Энергетика



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
саяси

Саяси қозғалыс
деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды 
өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысатын 
коғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси 
қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне 
ықпал ету үшін күреседі, ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. 


61 
Қоғамдық 
құрылысқа 
қатынасына 
қарай 
саяси 
қозғалыстар 
консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып 
бөлінеді. 
Саяси қозғалыстардың пайда болуына сол елдегі қалыптасқан саяси 
жағдайлар мен ахуал түрткі болады. Олардың әлеуметтік-экономикалық, 
ұлттық сипаттағы қайшылықтар, проблемалар, наразылықтар болуы мүмкін. 
Жекелеген тұлғалар өзінің ой-пікірін, тілектері мен көзқарастарын билік 
органдарына тікелей жеткізе алмайды. Сол себепті олар өздері сияқты 
адамдармен топтасады. Мәселен, республикадағы орын алған әлеуметтік-
экономикалық қиыншылықтар мен ұлттық сипаттағы қордаланған 
проблемалар «Бірлік», «Парасат», «Азат», «Желтоқсан» қоғамдық-саяси 
ұйым, қозғалыстары мен партияларының пайда болуына алып келді. 
Қоғамдық ұйымдарға 
халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп 
қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде 
мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын 
адамдардың бірлестігі жатады. 
Қоғамдык ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы 
ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте 
көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен 
қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді. 
Қоғамдык ұйымдар бірлесе амал-әрекет жасау үшін халықаралық
жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және 
бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. 
Түрлі қоғамдық ұйымдар бар: партиялар, кәсіподақтар, жастар 
ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық одақтар, әртүрлі 
ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, 
қорғаныс, т.б.). Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі 
басқаруға белсенді катысып, өмір мектебінен өтеді. 
Азаматтық қоғамның тағы бір институты - 
кәсіподақ. 
Бұл бір 
мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды 
біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш 
аяқ басқан Ұлыбританияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар 
өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің 
әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, 
ұйымдасқан түрде өз мүдделерін корғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар 
олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі
қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің 
экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның 
өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, 
еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге 
көмектеседі. 
Дегенмен, кәсіподақтардың капиталистік даму жолындағы елдерге ғана 
тән құбылыс болмағандығын айта кетуіміз керек. Мәселен, кәсіподақтар 
Кеңестер Одағында да үлкен рөл атқарды.


62 
Қазақстанда да түрлі деңгейдегі мекемелер мен ұйымдарда кәсіподақтар 
жұмыс істейді. Олар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. 
Кәсіподақтар азаматтардың демалыс, еңбек және тұрмыс жағдайларына оң 
ықпал ету, олардың әлеуметтік-материалдық және рухани-мәдени тұрмыс-
тіршілігін жақсарту мен көтеруге басты көңіл бөледі. Олар еңбек және 
демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық 
шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін 
басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын 
қадағалауды іске асырады.
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі 
жандар, ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балалар, жастар одақтары, 
т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, қоғамдық қорлар бар. 
Бақылау сұрақтары 
1 Саяси партия ұғымының анықтамасын айтыңыз. 
2 Саяси партиялардың қандай түрлерін білесіз? 
3 Саяси партиялардың басты функцияларын атаңыз. 
4 Партиялық жүйе дегенді қалай түсінесіз? 
5 Қоғамдық-саяси қозғалыстар дегеніміз не? 
6 Қоғамдық-саяси қозғалыстардың қоғам өміріндегі рөлі мен орны
туралы не айтасыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет