Энергетика



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
саяси

 
Бақылау сұрақтары 
1 Мемлекеттің негізгі функциялары қандай? 
2 Мемлекеттік құрылым формалары туралы не білесіз? 
3 Азаматтық қоғам дегеніміз не? 
4 Азаматтық қоғамның қандай тарихи түрлерін атай аласыз? 
5 Қазіргі заманғы азаматтық қоғамның құрылымын ашып көрсетіңіз. 
8 тақырып. Саяси режимдер 
 
1 Саяси режим түсінігі мен мәні. 
2 Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде. Авторитаризм.
3 Демократияның негізгі теориялары, белгілері мен принциптері. 
Дәріс мақсаты:
саяси режимнің мәні мен мазмұнын ашу. 
Демократиялық режимдердің теорияларына тоқталып, белгілері мен 
принциптерін талдау. Антидемократиялық режимдердің пайда болуы мен 
даму тарихын талдау. 
1. Саяси қатынастардың жағдайы мен сипатын биліктің нақты типі, 
қоғамның саяси жүйесінің функционалдық өлшемдері анықтайды. 
Мемлекеттік биліктің адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құралдары 
мен әдістерін анықтауға деген қажеттілік осымен байланысты. Биліктің 
қызмет етуінің осы аспектісі «саяси режим» ұғымын бейнелейді. Режим 
термині (фр. Rejime, латынша rejimen) сөзбе-сөз аударғанда басқару тәртібі 
дегенді білдіреді. Саяси режим ұғымы батыс еуропалық ғылыми әдебиеттерде 
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында пайда болды. 
 
«Саяси 
режим» 
және 
«мемлекеттік 
режим» 
ұғымдарының 
айырмашылықтарына тоқталатын болсақ, соңғысы саяси режимнің негізі 
болып табылады. Мемлекеттік режим – мемлекеттік органдар қолданатын 
билік жүргізудің құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, яғни қоғамның саяси 
өмірінің өмір сүру ортасы мен жағдайлары болып табылады. Ал, саяси режим 
болса өзінің кез келген жағдайында барлық қоғамдық өмір салаларында 
биліктік қатынастарға енетін бүкіл қоғамды қамтиды. Саяси режим, келесі
белгілермен анықталады: саяси биліктің қалыптасу механизміндегі халықтың 
қатысу дәрежесімен; тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының 
қорғалуымен; 
қоғамдағы 
биліктің 
іске 
асырылуының 
шынайы 
механизмдерінің сипатымен; бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайымен, 
қоғамдағы ашықтық пен жариялылық дәрежесімен; қоғамның саяси 
жүйесіндегі мемлекеттік емес құрылымдардың орны және рөлімен; биліктің 
заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы өзара 


46 
байланысымен; азаматтар мен лауазымды тұлғаларға қатысты құқықтық 
реттеудің сипатымен; саяси шешімдер қабылдаудағы азшылықтың мүдделерін 
есепке алумен; саяси билікті іске асырудағы белгілі бір әдістердің үйлесімдік 
етуімен; қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның жоғарылылығы 
деңгейімен; мемлекеттің «күштеу» құрылымдарының (әскер, мемлекеттік 
қауіпсіздік органдары) қоғамдағы саяси және заңдық жағдайымен; саяси 
плюрализмнің, көппартиялықтың шамасымен; лауазымды адамдарды, ең 
жоғарғыларын қосып алғанда, саяси және заңдық жауапкершілікке тартудың 
шынайы механизмдерінің қолдануымен анықталады.
Саяси режим дегеніміз – бұл үстемдік етуші әлеуметтік жіктің қоғам 
тұрақтылығының мақсаттарын негіздей отырып және саяси бостандықтың 
деңгейін, сондай-ақ, олардың қызметінің құқықтық негіздеріне билік 
органдарының қатынасын көрсете отырып, өзінің саяси үстемдігін жүзеге 
асыратын әдістер мен құралдардың, тәсілдердің жиынтығы.
Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен құралдар жиынтығының 
ерекшеліктеріне байланысты саясаттанулық әдебиеттерде әдетте, саяси 
режимдердің негізгі түрі ретінде тоталитарлық, авторитарлық және 
демократиялық режимдерді бөліп көрсетеді.
2. Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық 
салаларына толық шексіз бақылау қоюға ұмтылуымен, адамның саяси 
билікке және үстемдік етуші идеологияға бағынуымен сипатталады. 
Тоталитаризм ХХ ғасырда пайда болған, ол диктатураның ерекше жаңа 
формасы. Диктатура (лат.тілінен dictatura – «шексіз билік») – 
басқарылатындар тарапынан бақылау қойылмайтын, бір адамның немесе бір 
жетекші басшылық ететін адамдар тобының басқару тәртібі.
«Тоталитаризм» ұғымы латынның «totalis» деген сөзінен шыққан, бүкіл, 
тұтас, толық дегенді білдіреді. Оны ХХ ғасырдың басында ғылыми айналымға 
енгізген итальян фашизмінің идеологы Дж.Джентиле болды. Бұл түсінік 
алғаш рет 1925 ж. итальян парламентінде айтылды. Итальян фашизмінің 
жетекшісі Б.Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді. Жаңа саяси режим 
ретінде Б.Муссолини тоталитаризмнің мәнін былайша тұжырымдады: 
«барлығы да мемлекетте, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе 
қарсы емес». Одан кейін бұл ұғымды неміс және американ саясаттанушылары 
қолданды. Ф.Хайектің «Дорога к рабству» (1944), Х.Арендтің «Истоки 
тоталитаризма» (1951), Р.Аронның «Демократия и тоталитаризм» (1958) атты 
еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық жағынан толық зерттелуіне 
қол жеткізілді. Тоталитаризм тек ХХ ғасырда ғана шындыққа айналғанымен, 
оның идеялық қайнар көздері ежелден бастау алады. Көптеген тоталитарлық 
идеялар Шан Ян, Платон, Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, А.Сен-Симон, 
Ш.Фурье, Й.Фихте, Гегель, Маркс, Ницше және т.б. шығармаларында да 
болды. Алайда, саяси режим ретіндегі тоталитаризм идеялары тек ХХ ғасырда 
ғана кеңінен тарап, тәжірибеге енді. Тәжірибе көрсеткеніндей, тоталитарлық 
саяси режимдер, әдетте, төтенше жағдайлар: қоғамдағы үдей түскен 
тұрақсыздық; өмірдің барлық жақтарын қамтыған терең дағдарыс; ел үшін өте 


47 
маңызды стратегиялық міндеттердің шешілуінің қажеттігі барысында пайда 
болады.
Тоталитарлық саяси режимдердің мәнін ашып көрсететін ортақ 
белгілері: 
1) Биліктің жоғарыда шоғырлануы көрініс табады. Тоталитарлық 
санада «билік пен қоғам» проблемасы болмайды, яғни билік пен халық 
бірыңғай, бөлінбейтін тұтастық деп есептелінді.
2) Тоталитарлық саяси режимдерге бір партиялық тән. Харизматикалық 
жетекші-көсем басқаратын бір ғана басқарушы партия өмір сүреді. Бұл 
партияның партиялық бастауыш ұйымдар желісі қоғамның барлық өндірістік-
ұйымдық құрылымдарына еніп, бақылау жасай отырып олардың қызметін 
бағыттайды.
3) Биліктің бір қолға – автократияға барынша шоғырлануы билікті бөлу 
принципіне тыйым салады. Заң шығарушы және атқарушы билік бір 
құрылымға бірігіп, тәуелсіз сот билігі деген мүлдем болмайды. Сот билігін тек 
қана партиялық-мемлекеттік машинаның мүдделеріне қызмет етеді.
4) Барлық қоғам өмірінің идеологияландырылуы. Тоталитарлық 
идеологияның негізінде – тарихты барлық құралдары ақтайтын, белгілі бір 
мақсаттарға қарай (әлемдік үстемдік, коммунизм құру және т.б.) заңды 
қозғалыс ретінде қарастыру жатыр. Тоталитарлық қоғам халыққа 
идеологиялық ықпал жасау үшін үлкен күш жұмсайды және мемлекеттік 
идеология мен билік өкілдерін сынауға тыйым салынады.
5) Тоталитаризм бұқаралық ақпарат құралдарына толық бақылау 
жасаумен және баспа қызметіне қатал цензура жасаумен сипатталады. Барлық 
ақпарат бір жақты бағытта яғни, өмір сүріп тұрған құрылысты және оның 
жетістіктерін дәріптеу бағытында болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының 
көмегімен көпшіліктің тоталитарлық саяси тәртіп қойған мақсатты орындауы 
үшін құлшынысын көтеру міндеті шешіледі.
6) Қарулы күрес жүргізудің барлық құралдарын қолдануға деген 
мемлекеттің монополиясы. Әскер, полиция, барлық басқа да күштеу 
құралдары саяси билік орталығына толығымен бағынышты болып, жазалаушы 
органдар қызметін атқарады.
7) Адамдардың жүріс-тұрысына жалпы бақылау, жаппай репрессия және 
күштеу жүйесінің өмір сүруі. Бұл мақсаттар үшін ауыр еңбек қолданылатын, 
адамдарды азаптау, қарсы болғандардың еркін басу, жазығы жоқ адамдарды 
қырып-жоюды жүргізілетін, тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын 
лагерьлер құрылады.
Сонымен қатар, тоталитарлық саяси режимнің «солшыл» және 
«оңшыл» деп аталатын екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше 
белгілері де бар. «Солшыл» тоталитарлық саяси режим марксизм-ленинизм 
идеологияларына негізделді, ол, біріншіден, барлық индивидтердің 
қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылатын коммунистік қоғам құрудың 
мүмкіндігіне сендірді; екіншіден, жеке меншікті жойып, жоспарлы,
экономиканы құруға; үшіншіден, пролетариаттың жетекші рөліне; 


