59
мен социал-демократтарды атауға болады. Саяси күреске басқа да партиялар
араласады. Дегенмен, мұндай жүйенің өміршендігін жоғарыда аталған
елдердің саяси өмірі көрсетіп отыр.
Екі партиялық жүйеге АҚШ-ның ірі екі партияларының билік басына
кезектесіп келіп отыруы дәлел бола алады. Көп
жағдайда мұндай екі партия
арасында принциптік өзгешеліктер бола бермейді. АҚШ-ның Республикалық
және Демократиялық партияларының тұрақты бағдарламасы жоқ. Бағдарлама
рөлін олардың сайлау платформасы атқарады. Партиялардың тұрақты басқару
құрылымы, тәртібі, тұрақты мүшелері болмағандықтан бағдарламаның болуы
аса маңызды емес. Олар тек сайлау кампаниясы барысында белсенділік
көрсетеді. Партия қолдаушыларының саны президенттік сайлауда партия
үміткеріне берілген дауыс санымен айқындалады.
Көппариялық жүйе
дегеніміз саяси билік үшін күрес барысында
бірнеше саяси партиялардың билік басына келуі. Онда үш және одан да көп
саяси партия болуы мүмкін. Көппартиялық жүйені көп өлшемді плюрализм
жүйесі деп те атайды.
Саясаттанушылардың пікірінше, әр жүйенің өзінің жағымды, жағымсыз
тұстары бар. Тіпті бірпартиялық жүйенің де жағымды тұсы бар екен. Ол
үкіметтің пікір-талас, айтыс-тартыс, егеске уақыт
жоғалтпай тиімді жұмыс
істеу мүмкіндігі, жоғары деңгейдегі тәртіптің болуы, саяси бақталастықтың
болмауы болса, жағымсыз жақтарына партия мен үкімет арасындағы еш
айырмашылықтың болмауы, заң шығарушы органның еш пікір-талассыз
шешімдер қабылдауы, авторитаризм немесе тоталитаризмге жеткізу қаупінің
күштілігі, т.б.
Үздік екіпартиялық жүйенің ұтқыр тұстары, ол парламенттік үкіметте
тұрақты үкіметті
қалыптастыруы, шынайы өкілетті үкімет жұмыс жасайды,
сайлаушылар партиялардың саяси бағдарламалары мен саясаты туралы жақсы
хабардар, оппозициялық партия конструктивті рөлге ие, сайлаушының
шынайы таңдау мүміндігі бар. Ал жағымсыз тұсы басқарушы партияның
деспотизмінің орын алып, азшылықтың мүдделерінің ескерілмей қалу
мүмкіндігі деп есептеледі.
Сол сияқты көппартиялық жүйенің де өзіндік жағымды және жағымсыз
жақтары бар. Жағымды жағына саяси мәселелердің жан-жақты қаралуы,
оппозициялық партиялардың болуы үкіметті
тиімді жұмыс істеуге
мәжбүрлейді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады, билік басына
кездейсоқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады.
Жағымсыз жағына қоғамдағы көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан
ғана қарауы, бар ойы оппозициялық партияны жеңуге жұмылдырылып, алдап-
арбау, өсек-өтірік сияқты жат қылықтар мен әдіс-тәсілдерді пайдалануы
жатқызылады.
ХХ ғ. басындағы Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық
проблемалар, қазақ халқының ауыр тұрмысы, қоғамдағы түрлі қордаланған
ұлттық сипаттағы шиеленісті мәселелерді шешу
жолында қазақ зиялылары
1917 жылы «Алаш» партиясын құрды. 1917 жылы 21 қазанда «Қазақ»
60
газетінде «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы жарияланды. Осы
жылы желтоқсан айында II жалпы қазақтық съезд шақырылып, онда
Алашорда үкіметінің құрылғандығы жария етілді. Өкінішке орай,
Алашорданың өмірі қысқа болды, 1918 жылдың қараша айында Алашорда
үкіметі кеңестік қызыл әскердің күшімен талқандалды. «Алаш» партиясының
көшбасшылары мен мүшелері қуғын-сүргінге ұшырады.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен алғашқы саяси ұйымдар мен қозғалыстар,
саяси партиялар өмірге келді.
Олардың қызметін реттейтін алғашқы заң актілері 1991 жылы «Қазақ
КСР-нің қоғамдық ұйымдары туралы», 1996 жылы «Қоғамдық ұйымдар» және
«Саяси партиялар туралы» заңдары шықты.
Ал 2002 жылы шілдеде «Саяси партиялар туралы» заң қабылданып 2008
жылы қарашада заңға түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Заңның 10-бабына
сәйкес партия мүшелерінің саны 40 мыңнан кем болмауы тиіс. Заңның 5-
бабына сәйкес оқу орындарында саяси партияның бағдарламасы немесе
сайлауалды бағдарламалары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге
тыйым салынған.
Бүгін Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Олар «Нұр Отан» партиясы,
Қазақстан Коммунистік халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол»
Демократиялық партиясы, «Бірлік»
саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-деморатиялық патриоттық
партиясы, Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы.
2016 жылы 20 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының
кезектен тыс сайлауы және Маслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына
6 саяси партия қатысты. Олар: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Коммунистік
халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, «Бірлік»
саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және «Ауыл»
халықтық-деморатиялық патриоттық партиясы. Сайлау қорытындысы
бойынша, партиялардың үшеуі ғана жеңіске жетті. Олар: сайлаушылардың
82,15 % даусын жинаған «Нұр Отан» партиясы айқын басымдықта жеңіске
жетті. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы 7,18 %
дауысқа ие
болса, Қазақстан Коммунистік халық партиясы 7,14 % дауыс жинады.
Мәжілістегі орындарға таласқан қалған үш партияның көрсеткіштері
мынадай: «Бірлік» саяси партиясы- 0,29 %, Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы - 1,18% және «Ауыл» халықтық-деморатиялық
патриоттық партиясы - 2% ғана дауыс жинады.
3. Қоғамдық-саяси қозғалыстар – әлеуметтік-экономикалық, саяси және
рухани тілегі бір адамдардың бірлескен тобы.
Достарыңызбен бөлісу: