Екінші кезең – қаржы тұрақсыздығы, қолда бармен есептесуде қиындықтардың пайда болуы, яғни банкроттың ертерек нысандарының сезіле бастауы.
Бұл кезде басшылықтар «косметикалық» шараларға жиі жүгіне бастайды, мәселен:
салым иелері мен банктердің күдіктерін туғызбау қамындаактивтердің бір бөлігін сату арқылы қарыз капиталдарын арттырады; ● акционерлерге жоғары дивидендтер төлей бастайды.
Практикада кейде мынандай жәйтттер де кездеседі:
кәсіпорынның қаржы жағдайы нашарлаған кезде қайсыбір басшылар
ақша табуда «авантюралық» әдістерді де қолданады; ● тіпті кейде алаяқтық жолдан да тайынбайды.
Үшінші кезең – банкроттың айқын, заң жүзінде пайда болуы, яғни кәсіпорын дер кезінде қарыздарды төлей алмайды. Банкротқа байланысты істі сотта қарауды мына жағдайларда бастауға болады:
борышқор өзінің дер кезінде қарыздарды төлей алмайтынын ресми түрде мойындаса;
несие берушінің төлемдерді орындау мерзімінің 3 айдан асып кеткені туралы арызы бойынша;
прокурордың жалған банкрот туралы нақты күдіктері бойынша.
Төрелік соттың төмендегі мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
банкротты мойындату;
конкурстық өндіріс ашу және кәсіпорынды конкурстық өндіріс аяқталғанға дейін жұмыс істеп тұрғандардың тізімінен шығарып тастауға;
егер борышқордың қаржылық жағдайының тұрақтылығы және оныңқарыздарды төлеу қабілеттілігі айқындалса, берген арызын қайтарып беруге;
борышқор мен несие берушінің қарыздардың төлем мерзімін ұзартужөніндегі өзара келісімдеріне келісім беруге.
Қортынды Республикадағы экономикалық жағдайдың даму денгейі кәсіпорынға тікелей әсер етеді, оның қаржы-экономикалық жағдайы мен банкроттық процесіне ықпал етеді. Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпорындар үшін кісіпорынның бәсекеқабілеттілігін аттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың ролін арттырады. Осыған сәйкес кәсіпорындар шығарған өнімдерінің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықты тауарлардан сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылуда. Жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты бөлу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкроттыққа ұшырайды.
Қазіргі уақытта көптеген отандық кәсіпорындардың қаржылық қиындықтары бар, ол сыртқы жалпымемлекеттік мәселелермен (заңшығарушылық базаның жетілмегендігі, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, өндірістің құлдырауы) және ішкі мәселелермен (тиімсіз маркетинг, құралдарды тиімсіз пайдалану, тиімсіз өндірістік менеджмент, қаржы ағымдарының тепе-теңсіздігі) байланысты. Жоғарыдағы факторлар жиынтығы кәсіпорынның қаржы жағдайының диагностикасын үнеім жүзеге асырылуын қажет етеді, ол кәсіпорынның банкроттыққа қарсы басқару механизмін жүзеге асыру мақсатында болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет.
Банкротство: реабилитационные процедуры и ликвидация: Сб. нормативных документов / сост. Балмуканова С.У. и др. Под ред. Молоканова А.А. – Алматы: МЧНВП «Гамма», 1997.
Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: Оқу құралы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2005. – 176 бет.