48 
төртіншіден, жаңа қоғамға өту барысында пролетариат диктатурасының 
қажеттілігіне; бесіншіден, әрбір елде коммунизм құрудың мүмкіндігіне 
сендірді. «Солшыл» тоталитарлық саяси режим КСРО-да және басқа 
социалистік елдерде пайда болды. Қазір ол қандай да бір деңгейде Кубада, 
Қытайда, КХДР-да, Вьетнамда өмір сүруде. «Оңшыл» тоталитарлық режим 
фашистік Италия мен Германияда өмір сүрді. «Оңшыл» тоталитарлық саяси 
режим герман фашизмі түрінде ұлтшыл-социализм идеологияларына 
негізделді. Ұлтшыл-социалистік идеологияның басты ережелері: біріншіден, 
германдық рейхтың жаңғыруына; екіншіден, неміс нәсілінің тазалығы үшін 
күреске; үшіншіден, барлық бөтен элементтерді (ең алдымен еврейлерді) 
қырып-жоюға; төртіншіден, антикоммунизм; бесіншіден, капитализмді 
шектеу. Тоталитаризм – бұл авторитарлық саяси режиммен байланысты, 
тарихи тығырыққа тірелген, болашағы жоқ саяси режим болып табылады. 
Авторитарлық (латын тілінен autoritas – билік, ықпал) режим – бұл 
қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, оның негізін қандай да бір топтың, 
бір адамның немесе институттың билікке деген монополиясы құрайды. 
Авторитарлық 
саяси 
режим, 
әдетте, 
саяси 
күштердің 
қатал 
поляризациялануымен қатар жүріп, қоғамдық құрылысы ауысқан елдерде; 
ұзаққа созылған экономикалық және саяси дағдарыстар орын алып, оларды 
демократиялық құралдармен жеңу мүмкін болмайтын елдерде пайда 
болатынын тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Қазіргі әлемде авторитарлық 
режим Азия, Африка, Таяу және Орта Шығыс, Латын Америкасы елдерінде 
кеңінен таралған.
Авторитарлық саяси режимдердің ортақ ерекшелікті белгілеріне 
төмендегілер жатады:
1) Халықтың биліктен шеттетілуі. Бір ғана адам немесе бір топ, не 
болмаса мемлекеттің бір ғана органы билікті алып жүруші болып табылады. 
Бұл харизматикалық көшбасшы, монарх, диктаторлар, популистік 
көшбасшылар және т.б. болуы мүмкін. Олар қоғамда шектеусіз және 
бақыланбайтын билік жүргізеді. Авторитарлық қоғам халық пен биліктің 
арасына үлкен алшақтық туындатады.
2) Бірыңғай міндетті идеология болмаса да, мемлекеттік идеология 
басымдық етеді. Авторитарлық көшбасшылар (тоталитарлыққа қарағанда) 
үлкен мақсаттарға жетудегі, мысалы, әлемді қайта құру сияқты ұмтылыстарға 
деген өздерінің іс-әрекеттерін дәлелдемейді. Олар қоғамның жойылу алдында 
тұрғандығын мәлімдеп, оны құтқарудың міндетін өз мойнына алатынын, 
содан кейін, билікті беретіндіктеріне жұртты сендіреді.
3) Биліктің айқын бөлінуі болмайды. Мемлекеттік саясатқа бақылау 
жасауда парламенттің рөлін және сот билігіне атқарушы биліктің ықпалын 
шектеп, атқарушы билік және ішінара заң шығарушы билік мемлекет 
басшысының қолына айтарлықтай шоғырланады.
4) Қарсылық көрсеткендерді көндіруге мәжбүрлеу үшін қажетті күшке 
сүйенеді. Дегенмен, аталмыш режим тоталитаризмдегі сияқты жаппай қуғын-
сүргінге ұмтылмайды.


49 
5) Саясаттың монополиялануы, яғни барлық саяси іс-әрекет саяси 
биліктің ерекше қызметіне айналады. Соған сәйкес басқа барлық саясат 
субъектілерінің ымырасыздығына: ашық-агрессияшыл саяси оппозицияға, 
белсенді-күшті саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдарға тыйым 
салынады. Кейбір жекелеген жағдайларда авторитаризмде кәсіподақтар мен 
оппозициялық саяси партиялардың санына шектеу қойылып, олар биліктің 
қатаң бақылауына алынады.
6) Қоғамға толық, жаппай бақылау орнатудан бас тарту. Авторитарлық 
режимнің неғұрлым дамыған түрі – «саясаттан басқаның бәріне рұқсат» 
принципіне негізделген. Сондай-ақ, саяси билік әлеуметтік қамтамасыз етуді 
ұйымдастыруға және дамудың жалпы стратегиясын жасауға белсенді түрде 
араласады. Экономика, мәдениет, дін, жеке бастың өмірі мемлекеттік 
бақылаудан тысқары қалады.
7) Басқарушы элитаның қалыптасуы демократиялық жолмен емес, 
жоғарыдан тағайындау арқылы жүреді. Нәтижесінде авторитарлық 
көшбасшының айналасындағылар жеке көсемге берілгендік негізінде 
іріктеледі, ал олардың іскерлік сапасы мен қабілеті ескерілмейді.
Мұндай ортақ ерекше белгілер негізінен барлық авторитарлық саяси 
режимдерге тән. Типтеуге келетін болсақ, авторитарлық биліктің нақты 
нұсқаларын анықтаудағы ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болуы және 
амалдардың көп түрлілігі бойынша, авторитарлық саяси режимдердің әскери-
авторитарлық, авторитарлы-теократиялық, самодержавиялық-монархиялық, 
олигархиялық, 
революциялық-популистік, 
авторитарлы-бюрократиялық 
секілді негізгі типтерін бөліп көрсетуге болады.
3. Демократиялық саяси режим саяси режимдердің ең күрделі типі 
болып саналады. «Демократия» деген сөз (грек тілінде – demos – халық, cratos 
– билік) халық өкіметі, халық билігі дегенді білдіреді. «Демократия» термині 
мағынасының эволюциясы мен көп қырлылығы адамзат қоғамының 
дамуымен байланысты. Монархтар мен аристократтардың басқаруымен 
салыстырғанда демократия алғашқыда, азаматтардың тікелей басқаруы 
ретінде қарастырылды. Алғаш демократия б.э.д. V ғасырдағы Афины қала-
мемлекетінде пайда болды. Афиныда негізгі саяси институт Жиналыс болды, 
оған 5-6 мың қатысушылар тартылды және ересек ер азаматтардың барлығына 
есігі ашық болды (әйелдер, құлдар және шетелдіктер қатыса алмады). 
Жиналыс қарапайым көпшілік дауыспен ешбір құқықтық шектеусіз кез келген 
ішкі мәселелерді шеше алатын болды.
Демократияны түсінудің жаңа кезеңі XVII-XVIII ғғ. буржуазиялық
революция идеологтарының ықпалымен және АҚШ пен Батыс Еуропа 
елдерінде демократиялық режимдер қалыптасу тәжірибесінің ықпалымен 
орнықты. Демократия идеологтары мемлекеттегі биліктің қайнар көзі ретінде 
халық егемендігін жариялап, билікті бөлудегі, шешімдер қабылдау мен 
олардың орындалу барысындағы азшылықтың көпшілікке бағынуындағы, 
биліктің негізгі органдарын сайлаудағы азаматтардың тең құқықтылығы 
мойындалды. Сондай-ақ, өкілдік демократия тұжырымдамасы саяси ғылымда 


50 
ерекше орын алады. Өкілдік демократия тұжырымдамасы биліктің әрекеті 
үшін негіз ретінде қоғамда халықтың толық еркіндігі болуын теріске 
шығарады. Бұл тұжырымдаманы (концепцияны) жақтаушылардың пікірі 
бойынша, халықтың толық еркіндігінің болуы мүмкін емес, өйткені адамдар 
өздерінің іс-әрекетінде қоғамдық принципке емес, жеке пайдаға сүйенеді 
деген. Халық өздерінің еркіндігін тікелей емес, белгілі бір уақытқа өз 
өкілеттілігін өкілдерге беру арқылы жанама түрде білдіретіндіктен халық 
биліктің қайнар көзі ретінде мойындалады.
Қазіргі Батыс саясаттануында плюралистік демократия тұжырымдамасы 
(Р.Даль, Д.Расмен), элитарлық демократия теориясы (И.Шумпетер) және 
партисипаторлық демократия теориясы (Д.Макферсон және т.б.) кеңінен 
қолдау тауып отыр. Демократиялық дамудың қазіргі кездегі теориясы мен 
тәжірибесі демократиялық режимдердің негізгі екі түрін ажыратады: 
элитарлы-демократия және әлеуметтік демократия режимі. Биліктің элитарлы-
демократиялық жүйесі жағдайында элитарлы саяси күштердің бәсекелестігі 
шынайы қоғамдық проблемалардың шағын ортасына салыстырмалы түрде 
қозғау салады; негізгі мәселелер бойынша олардың бірлігі мен келісімі жеке 
сипаттағы айырмашылықтан басым болады. Белгілі бір ойын ережесі 
шеңберінде әрекет ете отырып, саяси элитаға кіретін неғұрлым ықпалды 
топтар кезектесіп саяси шешімдер қабылдауға, басқа саяси күштердің 
араласуына жол бермей, маңызды мемлекеттік функцияларды іске асыра 
алады.
Әлеуметтік демократия режимінің саяси жүйесі «ашық» сипатта болады, 
ал, заңның шеңберінде әрекет етуші кез келген әлеуметтік-саяси күштердің 
дербес қимыл жасауға және саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпал ету 
мүмкіндігіне құқығы бар. Әлеуметтік демократияның көптеген идеялары мен 
принциптері Дания, Финляндия, Швеция сияқты және т.б. бірқатар еуропалық 
елдерде жүзеге асырылуда. Билікті бір қолға шоғырландыру арқылы заңсыз 
иемденуге жол бермеу – демократия қалыптасуының негізгі және оның 
қызмет етуінің басты принципі. Сонымен қатар, келесідей принциптерді 
негізге алады: саяси плюрализм; азаматтардың мүдделерін білдірудің тікелей 
өкілдік формалары; бостандық пен жауапкершіліктің өзара байланысы; 
көпшіліктің мүдделері мен азшылықтың өз позицияларына деген құқықтарын 
қамтамасыз ету; заңның үстемдігі; жариялылық; сайланған өкілдер және т.б.
Демократиялық жүйелерде демократиялық процедуралардың үлкен 
маңызы бар. Демократиялық режимді сипаттайтын неғұрлым маңызды 
процедуралардың ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет: әділ түрде еркін 
жүйелі сайлау; тікелей, тең, құпия дауыс беру; жүргізілуінде мәселелердің дәл 
қойылуы айырықша аса маңыздылыққа ие референдумдар, қорытындысында 
– нәтижелерді міндетті түрде жүзеге асырудың механизмі шығады; 
өкілеттілігін беру; қоғамдық пікірді зерттеу және есепке алу; маңызды 
қоғамдық мәселелерді жалпыхалықтық негізде талқылау. 
Барлық демократиялық саяси режимдерге тән ортақ ерекше белгілерді 
атап көрсеткен жөн. Олар: құпия дауыс беруді пайдаланып, тең, жалпыға 


51 
бірдей, тікелей сайлаулар арқылы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі 
басқарудың өкілдік органдарын сайлау; жалпы мемлекеттік заңдар шығаруға 
деген парламенттің ерекше құқығының болуы; биліктің заң шығарушы, 
атқарушы және соттық тармақтарға бөлінуі, олардың арасында билік пен 
өкілеттілігін бөлуде бір-бірін тоқтату және қарсы салмақ механизмінің болуы; 
көппартиялық; азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу барысында 
көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауы; азаматтардың тең құқықтылығының 
кепілдігі, билік пен оның кез келген өкілін сынауға әрбір адамның құқығын 
мойындау. 
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, саяси режимдер 
қоғамның саяси жүйесінің функционалдық аспектілерін қарастырады деген 
тұжырым жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет