Энергетикалық бағдарламамен әрі қарай энергия сақтау саясатының дамуы қарастырылады



бет21/26
Дата12.03.2018
өлшемі3,22 Mb.
#38652
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

8.Релелік қорғаныс


    1. Трансформатордың релелік қорғанысы

Күштік трансформатордың релелік қорғаныс жүйесі арнайы жасалған релелерлік аппараатардан тұратын құрылғы болып табылады. Құрылғы электр тізбегінде қандай да бір ақау шыққанда оны автоматты түрде ажыратып тастайды.

Релелік қорғаныс жүйесіне қойылатын талаптар:


  • тез әсерге келуі;

  • сенімділігі;

  • селективтілігі;

  • сезімталдығы;

  • экономикалық тиімділігі.

Трансформатор бүлінулеріне мыналар жатады:

Трансформатордың ненормалдық режиміне:

  • жүктелу тогының өсіп кетуі;

  • сыртқы қысқа тұйықталулар;

  • трансформатор майының төмен түсіп кетуі;

  • орамаларының температурасының қызып кетуі.

Трансорматордың қорғаныс жүйесін есептегенде мыналарды ескеру қажет:

а) трансформаторды қосу кезіндегі магниттелу тогының өсіп кетуін;

б) трансформатор коэффициенті мен орамалардың жалғану схемасының түрі.

Кернеуі 35/10 кВ-тық трансформатор үшін мынадай зақымданулар мен қалыпсыз режимдерден қорғайтын релелік қорғаныс құрылғылары болуы керек:



  • Бойлық дефференциалды қорғаныс – орамалары мен шықпаларындағы көп фазалық тұйықталудан сақтайды;

  • Газдық қорғаныс – орамалардағы орамаралық тұйықталудан және май деңгейінің төмен түсуінен, газ бөлінуден қорғайды;

  • Максималды токтық қорғаныс (МТҚ) – сыртқы қысқа тұйықталулар кезінде орамалар арқылы өтетін токтардан және асқын жүктемеден қорғайды;

Бейтараптамасы оқшауламаланған 10 кв-тық желі үшін көп фазалық қысқа тұйықталулардан қорғаныс түрлері қарастырылады. Көп фазалық қысқа тұйықталудан қорғау үшін екі сатылы ток қорғанысы пайдаланылады, оның бірінші сатысы токкесер, ал екіншісі уақыт ұстамды МТҚ қорғанысы қолданылады.

Жерге бір фазаның тұйықталудан қорғау оқшауламаны бақылау құрылғысын пайдалану арқылы шешіледі (кернеу трансформаторы НТМИ-10).

Кернеуі 35/10кВ трансформаторын қорғау.

Максимал ток қорғанысы РТ-40 релесін, РП-341 аралық релесін және РВМ-12 уақыт релесін пайданып орындалады. МТҚ-ның дифференциал қорғаныстың және асқын жүктелуден қорғаныстың релелері сырттық ТФН-35 ток трансформаторының екіншіреттік орамаларына қосылған. Ток трансформаторы үшбұрыш сұлбасы түрінде жалғанған.

Трансформатордың асқын жүктемеден РТ-40 релесі арқылы орындалады. Ол 35кВ жағындағы трансформатордың В фазасына қосылған. Қорғаныс сигналға жұмыс істейді.

Трансформатор екі газдық қорғаныспен жабдықталған:

а) трансформатордың РГ43-66 релесінде орындалған газдық қорғанысы. Реле трансформатордың ішінде болған зақымданулардан қорғайды. Ол 10кВ кірісінің ажыратқышының ажырауына және қысқа тұйықталуды қосуға әрекет етеді. Газдың бөлінуі аз болса және майдың деңгейі рұқсат етілген шамасынан төмен болғанда реле сигналды қосады.

б) ПГЗ-22 релесінде орындалған газдық қорғанысы.

Трансформатор майының асқын қызуынан қорғау ТС-100 қызу сигналдаушы арқылы орындалады. Техникалық қажетке жарату ережелеріне сәйкес қойылған температурада тағайыншамасы +700С. Осы температураға жеткенде қорғаныс синал береді.



    1. Релелік қорғаныс релелерін таңдап алу

10/0,38 кв-тық трансформаторды 10 кв жағында қорғау.



Бұл трансформаторларды 10 кв жағында қорғау ПК-10 типті сақтандырғыштар арқылы шешіледі. Олардың балқыма қыстырғының тоғы мына өрнекпен анықталад:

мұндағы, Кс =1,5....2 – сенімділік коэффициенті;

Iж = трансформатордың 10 кв жағының номинал тоғы;

Ф2 фидерінің қоректенетін қуаты 160 кв*А трасформаторының тізбегідегі (3,1-сұрқара) балқыма қыстырың таңдап алынады:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет