Энергетика



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
саяси

Саяси модернизация,
біріншіден, территорияны кеңейту және әкімшілік- 
саяси шекараны реттеу, ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, 
орталық (заң шығарушы, атқарушы да) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік 


76 
бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын 
сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық 
өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске тұрғындардың кеңінен 
қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті 
заңдастыру тәсілдерін өзгерту. 
У. Ростоу өзінің «Экономикалық даму кезеңдері» еңбегінде қоғамдық-
экономикалық дамуды технологиялық прогресс негізінде зерттейді. 
Әрқайсысы өзінше, бірақ барлық елдер басынан кешіретін экономикалық 
өсудің бес универсалды кезеңін ұсынады.
Бірінші кезең – қарапайым технология нагізіндегі дәстүрлі қоғам. Бұл 
жерде ауылшаруашылығы мен жанұялық, кландық байланыстар басым. 
Екінші кезең - өтпелі қоғам. Жаңа элита қалыптасып, өзгерістердің 
қозғаушы күші ұлтшылдық пайда болады. 
Үшінші кезең - өрлеу. Ұлттық кіріс салмағы өсіп, жаңа өндіріс салалары 
дамиды. Бұл кезең индустриализациядан басталады. 
Төртінші кезең – толысу. Экономикада шаруашылықтың көп салалы 
құрылым қалыптасып, химиялық, электротехникалық өндіріс, күрделі машина 
жасау пайда болады. 
Бесінші кезең - көпшілік тұтынушылық қоғам қалыптасады. Экономика 
құрылымы қызмет көрсету саласы мен ұзақ пайдаланылатын күрделі 
тұтынушылық тауарларды өндіруге ойысады.
Бұл ілімге сүйенер болсақ барлық елдер оқиғаның объективті дамуын 
күтпей – ақ келесі кезеңдерге жетуге ұмтылулары қажет деген қорытынды 
шығады. Сонымен модернизация дегеніміз қоғамның барлық саласын 
қамтитын көпқырлы процесс.
Саяси модернизация теориясындағы бағыттар: либералдық бағыт және 
консервативті бағыт. Либералдық бағыттағы зерттеушілері (Р.Даль, 
Г.Алмонд) саяси модернизацияның мақсатын әр кезде өзгеріп отыратын 
әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың 
қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен азаматтар арасындағы диалогтың 
орнауы. Ал, консервативті бағыт өкілдері ( С. Хантингтон, Дж.Нельсон) тек 
қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады деп 
көрсетеді. Сондықтан, саяси модернизация жоғары орталықтандырылған 
саяси институттарды талап етеді, яғни қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық 
құралдарды институттандыру қажет. Сондай-ақ, модернизацияның 
органикалық және органикалық емес түрлері бар. Біріншісі қоғам дамуының 
өзіндік қажеттіліктерінен туындайды ал, екіншісі, дамыған елдер ықпалымен 
жүреді. 
3. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін одақтық республикалар 
қатарында болғандықтан бұрынғы КСРО-ның саяси жүйесіне бағынды. Қазақ 
КСР Конституциясының 2, 78 бабына сәйкес саяси жүйе негізінде халық 
депутаттары кеңестері болды, бірыңғай жүйе сияқты мемлекеттік өкімет 
органдарының барлығы дерлік бақылауда болып, есеп беруге міндетті еді. 
Компартия саяси жүйе шешімімен өмір сүрді. Саяси оппозиция болған жоқ. 


77 
Барлық маңызды шешімді орталық билік қабылдады, ал одақтас 
республикаларда олардың шешімдері тек қайталанды және орындалды. 
Республикаларда экономикалық тәуелсіздікке шек қойылды. Ел үкіметі 
өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы туралы шешім қабылдауда орталық 
комитеттің келісіміне жүгінді. Еліміздің өз мәдениетін, тілін, дәстүрлерін 
дербес дамытуға мүмкіншіліктері болмады.
Қазақстанның 
саяси жүйесінің модернизациялануы КСРО-ның 
әлсіреуімен, ондағы саяси-экономикалық дағдарыстармен және ыдырауымен 
байланысты. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі 
республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылдады. 
Қазақстан мемлекеті дербестікке қол жеткізді. Сонымен қатар, декларация, 
жаңадан одақтық келісім-шарт қарастырылды. Басқару жүйесі туралы 
нақтылар болсақ, мемлекет басшысы болып парламентпен сайланған 
президент тағайындалатындығы мәлімделді.
Қазақстанның саяси жүйелерінің қалыптасуы үшін екінші құжат – 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі (16.12.1991.) туралы конституциялық 
заңның қабылдануы болды. Бұл жас мемлекеттің сыртқы шарттарының 
өзгерісімен байланысты болатын: 1991 жылғы тамыздағы Мәскеудегі бүлік 
КСРО-дағы социализмді құлатты; 1991 жылғы 8-ші желтоқсандағы оқиғаның 
болуы КСРО-ның ыдырауына алып келді. Жоғарғы кеңес оқиғаларды есепке 
ала отырып, конституциялық заңды қабылдады және 1991 жылдың 16-шы 
желтоқсанында атын өзгертіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет 
болып жарияланды. Басқару жүйесі президенттік республикаға ауысуды 
құптады, үкімет президенттің және жоғарғы кеңестің алдында жауапты. 
Президентті халық сайлайды. Қазақстанның саяси жүйесінің тереңдеп дамуы 
1995 жылғы Конституциялық реформаға байланысты болды. 1995-жылдың 30 
тамызында бүкілхалықтық референдумда жаңа конституция қабылданған 
болатын. Конституцияда Қазақстан біртұтас демократиялық және ең бағалы 
адам өмірі, құқығы және бостандығы саналатын әлеуметтік мемлекет болып 
бекітілді. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады. Қазақстан 
Республикасында жеке меншік қорғалады. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес 
президенттік билікке өту жүзеге асырылған. Демократия бағытында саяси 
тұрақтылық қамтамасыз етілді, көпұлттылық мақұлданып, елде бірнеше 
конфессиялардың құқықтары есепке алынды. 
Республикада мемлекеттік биліктің бөлінуі заң шығарушы, атқарушы 
және сот тармақтарымен белгіленді. ҚР-ның орталық билік президент 
институты болып табылады. Конституцияның 40-бабына сәйкес президент 
мемлекеттік ішкі және сыртқы істердің барлығын анықтаушы болып 
табылады, ол сонымен қатар, мемлекеттік үкіметтің барлық тармақтарының 
қызметтерін үйлестіреді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының 
кепілдігін қамтамасыз етеді.
1995 жылы жаңа Конституция бойынша екі палаталы парламент өмірге 
келді. Жоғарғы палата (Сенат) 47 депутаттан тұрады, оның 7 сенаторын 
Президент тағайындайды. Төменгі палата (Мәжіліс) 67 депутаттан тұрады. 


78 
1999 жылы жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүшелерінің бір 
бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды. Екі палаталы парламент заң 
шығаратын қызметті жүзеге асырып отыр. 
Елдің саяси жүйесін әрі қарай демократияландыру, 2007 жылы 
құрылған реформада жақсы қарастырылған. 1995 жылғы ҚР конституциясына
өзгертулер және қосымшалар екі рет енгізілген болатын (1998 ж. және 2007 
ж.). «Қазақстан Республикасының конституциясына қосымшалар және 
өзгерістер енгізу туралы» заң демократиялық дамудың жаңа кезеңі және 
тәуелсіз Қазақстанның саяси жаңаруларына жол ашты. 
Еліміздің тұңғыш президенті 2007 жылы мамыр айында, Қазақстан 
Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген 
сөзінде жүріп өткен жолдардың 3 кезеңін көрсетті. 
Бірінші кезең (1991-1995) - дезинтеграциялық процестердің
басымдылығы Қазақстан мемлекеттілігінің негізі қалануы, бір партиялықтың 
үстемдігінен саяси плюрализмге өтуі және демократиялық дамудың негізі 
қалыптасуымен сипатталады. Бұл кезеңнен алынған тәжірибе ол күшті және
тұрақты экономикасыз саяси даму жайлап күйзеліске ұшырап, мемлекетті 
дестабилизацияға алып келуі мүмкін. Сондықтан негізгі принціп «алдымен 
экономика, ал содан кейін саясат». 
Екінші кезең - 1995-2000жж. бұл кезеңде басты міндет 1995 жылы 
қабылданған Конституция негізінде, казір кезеңдегі демократиялық
институттар мен жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуын нығайту. Осы 
жылдары Қазақстан жаңа ұлттық заңнаманың көмегімен азаматтарына
еркіндік пен құқықтық кепілдік беретін, шынайы демократиялық институттар 
өмір сүретін елге айналды. Қол жеткізген табыстар Қазақстанның 2030 
жылға дейінгі әлеуметтік экономикалық стратегияның дамуын жүзеге асыру 
мен байланысты болды. Президенттік республика моделін таңдап алу 
нәтижесінде, еліміз посткеңестік экономикалық және саяси хаостан шықты. 
Экономика көтеріліп,жаңа инфраструктуралар құрылып, ауылшаруашылығы 
дамып, «орта тап» пайда болды. Сонымен бірге мемлекет халықаралық 
позицияда тұрақтылықпен қамтамасыз етілді. Осы жетістіктер Қазақстанның 
ары қарай демократиялық дамуын жалғастыруға септігін тигізді. 
Үшінші кезеңде 2001-2006 жж., әлеуметтік - экономикалық жағынан 
ілгері басып, мемлекеттілік қалыптасып, Қазақстан регионалды жетекші ел 
қатарына қосылды. Көпұлтты және көпконфессиалы Қазақстан қоғамында 
демократиялық дәстүрлер нығайтылды. Осы жылдары мемлекеттік басқару
мен міндеттерге шек қою, жергілікті органдар өкілеттілігін кеңейту шаралары 
қолға алынды. Тәжірибе ретінде кәсіби парламент комитеттерінің
отырысында Парламентке Үкімет мүшелерінің кандидатурасын талқылау
ұсынылды. Президент бастамасымен әкімдер халық алдында есеп беретін 
болды. Сайлау заңдылықтары мен тәжірибесі жетілдірілді. Атқарушы 
биліктің міндеттері айқын да анық жүргізіліп, сапалы мемлекеттік қызмет 
көрсету бағытындағы терең әкімшілік реформа басталды. Сот статусы мен
сот жүйесін жетілдіру, саяси партиялар, БАҚ, мемлекеттік басқару


79 
өкілеттіліктерін және сайлау заңдылығын дамыту туралы қайта қаралып 
талқыланды. Бұның барлығы саяси реформалардың жалпыұлттық 
бағдарламасы негізінде жасалды. Президент пікірі бойынша, Қазақстан 
демократиясы тарихында ең негізгі кезеңнің бірі болып саналады.
Сонымен 
қатар, 
«Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламентке 
ұсынды. Парламент біріккен екі палата отырысында заң жобасын бекітті. Бұл 
заң жобасы елде басталған либералдық реформалардың заңдық негізін салып, 
қоғамдық және мемлекеттік мүдденің жаңа балансын енгізуге шақырып, 
Қазақстанның жаңа даму этапында мемлекеттік құрлыста тоқтату мен қарсы 
әсер етудің жаңа жүйесін қалыптастырыды. 
Барлық өзгертулер мен толықтыруларды бірнеше бағыттармен
топтастыруға болады. 
Бірінші, билік өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу және 
Парламенттің ролін көтеру. Тәжірибе жүзінде республика моделі
президенттіктен президенттік – парламенттікке ауысып, президент 
өкілеттілігінің мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылды. Мәжіліс 
депутаттарын сайлау пропорционалды сайлау жүйесі бойынша өткізіледі. Бұл 
елдің саяси жүйесінде саяси партияның ролін күшейтеді. Мәжіліс құрамы 107 
депутаттан тұрады, оның 9-ы Қазақстан халықтары Ассамблеясынан. 
Үкіметтің қызметін тиімді қадағалауда парламенттің өкілеттілігін күшейту. 
Екінші, 
саяси 
партияның 
рөлін 
нығайту. 
Премьер-Министр 
парламенттен көпшілік орын алған партияны ұсынады, үкіметтің қалыптасуы 
партияның ролін нығайтады, яғни парламенттен басым көпшілік орын алып 
отырған партияға үкіметтің қалыптасып одан ары жүргізетін іс-әрекетін 
қадағалау жауапкершілігі жүктеледі. Саяси мақсаттарды жүзеге асыруда 
негізгі құрал болып табылатын фракцияның рөлі жоғарылайды. 
Үшінші. Жергілікті басқарудың дамуы. Маслихат келісімімен 
республикалық деңгейде қала, астана, облыс әкімдерін тағайындау ұсынылды. 
Маслихат әкімге сенімсіздік білдіре алады. 
Төртінші. Сот жүйесін жетілдіру. Тұтқындаудың жазалау шараларының 
соттық кіріспесін қарау туралы заң қабылданды. 
Бесінші. Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен ұлтаралық келісімді 
нығайтуды қамтамасыз ету. Конституцияда Ассамблеяны құру туралы 
нормалар енгізілген, оны Президент іске асырады. Ассамблея конституциялық 
статусы бар ұйым, ол елдің қоғамдық саяси өмірінде әр түрлі этникалық 
топтарды өкілдіктермен қамтамасыз етеді. 
Алтыншы. Азаматтық қоғам институтын ары қарай дамыту. Азаматтық 
қоғам институтын қолдау туралы жүйелік шаралар жасалып, бұқаралық 
ақпарат құралдарының рөлін көтеру нығайтылды. 
Жетінші. Азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын қорғау жүйесін 
нығайту. Қазақстан өлім жазасын қолданбайтын мемлекет болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет