Энергетика



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
саяси

Бақылау сұрақтары 
1 Билік ұғымына анықтама беріңіз? 
2 Билікке берілген инструменталистік анықтама? 
3 Саяси биліктің экономикалық ресурстарына не жатады? 
4 Мемлекеттік билік пен саяси биліктің айырмашылығы қандай? 
5 Харизматикалық легитимділік дегеніміз не? 
5 тақырып. Саяси элиталар және саяси көшбасшылық 
 
1 Саяси элита түсінігі. Элиталардың негізгі теориялары (Г. Моска, 
В.Парето, М.Вебер). 
2 Саяси элиталардың қалыптасуы және жіктелуі.
3 Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік 
функциялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі.


29 
Дәрістің мақсаты: 
саяси элита теориялары, саяси элитаның 
қалыптасуы мен жіктелуі және саяси көшбасшылықтың сипатын анықтайтын 
факторларға талдау жасап, олардың қоғамдағы рөлі мен орнын зерделеу. 
1. «Элита» термині француздың elite, латынның 
eligo
- сұрыпталған, 
таңдалған, іріктелген деген сөзінен шыққан. XVIII ғ. Францияда жоғары 
сапалы тауарларды, кейіннен әлеуметтік құрылымдағы «таңдаулы адамдарды», 
ең алдымен жоғарғы ақсүйектер тобын осылайша атау қабылданған. Ал 
саясаттану мен әлеуметтану ғылымдарында мемлекеттік басқару істерінде 
жоғарғы басқарушы лауазымдарды иемденуші адамдар тобын атайды.
Адамдарды ел билеушілер мен оларға бағаныштыларға бөлу идеясының 
тарихы ертеден бастау алады. Ежелгі Қытай философы, әрі көрнекті ойшылы 
Конфуций (б.д.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және 
төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Ал ежелгі грек ойшылы Платон (б.з.д. 
427- б.з.д.347) билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге 
ажыратты. Ғылымдағы элитарлық теорияны XIX ғасырдың 2-жарысы - XX ғ. 1-
жартысында өмір сүрген италияндық әлеуметтанушы-ғалымдар Г. Моска (1858-
1941), В. Парето (1848-1923) және неміс ғалымы Р. Михельс (1876-1936) және 
т.б. қалыптастырды. 
Г. Москаның негізгі еңбектері қатарында «Саяси ғылым негіздері 
(Elementi di scienza politica)» және «Саяси доктриналар тарихы (Storia delle 
dottrine politiche)» атты еңбектері бар.
Г. Москаның пікірінше, кез келген қоғам басқарушы азшылыққа – «саяси 
топ (элита)» және соған бағынышты көпшілікке бөлінеді. Ғалым билікті бір 
адам немесе тұтас халық жүзеге асыра алмайды деп есептейді. «Әкімшілдік, 
дін, экономика, әскер және мораль сияқты салаларды біріктіретін саяси 
басшылықты ерекше, яғни ұйымдасқан азшылық қана жүзеге асыруға 
қабілетті» дей келе, Г.Моска өз еңбектерінде элита өкілдеріне тән болуы тиіс 
мына қасиеттерді көрсетеді:
- адамдарды басқару қабілеті; 
- ұйымдастырушылық қабілеті; 
- басқа топтардан ерекшелеп тұратын моральдық, материалдық және 
интеллектуалды артықшылықтары. 
Г. Москаның пікірінше, басқарушы элита үшін қауіпті нәрсе – олардың 
мұрагерлік, жабықтық, оқшаулануға ұмтылысы, ал бұл өз кезегінде 
контрэлитамен қақтығыс тудырып, әлеуметтік-саяси өзгерістерге алып келеді.
Сонымен қатар Г. Моска басқарушы (элита) тобының үнемі жаңаруы 
тиіс екендігін ескертеді. Жаңарудың үш тәсілін – мұрагерлік, сайлау және
кооптацияны (лат. cooptatio - қосымша сайлау) бөліп көрсетеді. Ол алғашқы 
екеуіне ерекше тоқталады. Оның ойынша, егер мұрагерлік үстемдік етсе 
басқарушы элита жабық болып, қоғам тоқырауға ұшырайды, ал екінші – 
демократиялық тәсілі үстемдігі жағдайында саяси элита ашық болады, бірақ 
тұрақсыздық пен саяси дағдарыстар қаупі күшейеді. Сондықтан барынша 


30 
үйлесімді қоғам ол осы үрдістердің тепе-теңдігі орнаған қоғам болып 
табылады.
Элита теориясының негізін қалаушылардың бірі италиандық ғалым 
Вильфредо Парето. Ол «Саяси экономия курсы» («Cours d’économie politique»), 
«Социалистік жүйелер» («Les Systémes socialistes») «Саяси экономия» 
оқулығы («Manuale di economia politica») еңбектерінің авторы. В. Паретоның 
пайымдауынша, қоғам пирамида тәрізді, оның ең басында элита - қоғам өмірін 
бағыттаушы, басқарушы әлеуметтік топ тұр. Ғалым қоғамның табысты дамуы 
элитаның дер кезінде, өз уақытында жаңаруымен байланысты деп есептейді. 
Бұл теория «Элита айналымы» («circolazione delle élite») деп аталады. Элита 
билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Өз 
идеясын жүзеге асырған соң элита өз орнын жаңа идеяға, яғни жаңа элитаға 
беруі тиіс. «Элиталардың айналымы» қоғамды алға жылжытып отырады. Ал 
«Элита айналымының» болмауы қоғамды тоқырауға алып келеді, төңкеріс 
орын алып ескі элитаның орнын жаңа элита басады.
2. Қоғамда саяси элиталардың қалыптасуы мен өмір сүруі түрлі 
объективті сипаттағы себептер мен үрдістерге байланысты. Қоғам кез келген 
күрделі жүйе сияқты кәсіби басқаруды қажет етеді, ал бұл өз кезегінде 
қоғамның басқарушылар мен басқарылушыларға жіктелуіне алып келеді. 
Қоғам басқару функцияларын атқаратын кәсіби білім мен дағдыларға ие 
адамдар тобына зәру болады. Осылайша, саяси элита дегеніміз – ықпалы, 
мәртебесі жағынан қоғамның басқа мүшелерінен ерекшеленетін, мемлекеттік, 
қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы 
билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.
Саяси элитаның қалыптасуының, өмір сүруінің тағы бір себебі - қалың 
бұқараның өзін саясаттан алшақ ұстауы, енжарлығы, қоғамдық-саяси өмірге 
қатысудан бас тартуы (apolitical) деп түсіндіріледі. 
Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды кызметке іріктеп 
алудың антрепренерлік және гильдия жүйелері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет