Энергетика



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
саяси

Бақылау сұрақтары 
1 Саяси сана дегеніміз не? 
2 Саяси сананың қайнар көздеріне жататындарды атаңыз? 
3 Саяси сананың әлеуметтік деңгейі дегеніміз не? 
4 Идеологияның анықтамасы қандай?


74 
5 Либерализм идеологиясына анықтама беріңіз? 
13 тақырып. Саяси даму және модернизация 
 
1 Модернизацияның негізгі тұжырымдары мен түрлері 
2 Саяси модернизация мақсаты, негізгі бағыттары, түрлері. 
3 Қазақстан Республикасының саяси модернизациялануы. 
Дәріс мақсаты:
саяси жаңару (модернизация) тұжырымдарымен 
танысып, олардың бағыттарын айқындау және модернизацияны жүзеге 
асырудың жолдарын талдау. Модернизация түрлерін анықтау. Тәуелсіз 
Қазақстанның қалыптасуының және оның сипатын бағдарлау, сонымен қатар, 
республикада жүзеге асатын саяси жаңарудың өте маңызды бағыттарын 
анықтау.
1. Саясаттану ғылымында бір саяси жүйеден екінші саяси жүйеге ауысу 
«саяси даму» немесе «саяси жаңару» терминдерімен түсіндіріледі.
«Модернизация» сөзінің этимологиялық ұғымы «modern» француз 
тілінен аударғада жаңа, қазіргі заманға сәйкес деген мағынаны білдіреді. Ал 
«modernize» жаңа талаптарға сәйкес, жетілдіру, жаңарту, өзгерту деген сөзден 
шыққан. Модернизация теориясын талдауда әр түрлі көзқарастар Г. Алмонд 
және Д. Пауэлланың «Даму тұжырымдамасы тұрғысынан. Салыстырмалы 
саясаттану» (1966), Д.Аптердің «Жаңару саясаты» (1965), Ш. Эйзенштадтың 
«Саяси жаңару: қарсылық және өзгеріс» (1966), С. Хантингтонның «Өзгермелі 
қоғамның саяси тәртібі» (1968) және басқа еңбектерде жан-жақты баяндалған. 
Модернизация теориясы ХХ ғ. 50-60 ж.ж қоғамдық-тарихи даму 
теорияларының бір бағыты болды. Бұл теорияның басты белгісі 
универсалдық, яғни қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ 
заңдылықтар мен кезеңдер бар жалпы (универсалды) процесс ретінде 
қарастыру.
Универсалдық әдістемелік негізі технологиялық детерменизм, яғни 
адамзат дамуын технология мен экономика прогресінен іздеу. Технологиялық 
детерменизм - технологиялық өзгерістер қоғам дамуының негізі болып 
табылатын және әлеуметтік ұйымдастыру, экономика қоғамның мәденитіне 
және оның құндылықтарына елеулі ықпал ететін әдістеме. Технологиялық 
детерменизм техниканың қоғам өмірінің саласы ретінде дербестігіне, 
өзіндігіне сүйенеді. Технологиялық детерменизм жақтастары техносфераның 
дамуы техникалық ұтымдылықтың әмбебеп тиімділік, жүйелілік, сенімділік, 
сияқты критерилеріне бағынады деп есептейді, және ол әлеуметтік-саяси, 
экологиялық, моральдық және өзге де «сыртқы» факторладан тәуелсіз дейді. 
Д.Белл, өнеркәсіптік технологиялардың өзгермелілігіне сүйене отырып, 
индустрияға дейінгі, индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдарды 
анықтайды. 
 


75 
Модернизацияның бірден-бір толық анықтамасын 1960 жылдарда 
зерттеуші Ш.Н.Эйзенштадт берді: «Тарихи тұрғыдан модернизация дегеніміз 
XVII ғасырдан XIX дейінгі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада дамыған 
әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер түрлерінің өзгеру процесі, 
оның басқа еуропалық елдерге, ал XIX ғасыр мен ХХ ғасырда Оңтүстік 
Америка, Азия мен Африка құрылықтарына таралуы». 
Ал модернизация ілімінің американдық өкілі С Блэк модернизацияны 
дәстүрлі институттардың жаңа функцияларға икемделуі ретінде қарастыруды 
ұсынады. Ал М. Леви болса, модернизацияны қоғамның өзін қозғамайтын 
жалпы әлеуметтік төңкеріс деп қарастырады. 
Жалпы модернизация теориясы дәстүрлі қоғамнан адамның жеке 
меншік пен саяси биліктен жатсынуын арылтуға ұмтылатын қазіргі заманға 
өту үрдісін түсіндіруге ұмтылатын қоғамдық даму тұжырымы. Дәстүрлі 
қоғам мен қазіргі заманды салыстырмалы түрде зерттеген М.Вебер және 
Т.Парсонс. Сонымен 50-60 жылдардағы зерттеушілер қоғамның нақты 
саласындағы модернизацияларға сипаттама беруге тырысты.
Әлеуметтік саладағы модернизация адамдардың, қоғамдық және 
мемлекеттік институттардың қызмет түрлері бойынша мамандануы дамыған 
сайын жеке адамның жынысы, жасы, әлеуметтік шығу тегі, жеке 
байланыстарынан тәуелсіз оның қасиеттеріне, біліміне, талабына көбірек 
көңіл бөлінуі. Экономикалық модернизацияны дамушы елдерде мынадай 
жолдармен жүргізуді ұсынады:
1) Бұл елдерде индустрализация үшін капитал болмағандықтан, 
шетелдік капитал салуға мүмкіндік беру.
2) Кірістердегі теңсіздікті қолдау жасау капитал салу мен ұлттық 
кірісті өсіруге қажетті жинақтарды жинауға мүмкіндік береді.
3) 
Дәстүрлі қоғамда адамдар өздерінің кірістерін жинауға
үйренбегендіктен, экономикалық дамуға жол ашатын кәсіпкерлер табының 
қалыптасуына көмек беру. Рухани модернизация, мәдени саладағы 
модернизация мәдени және құндылық жүйе мен бағдарды жіктеу, білімді 
зайырландыру мен сауаттылықты арттырудың, философия мен ғылымдағы 
мектептермен бағыттырдың сан алуандығы, байланыс құралдары және 
мәліметті таратудың дамуы, мәдениет жетістіктеріне азаматтардың ірі 
топтарын тарту, индивидуалистік құндылықтарды тарату. 
2. Саяси модернизация – жеке пән ретінде саясаттану ғылымының 
күрделі ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Адамзат тарихында 
алғашқы модернизация Батыс Еуропа елдерінде XVI-XVII ғғ. басталды. 
Модернизация – дәстүрлі қоғамдағы артта қалушылықтан арылу және қазіргі 
кезеңдегі қоғамға өту процесі. Яғни, саяси модернизациялау теориясының 
маңызды мәселесі – дәстүрлі қоғамнан рационалды қоғамға өтудегі өтпелі 
кезеңнің саяси жүйесін зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет