Саяси элита термині француздың “elite” деген сөзінен шыққан. Сұрапталған,тандалған іріктелген, деген мағынаны білдіреді. XVII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдардың ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға
Бөлу идеясы өте ертеден бастау алды. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға билеуші элитаға
Және төменгі қарапайым адамдарға бөлді.
Платон билеуші филосовтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар
Жүйесі ретінде XX ғ басында Италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс, және т.б қалыптастырды.
Саясатты жүргізе біліп, саяси қызметпен кәсіби айналысу үшін арнай білім мен дайындық қажет. Кез келген адам еш дайындықсыз бірден саяси қызметке араласып, саяси шешімдер қабылдауда айтарлықтай рөл атқара алмайды. Ол үшін арнайы біліммен бірге қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мұқтаждықтары мен мүдделерін ескеру, соларды келісті түрде іске асырудың жолдарын білу қажет. Соған орай тиісті құрал-жабдықтарды игеру қажеттілігі туындайды да, осыдан барып саясат субъектісі ретіндегі саяси элита туралы мәселе көтеріледі.