Саясиэлитаны тудыратын факторлар 1.Қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек.
2. Адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері.
3.Қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады.
4.Бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).
Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртка ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге койылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тұр кеңтараған.
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.
Антрепренарлық (франц. еntrepreneur – кәсіпкер) жүйе бойынша элитаға кандидаттар әпкімнің жекебасының қасиеттеріне байланысты сұрыпталады. Бұл жүйенің артықшылығы оның ашықтығында, формалдық шарттарының аздығында, соған орай әлеуметтік қабаттардың қай-қайсының да өз кандидаттарын ұсынуға мүмкіндігі болатындығында. Антрепренерлік жүйе көптеген кандидаттар ұсынылып, олардың арасындағы өткір бәсекенің болуын қалайды. Мұнда селекторат (лат. selectio – талғау, сұрыптау), яғни сұрыптаушылар, есебінде барлық ересек тұрғындар қатынасады. Алайда оның маңызды бір кемшілігі бар: бұл жүйені қолдану нәтижесінде билікке кездейсоқ адамдардың, өздері туралы сырт қарағанда тәп-тәуір әсер туғыза білетін, бірақ та іскерлігі, біліктілігі жағынан лайықсыз адамдардың келуіне тосқауыл бола алмайды. Бұл жүйе көбіне дамыған демократиялық елдерде қолданылады.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабық болып саналады.
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның ар- тықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.
Гильдиялар (нем. gilde – бірлестіктер) жүйесі элитаға кандидаттың билік баспалдағымен біртіндеп, төменнен жоғары қарай сатылап көтерілгенін қалайды. Бұл жүйе кандидаттарға көптеген формалдық талаптар қойып, оларды белгілі бір әлеуметтік топтардан (сословиеден, таптан, кастадан және т.б.) не әлдебір партиядан сұрыптайды. Гильдиялар жүйесі, әдетте, консервативтік жүйе ретінде сипатталады. Сондықтан элитаның қатары біртекті, тұйықталған болып келеді және біртіндеп жабық кастаға айналып тынады. Сонымен бірге оның артықшылықтары да жоқ емес: саясаттағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, элитаның арасындағы қақтығыстарға жол бермейді, саяси шешімдердің қабылдануы мен іске асуында белгілі бір реттілік сақталады, орынсыз тәуекелге жол берілмейді. Бұл жүйе көбіне тоталитарлық саяси режімдерде қолданылады.