Банкрот белгілерін бақылап отыру.
Банкроттың ертерек байқалатын нышандарына жататындар:
а) кәсіпорынның қаржылық қызметінің нашар екендігін сипаттайтын
есептерді кідіртіп беру;
б) қаржылық нәтиже туралы есепте және баланс құрылымындағы кенеттен пайда болған өзгерістер, әсіресе:
есеп шоттардағы ақшаның кенеттен азайып кетуі (ол екінші жағынан,есеп шоттағы ақшаның көбеюі келешекте күрделі қаржының
мумкіндіктеріне теріс әсерін тигізудің айғағы);
дебиторлық қарыздардың көбеюі (бұлардың күрт азайып кетуі детиімсіз, өйткені қоймадағы дайын өнімдердің тым көбеюі оларды сату процесін қиындатып жіберді);
дебиторлық шоттардың ескіре бастауы;
дебиторлық және кредиторлық қарыздар балансының бұзылуы;● кредиторлық қарыздардың өсуі (сонымен қатар есеп шоттарда қолма- қол ақша тұрғанда кредиторлық қарыздардың күрт азайғаны
өндіріс көлемінің тарылы бастағанының айғағы);
сатылатын тауар көлемінің азаюы;
в) кәсіпорындағы жанжалдар, әлдекімдік басшылық қызметтен босату,
қабылданған шешімдердің сан жағынан бірден артуы және т.б.
Мұнымен қатар сатылатын тауар көлемінің шектен тыс көбейіп кетуі де пайдалы болмауы мүмкін. Өйткені жан-жақты, терең ойластырылмай сатып алынған шикізаттардың және күрделі қаржы шығындардың көбейіп кетуі келешекте кәсіпорын балансының бұзылуына әкеледі, ал бұл банкротқа ерте ұшырауы деген сөз. Бұдан басқа сатылатын өнімдердің ретсіз көбейіп кетуі өнім өндіру мөлшерінде кәсіпорынның банкротқа ұшырау алдындағы құлдырауын көрсетеді.
Кәсіпорынның банкротқа ұшырауының мынандай кезеңдері бар:
Жасырын кезең. Бұл кезең кәсіпорынның, оның тапқан пайдасының капиталдандырылуымен анықталатын «бағасының» төмен түсіп кетуі:
V=P / K
Р – салықтарды сонымен қатар қарыздармен және дивидендтердің процентіне байланысты төлемдерді төлегенге дейінгі күтілген пайда;
К – кәсіпорынның барлық пассивтеренің (міндеттемелерінің) құнының орташа өлшемі;
V – күтілген «кәсіпорын бағасы».
«Кәсіпорын бағасының» төмендеуі оның пайдалық деңгейінің төмендегені деген сөз. Бұл бірінші жағынан. Ал екінші жағынан, бұл жақын арада қабылдауға мәжбүр болатын міндеттемелердің орташа құнының артқанын көрсетеді. Олай болса, жақын және ұзақ мерзімдегі келешектегі «кәсіпорын бағасын» есептеп отыру қажет және тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |