Энергетика



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
саяси

1. Антрепренерлік жүйе. 
Бұл жүйеге ашықтық, элита қатарына кіруге 
ниет білдірушілердің қалың тобы және олардың арасындағы бәсекенің жоғары 
деңгейі тән. Антрепренерлік жүйеде түрлі әлеуметтік топтардың өкілдеріне 
мүмкіндік бар, бұл оларды халық бұқарасына жақын ете түседі. Мұндай жүйе 
жағдайында элита қатарына кірудің кең тараған жолы – сайлау жүйесі болып 
табылады. Антрепренерлік жүйе тұрақты, шынайы демократиялық жүйелерде 
кең тараған. Жүйенің өз құндылықтарына қарамастан кемшілік тұстары да 
бар. Соның бірі саясатқа кездейсоқ, содыр адамдардың, баянды еңбекке 
икемсіз топтардың еніп кету мүмкіндігі. Екінші, элита қатарының әртектілілігі 
ішкі жанжалдарды тудырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіруі де 
мүмкін.
2. Гильдия жүйесі. 
Бұл элитаны жаңартудың жабық түрі. Мұнда белгілі 
бір топтар мен сословие өкілдері ғана кіреді. Гильдия жүйесінде элита 
қатарына кіру үшін баяу және біртіндеп жылжу тән. Мұнда біліктілік, білім 
деңгейі, адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі сияқты мәселелер шешуші рөл 


31 
атқарады. Үміткерлер белгілі бір әлеуметтік топтар мен партиялардан 
таңдалады және бұл таңдауды басшылардың шағын тобы жүзеге асырады. 
Гильдия жүйесі бәсекенің болмауы себепті бір типтегі басшыларды 
дайындауы мүмкін. Бұл элита жабық кастаға айналып бірте-бірте жойылып 
кетуі де мүмкін. Сонымен қатар бұл жүйенің жағымды тұсы да бар. Ол 
элитаның жоғары болжамдығы, яғни элита туралы толық ақпаратқа ие болу 
мүмкіндігі, ал бұл айтарлықтай ішкі жанжалдардың туындамауына, қоғам 
тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Гильдия жүйесі тәртіп пен күшті 
партиялық жүйелер орнаған дамыған демократиялық мемлекеттерге де тән.
Гильдия жүйесінің номенклатуралық формасы да бар. Ол социализм 
елдерінде, соның ішінде КСРО-да кең тарады. Мұнда саяси элитаны белгілі 
бір деңгейдегі партиялық ұйымдар ғана қалыптастыра алды. Номенклатура 
жүйесі жағдайында ішкі жанжалдарға жол берілмеді, саяси курс сабақтастығы 
жалғасын тапты. Басты құндылықтар білім, кәсіби біліктілік, тұлғаның 
белсенділігі емес, жоғары басшылықтың тапсырмаларын бұлжытпай орындау 
мен соларға адалдық басты рөл атқарды. Сол себепті де билікке дербес, 
тәуелсіз, бастамашыл адамдар аз тартылған, элита жабық кастаға айналып, 
кейін ол жүйенің күйреуіне алып келді. 
Саяси элита билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита 
деп бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси 
шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, 
бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, 
олқылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе 
контрэлита деп атайды. 
Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық 
элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. 
Жабық элитада ол белгілі бір топтан шыққандармен ғана толықтырылады.
Қазақстандағы саяси элита мәселесіне келсек, мемлекеттіліктің алғашқы 
қалыптасу жылдарында шынайы тәуелсіздік және нарықтық экономика 
жағдайында өмір сүріп, жұмыс істеген билік адамдары болмады. Сол себепті 
Кеңестік 
билік 
тұсында 
номенклатуралық 
қызметтерде 
болған 
азаматтарымыз мемлекеттік институттарға қызметке келді. Олар жаңа 
шындықты қабылдап, соған бейімделуге тырысты. 
1990 жылы нарыққа өту жолындағы экономикалық реформаларды 
әзірлеуі тиіс мамандарды даярлау мақсатында бірнеше құрылымдар жұмыс 
істеді. Олардың қатарында Экономикалық реформалар бойынша Министрлер 
Кеңесінің мемлекеттік комиссиясы, Жоғарғы экономикалық Кеңес, 
Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму Қоры, т.б. 
бар. Сөйтіп теориялық білімі мен дайындығы бар алғашқы мамандармен 
жабдықталған жаңартылған басқару жүйесі дайындалды. Елде ашылған 
ҚБЭБИ, Мемлекеттік қызмет Академиясы сияқты білім ошақтары, «Болашақ» 
бағдарламасы да өз жемісін берді. Мемлекеттік қызметтерге түрлі жеке 
меншік қаржы-банк және коммерциялық құрылымдардың да өкілдері 
тартылды. Қазақстанның басқарушы элитасының алғашқы 10-15 жылдың 


32 
ішінде жасарғанын да айту керек. Мыңдаған қазақстандықтар шетелде білім 
алып, бірнеше тілде сөйлеп, батыстық және шығыстық (дәстүрлі) басқару 
стилдерін тоғыстырды.
Дегенмен елдегі сыбайлас-жемқорлықпен экономикалық қылмыс 
түрлерінің өршуі, шешімін күтіп жатқан әлеуметтік мәселелердің қордалануы, 
жұмыссыздықтың белең алуы себепті қоғамымызда элита құрамына, оның 
қызметіне деген сенімсіздіктің орын ала бастағандығын да байқау қиын емес.
Саяси элитаның қоғам алдындағы белгілі бір функциялары бар. 
Олардың басты функциялары қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының 
мүдделерін зерделеп талдау және оларды саяси нұсқамаларда көрсету, саяси 
идеологияны дайындау, түрлі әлеуметтік құрылымдардың қажеттіліктерін 
есепке алу, саяси ойларды жүзеге асыру механизмдерін жасау, басқару 
органдары аппаратын құру, саяси көшбасшыларды ұсыну және көтермелеу 
болып табылады. 
3. Көшбасшы ұғымы ағылшынның Leader - to lead – сөздерінен 
аударғанда өз соңынан ерту, бастап шығу, ілестіру дегенді білдіреді. Бұл 
көшбасшы дегеніміз - соңынан ерушілері, жолын қуушылары, ізбасарлары 
мен қолдаушылары бар тұлға дегенді аңғартады. Көшбасшы тарапында бедел, 
күш, ерік-жігер және ықпал болса, оның ізбасар-қолдаушыларының 
тарапынан сенім, құрмет, тәнтілік, бойұсыну мен сүйіспеншілік орын алады.
Көшбасшы болу үшін жеке тұлға ерекше бір қасиеттерімен ерекшеленуі 
тиіс. Ондай қасиеттерге мынадай белгілерді жатқызуға болады: 
-
мінез-құлық белгілері (бастамашылдық, тәуелсіздік, икемділік, 
өктемшілдік, батылдық, жанқиярлық, жауапкершілік ала білу, т.б.); 
-
зияткерлік қасиеттері (ақыл, логика, пайымдылық, көрегендік, 
бірегейлік, ішкі түйсік, сөйлеу қабылеті, т.б.); 
-
іскерлік қасиеттері (ұйымдастыру қабілеті мен дағдылары, иландыру, 
танымалдылыққа ие болу, т.б.). 
Кез келген көшбасшы, саяси көшбасшылардан осы қасиеттерді 
кездестіруге болады. Дегенмен, бұл қасиеттерге ие кез келген адам көшбасшы 
бола бермейді. Адам нақты бір жағдайға байланысты көшбасшы болу 
мүмкіндігіне ие. Жағдай дегеніміз экономика, әлеуметтік немесе саяси 
өмірдегі күнделікті өзгерістер ғана емес, сонымен қатар мәдениет және 
институционалды қарым-қатынастар сияқты ұзақ мерзімді факторларды да 
қамтуы мүмкін. Адамның қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалай білуі немесе 
тиісінше түзету енгізуі сияқты іс-әрекеттері оның қоғамдағы көшбасшылық 
позициясын бекіте түседі.
Көшбасшы-билеушінің 
бейнесін 
алғашқылардың 
бірі 
болып 
италияндық философ, мемлекеттік қайраткер, ойшыл Н. Макиавелли (1469-
1527) берді. Оның пікірінше, билеуші қоғамды топтастыру және тәртіпті 
сақтау үшін кез келген амалды, тіпті қулық пен күшті де пайдалана алады. Ал 
француз тарихшысы Т. Карлейльдің (1795-1881) пайымдауынша, «тарих – 
батыр тұлғалардың қызметінің нәтижесі, ал қалған адамдар тобы 
«жарымжан», олар көшбасшының бағыттаушы әрекетінсіз өмір сүруге де 


33 
қауқарсыз. Неміс ойшылы, философ Ф.В. Ницшенің тұжырымдамасы (1844-
1900) адамзаттың ең жоғарғы өкілдері ретінде тек ұлы көшбасшылар ғана 
тарихты жасайды дегенге саяды. Оның «Бірегей адам» идеясы бойынша 
бірегей жай адамға ұқсамайды. Ол тәуекелшіл, сәтсіздіктен қорықпайтын 
адам. Бірегей өз-өзін түзету мен өзінен үздіксіз асып түсудің үлгісі. Ол өзінің 
өте күшті, құдіретті болуы үшін бәріне барады. Бірегейлер ортасындағы 
бәсеке қоғамның шындап дамуын туғызады. Дегенмен, Ф.Ницшенің бұл 
тұжырымдамасы туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. 
Көшбасшы мәселесіне қатысты марксизм негізін салушылардың пікірі 
мүлдем басқа. Марксистердің ойынша, тарихты адамдар жасайды, олардың іс-
әрекеттері мен ұмтылыстарына түрткі болатын себептер қоғамның 
экономикалық өмірінде, материалдық жағында жатыр.
Неміс 
философы, 
әлеуметтанушы 
Макс 
Вебер 
(1864-1920) 
көшбасшылықтың үш түрін бөліп көрсетеді: 
1)
Дәстүрлі көшбасшылық. Бұл «индустрияға дейінгі» қоғамға, 
ақсүйектерге тән дәстүрдің киелілігіне деген сенімге негізделеді. 
2)
Харизмалық көшбасшылық. Көсемнің қабілеті мен зеректігіне, оның 
өзгешелігіне, жеке басына деген сенім мен табынуға құрылған. 
3)
Рационалды-заңды көшбасшылық өмір сүріп тұрған тәртіптің 
заңдылығына негізделеді. Олар заң аясында таза, әділетті сайлау жолымен 
билікке келу мүмкіндігіне ие. 
Саяси көшбасшылық өзің ауқымы мен қалың халық бұқарасы 
арасындағы беделіне қарай қоғамдағы басқа көшбасшылықтан ерекше тұрады. 
Соған байланысты саяси көшбасшыларды да бірнеше топқа бөліп 
қарастырады:
а) жалпыұлттық көшбасшылар, олар тұтас халықтың дерлік қолдауына 
ие;
ә) аймақтық көшбасшылар, олардың ықпалы мен беделі нақты бір 
аймақпен шетеледі;
б) белгілі бір әлеуметтік топтардың мақсат-мүдделерін қорғаушылар;
в) партия көшбасшылары, олар тек партия мүшелері емес, сонымен 
қатар сол партияның бағдарламаларын қолдайтындарды да өз соңдарынан 
ертеді. 
Саяси көсемсымақ деген ұғым да бар. Көсемсымақтар қатарына 
популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдарды жатқызамыз. Оларды 
көпшіліктің қарапайым талаптарын алға тартып, өз атын шығару үшін сол 
көпшіліктің сол кездегі жан-толғанысын (ашу сезімі, өшпенділік сезімі
араздық сезімі) пайдаланып асыра сілтеп уәде беріп, бедел жинаушылар, 
мансап қуушылар ретінде түсіндіруге болады. Көсемсымақтар қоғамдық 
пікірдің алдына шықпай, керісінше, ығында жүреді. 
Шынайы саяси көшбасшылар саяси күрес барысында қалыптасады. 
Саяси көшбасшы үшін қоғам мүддесі жеке бас мүддесіне жоғары тұру тиіс, 
бұл өз кезегінде оның беделінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Сонымен 


34 
қатар іс-әрекеттерді ұйымдастыра білу, байланысқа бейімділік, саяси 
мәдениеті жоғары, білімді, әдепті, моральдық жағынан беделді адам болу тиіс. 
Саяси көшбасшының функциялары сан-алуан болып келеді. Олар 
қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-мүдделері негізінде әр түрлі 
топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, 
топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік 
тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды 
жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру 
арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, 
топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың 
тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі 
болу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет