауар өндіру процесі мен оның бісекеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;

  • мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары.

  • халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары – жетілген технология негізінде.

Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылық жағдайына:

  • ел экономикасының даму барысы;

  • инфляция;

  • кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;

  • мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;

  • мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де әсер ететінінүнемі ескеріп отырулары қажет.

Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары мынадай: - кәсіпорынның негізгі мақсаты;

  • оның қызметінің негізгі прициптері;

  • ресурстар және оны пайдалану;

  • маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі және оның сапасы. Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдық кәсіпорындардың 90%-ға дейінгісінің жұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы:

  • тәжірибесіз менеджерлерге;

  • істі жете білмейтін басшылыққа;

  • олардың кәсіпорын жұмысын өзгертіп отыруына сәкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.

Кәсіпорын дағдарысының бұдан басқа да ішкі себептері бар:

  • жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық;

  • өндірілген тауардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп кетуі;

  • тауарлы өнім түр-түрінің дер кезінде жаңартылмауы;

  • штаттың өсуі;

  • қымбат бағалы технология, құрал және басқа да еңбек заттарын шектен тыс пайдалану;

  • кадрлардың біліктілігі;

  • өндірістің техникалық деңгейі;

  • Ұжым қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастары т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет