Энергетика



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
саяси

Бақылау сұрақтары 
1 Саяси режим дегеніміз не? 
2 Диктатураның анықтамасы қандай? 
3 Тоталитаризм терминін түсіндіріңіз ? 
4 Авторитаризм белгілері қандай? 
5 Демократияның принциптерін атаңыз? 
9 тақырып. Сайлау жүйелері және сайлау 
 
1 Сайлау жүйелерінің мәні және негізгі түрлері. 
2 Саяси кампанияның құрылымдық сатылары. 
3 Сайлау кампаниясы және сайлау шаралары. 
Дәріс мақсаты: 
сайлау жүйесі мен азаматтардың мемлекеттің 
өкілеттілік органдарына сайлау және сайлану құқықтарын қарастыру. 
Сайлаудың қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлін ашу. Сайлау 
кампаниясының қызметін сипаттап, сайлау жүйесінің кең таралған түрлерін 
талдау. Сайлау шараларының мәні мен оның маңызды түрлеріне түсінік беру.
1. Сайлау – мақсаты мен қорытындысы белгілі бір уақытқа басқару және 
шешім қабылдау функцияларын жүзеге асыратын адамдарды сайлау
жолындағы іс-қимыл жиынтығы. Сайлау басқарушы элита құрамына
үміткерді жай ғана іріктеу емес, өте маңызды даму жолын анықтайтын саяси 
үрдіс. Сайлау және сайлану құқы дегеніміз – мемлекеттің өкілеттілік 
органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. Бұл адам 
құқықтарының жалпы декларациясынан туындайды. Осыған байланысты әр 
елдің конституциясы бойынша 18 жасқа толған әрбір азамат (заңмен 
шектелген жағдайлардан басқа) сайлауға қатыса алады.
Сайлау құқығының 2 түрі бар:
1) Белсенді түрі.
2) Бәсең түрі. 


52 
Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Ал, бәсең түрі 
олардың сайлану құқығын қамтиды.
Қазақстан азаматтарының сайлау құқығы конституциямен, яғни «Сайлау 
туралы» конституциялық заңмен қамтамасыз етілген. Қазақстан азаматтары 
тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, 
тіліне, діни көзқарасына, нанымына қарамастан сайлауда дауыс беруге 
құқығы бар. Он сегізге толған әр бір азамат Республика Президентін, 
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға 
құқылы. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу құқығымен 
қатар сайлану, яғни өз кандидатурасын Республика Президенттігіне, 
Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер 
бойынша, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарының мүшелігіне кандидат ретінде ұсынуға құқылы.
Сайлаушылар мінез-құлқы – сайлаушылардың белгілі бір үміткерге 
сенім көрсету және қолдау жолындағы іс-әрекеті болып табылады. Сайлау 
қорытындысын 
болжау 
мақсатында 
зерттеушілер 
әлеуметтанулық 
зерттеулерді 
кеңінен 
пайдаланады. 
Әлеуметтанулық 
зерттеулер 
сайлаушылардың мінез-құлқына, оған ықпал ететін факторларды анықтауға 
мүмкіндік береді. Сайлаушылар мінез - құлқын әлеуметтанулық зерттеу 
арқылы, сайлаушылар жасаған таңдау әлеуметтік мәртебесі негізінде 
түсіндіріледі.
Сайлау жүйесі дегеніміз – белгілі бір биліктің түрін, мемлекеттік 
өкілеттілік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды 
қамтамасыз ететін әдістер мен ережелер жиынтығы. Бүгінде сайлау жүйесінің 
алуан түрлері қалыптасқан. Плюралдық жүйе жағдайында жеңіске шартты 
түрде көп дауыс жинаған үміткер жетеді. Мұнда «кім бірінші келеді, сол 
жеңіске жетеді» немесе «жеңімпаз бәріне ие» принципі жүзеге асырылады. 
Мажоритарлық жүйеде үміткер жеңіске жету үшін сайлаушылардың 50 пайыз 
дауысын жинауы қажет. Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар: дауыс берудің 
екі тур арқылы өтуі және балама дауыспен өтуі. Егер бірмандатты округтерде
бірінші турда үміткерлердің бірде-бірі басым дауыс алмаса, онда шартты 
түрде басым дауыс жинаған екі үміткер арасында дауыс берудің екінші туры 
өткізіледі. Ал балама дауыспен дауыс беру жүйесі сайлаушы үміткерлер 
арасынан 
өз 
қалауын 
көрсете 
алған 
жағдайда 
қолданылады.
Пропорционалдық жүйе парламенттік сайлауда кеңінен қолданылып жүрген 
сайлау жүйесі. Мұнда парламентте партиялар өкілдерінің артық болуынан
немесе өкілсіз қалуынан сақтандырады. Пропорционалдық жүйенің мәні 
дауыстардың бөлінуіне сәйкес орындарды бөлу болып табылады.
2. Саяси кампания – нақты саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси 
лидермен басталған ашық зорлық-зомбылық формаларын қолдануға тыйым 
салынатын басқару үрдісі. Саяси кампания негізін белгіленген мақсатқа 
ұмтылатын нақты саяси актордың субьективті еркі құрайды. Саяси кампания 
басқару обьектісі – өзіндік өмірлік позициясы мен құндылық бағыт 
бағдарлары бар адамдар, ал субьектілері - басқару шешімдерін қабылдайтын 


53 
және оларды нақты тәжірибеде жүзеге асыруға ұмтылатын адамдар. Саяси 
кампания ресурстарына жататындар:
1) Адамдық ресурстар - саяси басқару субьектісіне тегін көмектесуге 
дайын ерікті көмекшілер тобы.
2) Қоғамдық-саяси ұйымдар - саяси басқару субьектісіне көлік және 
байланыс құралдарын тегін беруге дайын ұйымдар. 
3) Коммерциялық ұйымдар - саяси басқару субьектісіне материалдық 
көмек көрсетуге дайын (байланыс құралдары, баспа, т.б.) ұйымдар. 
4) Қаржылық ресурстар – саяси кампания қорына ұйымдар мен жеке 
адамдардың қосқан қаржылық құралдары. 
Саяси кампания стратегиясы - саяси басқару субьектісі шешуге тиіс 
мақсаттар мен міндеттер жүйесі. Мақсат-міндеттер нақты анықталып, 
олардың байланысы негізделуі тиіс. Стратегияда басты саяси мақсат 
анықталуы тиіс. Саяси мақсаттарды анықтау саяси қайраткерлер міндеті, ал 
мақсаттар кешенін анықтайтын саяси менеджерлер. Жалпы стратегия 
құжатының құрылымы:
1) Cаяси мақсат. 
2) Басқарушы мақсаттар.
3) Адрестік топтар. 
4) Сендіруші коммуникациялық орталық тақырып. 
5) Сюжеттік линиялар. 
6) Бәсекелестерге қатынас стратегиясы. 
Саяси кампания тактикасы – саяси кампания міндеттерін шешудің әдіс-
тәсілдер жиынтығы. Тактикалық әдіс–тәсілдерге жататындар: сендіруші 
коммуникация техникасы, БАҚ қарым-қатынас тәсілдері, бұқаралық істерді 
ұйымдастыру тәсілдері және т.б. Саяси кампания тактикасын жүзеге асыруда 
саяси менеджерлер рөлі маңызды, яғни саяси менеджерлер келесі міндеттерді 
шешулері тиіс:
1) Бұқара халыққа ықпал ету әдіс-тәсілдерін таңдауда екі белгі негізінде 
тәжірибелік тиімділік және ресурстық қамтамасыз етілуін есепке алуы тиіс.
2) Жүргізілуге тиіс әрекеттерді алдын ала уақыттық және кеңістік 
тұрғыдан бөлу, өзара келісімде жүргізілуі тиіс.
3) Жоспарды құру.
4) Әдіс-тәсілдерді нақты мазмұнмен толтыру. 
Саяси менеджер – саяси кампания жетекшісі, оның негізгі мақсаты 
саясаткерге, мемлекеттік басшылыққа немесе басқа да мүдделі топтарға саяси 
кампанияны ұйымдастырып, өткізуге көмектесу. Саяси менеджер рөлінде 
танымал адам немесе саясаткер болуы мүмкін. Сайлау және имиджді 
қалыптастыру кампанияларында саяси менеджерлер саясаткер көлеңкесінде 
болуы тиіс, әрі ешқандай мәлімдемелер жасамауы қажет. 
3. Сайлау кампаниясы саяси басқарудың ерекше түрі. Мұнда басқару 
субьектісі-үміткерлердің 
басшылығындағы 
команда, 
ал, 
обьекті 
-
сайлаушылар. Басқару мақсаты үміткердің алдына қойған мақсат 
міндеттерімен анықталады. Сайлаудың ресми уақыты жарияланғаннан кейін 


54 
сайлау кампаниясы басталады. Әр партия өздерінің үміткерлерінің тізімін 
ұсынады. Олар заңға сәйкес тіркеуден өтуі қажет. Сайлау кампаниясының 
жұмысын жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылып, оған кәсіби мамандар 
кіреді. Олар: қаржылық агент, саяси ұйымдастырушы, техникалық хатшы, 
арнайы көмекші, қоғамдық пікірді зерттеуші кеңесші, бас кеңесші, пошта 
арқылы мәлімет жинайтын кеңесші. Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар 
үшін қажетті ақпарат әр түрлі жолдар мен құралдармен алынуы мүмкін:
1) Округтың экономикалық дамуы туралы статистикалық мәліметтерді, 
тұрғындардың демографиялық құрамы туралы, өмір сүру деңгейі, соңғы 
сайлау қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу.
2) Тұрғындар арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізу арқылы фокус 
топтармен жұмыс жасау, яғни ұрандар мен жарнамалық роликтерді талдау, 
бұл өз кезегінде адамдардың сайлау кампаниясын ұйымдастырушылардың 
әрекеттеріне реакциясын білуге мүмкіндік береді.
3) Бақылаудың көмегімен бәсекелестер әрекеттерін талдау және 
контент-анализ жасау.
Сайлау науқанын жүзеге асыруда, сайлау технологиялары қолданылады. 
Сайлау технологиялары - бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету 
және оларды нақты үміткерге дауыс беруге ұмтылдыру мақсатында ықпал ету 
тәсілдерінің жиынтығы. Яғни, сайлау науқанын басқару және сайлаушылар 
таңдауына ықпал ету. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі - 
сайлаушылардың 
мінез-құлқын 
реттеуші 
әлеуметтік-психологиялық 
тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологияларының негізгі блоктарына 
жататындар: науқаннын стратегиясын қалыптастыру, сайлау штабтарын 
қалыптастыру және оны басқару, бұқаралық акцияларды өткізу, 
белсенділермен жұмыс жүргізу әдістері және үміткердің негізгі бейнесін 
(имиджін) қалыптастыру. Сайлау технологияларының негізгі түлері: 
Саяси маркетинг (ағылшынның market – базар, нарық деген сөзінен) – 
саяси партиялардың, саяси лидерлердің өкілетті билік органдарына, 
депутаттыққа кандидаттардың және басқа да билік құрылымындағы 
адамдардың сайлаудағы жеңісін қамтамасыз ету мақсатында қолайлы 
имиджін жасауға бағытталған шаралар комплексін құрайды. Саяси маркетинг 
келесі элементтерден тұрады: саяси жағдайды реттеу; саяси коньюнктура 
туралы ақпарат жинау; субьектілердің шынайы мүмкіндіктерін есепке ала 
отырып саяси акцияларды жоспарлау. 
Саяси имидж – саясаткердің өзі туралы, оның тұлғалық қасиеттерін 
бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоршаған ортамен берілген түсініктер 
негізіндегі жасалған бейнесі, яғни адамның, топтың, үрдіс немесе 
құбылыстың кәсіби имиджмейкерлермен аудитория санасында жасалған 
ойдағы үлгісі. Имидж мамандармен жасалған бейне үлгі. Саяси имидждегі 
маңызды белгілер: өзін және өзінің ісіне деген сенімділік; қоғамға қызмет 
көрсету позициясы; адамдарға қамқорлық көрсету, олардың мұқтаждықтарын 
жақсы білу, олардың өмірін жақсартуға ұмтылу; энтузиазм, оң эмоциялар 
тудыру; шешімділік, ерік, энергия; жоғары моральдық қасиеттер; адамдарға 


55 
ықпал ете алу. Имидж саясаткерді сәтті сату үшін дайындалған 
қайталанбайтын саяси ұсыныс. Саясаткердің имиджін қалыптастыру 
технологиялары үміткердің сыртқы бейнесі, адамдармен араласуы, 
дағдарыстарға реакциясы, өзін-өзі ұстай алуы сияқты барлық салаларды 
қамтиды. Саясаткердің имиджін қалыптастыру технологияларының ең 
маңызды түрі - саяси жарнама.
Саяси жарнама мақсаты адамға саяси партия тұғырнамасын, үміткер 
бейнесін немесе басқа саясат субьектісінің мәнін қысқа және эмоциялық 
тұрғыдан ашу, оны жеткізу, оған позитивті қатынасты қалыптастырумен 
қатар, оны қолдауға бағытталған шынайы іс-әрекеттерге итермелеу. Сайлау 
науқанын жүргізу дегеніміз:
- саяси ахуалды бағалау, үміткер мен қарсыластың әлді және әлсіз 
жақтарын, саяси кеңістік құрылымын талдау;
- округтың электоралдық паспортын жасау;
- науқанның негізгі мақсаттарын анықтау; 
- науқанның негізгі идеяларын, тұжырымдарын дайындау;
- сайлаушыларды негізгі идеялармен таныстыру әдістерін таңдау, 
үміткермен және оның өкілдерімен кездесулер, БАҚ, көшедегі жарнама, 
пикеттер ұйымдастыру;
- саяси жоспарлау-сайлау алдындағы белсенділіктің график жоспарын 
құру; 
- сайлау науқанының штабын, бюджетін және т.б. қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет