ТП-10/0,38 кы тұтынушылық қосалқы станцмяларды алуға жұмсалған күрделі қаржы [5] – ті деректерді пайдаланып анықталады. Мұнда комплектілі ТП-лар (ҚТП-лар) қолданылады. ТП-ларға жұмсалған күрделі қаржыны есептеу 5.2-кестеге түсірілген.
35/10 кв-тық ҚС-ны салуға жұмсалатын күрделі қаржы [1] сәйкес Кқс=89,7 мың. Теңге
ӘЖ-лер мен ҚС-ның амортизациялық жарна мөлшерлері.
ӘЖ-10 кв Ра,10=10%; ҚС-35/10 кв
ӘЖ-35 кв Ра,36=4,2%; ТП-10/0,4 кв
Ра,қс=6,3%
ТП-ларға жұмсалған күрделі қаржыны 5.2-кесте
ТП-ның қуаты, квА
|
ТП-ның саны
|
Жеке ТП-ның құны,
тың.теңге
|
ТП-лардың жалыпы құны мың.теңге
|
63
|
13
|
1,49
|
19,37
|
100
|
16
|
3,72
|
59,52
|
160
|
8
|
4,18
|
33,44
|
250
|
3
|
4,21
|
13,63
|
400
|
3
|
4,47
|
13,41
|
40
|
3
|
1,44
|
4,32
|
Барлығы
|
142,69
|
Амортизациялық шығындар:
Еңбек ақысы
Еңбек ақысына жұмсалатын шығындар құрамына мыналар кіреді:
Се.а.=Се.а.нег.+Се.а.қос+Сэ.қ
мұндағы,
Се.а.нег. – негізгі жалақы, теңге/жыл;
Се.а.қос – қосымша жалақы, теңге/жыл;
Сэ.қ - әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін шығындар, теңге/жыл.
Негізгі жалақы Се.а.нег. мына өрнекпен анықталады:
Се.а.нег.=Nө.қ.*Се.а.ор,
мұндағы,
Nө.қ. - өндірістік қызметкерлердің саны, адам;
Се.а.ор – жылдық орташа жалақы (18000-20000 теңге)
Электр тораптары қызметкерлері санының мөлшері [5] алынады. Есептеу нәтижесі 5.3-кестеде түсірілген.
Электр тораптары қызметкерлері 5.3-кесте
Объектінің аты
|
өлшем бірлігі
|
өлшем бірлігіне шаққанда
|
ЭЖ-нің ұзындығы немесе ҚС-ның саны
|
Қызметкерлердің жалпы саны, адам
|
ӘЖ-35кВ
|
100км
|
2,25
|
163,5км
|
3,67
|
ӘЖ-10кВ
|
100км
|
2,79
|
89км
|
2,48
|
ПС-35/10кВ
|
1 дана
|
2,54
|
1 дана
|
2,54
|
ТП-10/0,38кВ
|
100 дана
|
4,72
|
46 дана
|
2,18
|
барлығы
|
|
|
|
10,87
|
Негізгі жалақы мөлшері:
Се.а.нег.=2*10,87=21740 теңге
Қосымша жалақы былай анықталады:
Се.а.қос=(0,1...0,15)*Се.а.нег.= 0,15*21740=3261 теңге
Әлеуметтік қамсыздандыру жарнасы
Сэ.қ =0.14(Се.а.нег.+Се.а.қос)=0,14(21740+3261)=3500 теңге
Еңбек ақысына жұмсалатын шығындар
Се.а.=21740+3261+3500=28500 теңге
Электр жабдықтарына қызмет көрсетуге кететін шығындар
Бұл шығындарға ағымдық жөндеуге жұмсалатын шығындардың барлық түрі, көмекші материалдардың құны, бөгде мекемелердің қызметі және басқа да шығындар жатады. Оның мөлшері амортизациялық жарнаның бір бөлігіне тең деп аламыз.
Сқыз=(0,2...0,3)Са=0,2*103,15=20630 теңге
Жалпы тораптық шығындар
Жалпы тораптық шығындар мына формуламен анықталады:
Сж.т.=Nб.к.*Се.а.б.қ.+(Са+Сқыз) ,
мұндағы,
Nб.к. – басқару аппараты қызметкерлерінің жылдық орташа жалақысы (23000-31000 теңге)
- 0,025...0,5-ке тең етіп қабылданатын коэффициент.
Басқару авппараттарының қызметкерлері санының мөлшері [5] ден алынады. Есептеу нәтижесі 5.4-кестеге түсірілген.
Басқару аппаратының қызметкерлері санын есептеу 5.4-кесте
Объектінің аты
|
өлшем бірлігі
|
өлшем бірлігіне шаққанда
|
ЭЖ-нің ұзындығы немесе ҚС-ның саны
|
Қызметкерлердің жалпы саны, адам
|
ӘЖ-35кВ
|
100км
|
0,39
|
163,5
|
0,04
|
ӘЖ-10кВ
|
100км
|
0,43
|
89,0км
|
0,38
|
ПС-35/10кВ
|
1 дана
|
0,31
|
1 дана
|
0,31
|
ТП-10/0,38кВ
|
100 дана
|
0,72
|
46 дана
|
0,33
|
барлығы
|
|
|
|
1,66
|
Жалпы тораптық шығындар
Сж.т.=1,66*0,37(103,15+20,63)=9060 теңге
10 Еңбекті қорғау
Электр қондырғыларын қауіпсіз күту мен пайдаланудың
негізгі ережелері
Пайдалану кезінде барлық электртехникалық жабдықтар мен электр тораптары кезекші электриктің ұдайы назарында болады және мезгіл-мезгіл тексеріп, алдын алады, сынайды, жөндейді. Мұнан басқа электрқондырғылардағы кейбір жұмыстарды электрик мамандығы болмай-ақ кез келген жұмысшы орындай алады (жарық беруші шамды ауыстыру, электр қозғалтқыштарды қосу және ажырату, т.б.). Бұндай кезде адамдардың денесінен кейбір ток өткізгіш бөліктеріне жанасу кезінде ток өтуі мүмкін.
Адам денесінен ток жүре отырып, ауыр зардапқа, кейде ажалға әкелуі мүмкін. Зардап дәрежесін: адам денесі арқылы өткен ток күшіне, токтың өту ұзақтығы, токтың жиілігі мен адамның жеке қасиетіне байланысты. Ең қауіпті ток - өндірістік жиіліктегі ток. Адам денесінен өтетін өндірістік жиіліктегі 0,05А ток адам өліміне алып келуі мүмкін, ал 0,1А-де өліп те кетуі мүмкін. Аса қауіптісі ми мен жүрек арқылы токтың өтуі.
Кернеуге тап болған адам денесінен ток күшінің өтуі, оған түсірілген кернеу мен адам денесінің кедергісіне тәуелді. Адам денесінің кедергісі бірнеше жүздіктен ондаған мың Омға дейін өзгереді. Адам денесінің терлеу, ток өткізетін шаң, дымқыл эмульсия немесе басқа да ертіндінің тері бетіне болуы оның кедергісін төмендетуге алып келеді.
Электр қондырғыларымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шарттары бөлменің ылғалдылық дәрежесі мен температурасына, өткізгіштердің бар болуына байланысты.
Электртехникалық қондырғыларын жоспарлау мен құрастыру да әр уақытта да қоршаған орта шарттарын еске алумен бірге электр құралдарын пайдалану кезінде электр тогынан зақымдану мүмкіндігін болдырмау шараларын қарастырады. Электр өткізгіштер пен жабдықтар тұратын өндірістік және тұрмыстық бөлмелердегі қондырғылардың қоршаған ортасында электр изоляциясының бүлінуіне әсер етіп, адамдарды ток ұру қаупі арттады.
Өндірістік және тұрмыстық бөлмедегі адамды электр тогынан залалсыздандыру мақсатында қоршаған орта үш категорияға бөлінеді: қауіптілігі жоғары емес, қауіптілігі жоғары, өте қауіпті.
Қауіптілігі жоғары емес бөлмелерге: салыстырмалы ылғалдылығы 60 пайыздан аспайтын құрғақ, ток өткізбейтін едені, шаң емес, айтарлықтай ыстық емес (300С аспайтын) салыстырмалы ылғалдылығы 75 пайыз уақытша ғана болатын, бір мезгілде ғимараттың металды конструкциясына машиналар, аппараттар,т.б. жанасуға мүмкін болмайтын, бір жағынан жерлендірілген, ал екінші жағынан электр құралдардың корпусымен жақсы жерлестірілген.
Қауіптілігі жоғары категориялы бөлмелерге: ұзақ уақыт тұратын салыстырмалы ылғалдылығы 75 пайыздан астам сызды бөлмелер, ток өтетін едені бар, шаңды, ауа температурасы ұзақ уақыт 300 тан астам, бірінші жағынан ғимараттың жерлендірілген металл конструкциясымен бірмезгілде технологиялық аппараттар мен механизмдермен, екінші жағынан электржабдықтардың конструкциясы мен корпусына жанасуы мүмкін.
Аса қауіпті бөлмелерге: салыстырмалы ылғалдылығы 100 пайызға жақын, үнемі буланатын немесе электржабдықтардың токөткізгіш бөліктерінің бүлінуіне әсер ететін химиялық активті ортасы бар.
Ток өтетін еденге ылғалды, металл плиткалы, дымқыл бетон, темір бетонды едендер жатады. Ток өткізбейтін едерге құрғақ ағаш бөренелі еден жатады. Солндықтан да айта кету керек мұнай кәсіпшік өнеркәсіп бөлмелері қауіпті және аса қауіпті.
Электртехникалық қондырғының қауіпсіздігіне қойылатын техникалық талаптар бірқатар қауіпсіздік шараларды қанағаттандыруы тиіс, соның ішінде: кернеулі электр қондырғыларының оқшауланбаған бөліктерініне жанасу мүмкіндігі жоғары жерлерге сәйкесті ескерту плакаттары мен қорғаныстық қоршауларды қолдану, қорғаныстық жерлендіру немесе қалыпты кернеуде жұмыс жасап тұрған электр қондырғыларының металл бөліктеріне жанасу кезіндегі қауіптіліктің алдын алу үшін қоғаныстық ажыратуды құру, қорғаныстық құралдарды пайдалану (оқшаулаушы тұғыр, резеңке бәтеңке, резеңке қолғап, штанг, т.б.), жұмысты талапқа сай ұйымдастыру, сондай-ақ жұмысшыларды электр құралдарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес электр қондырғыларымен қауіпсіз жұмыс жасау шарттарын орындау жатады.
Техника қауіпсіздігінің әртүрлі шараларын қолдану электртехникалық қондырғының номинал кернеуіне тәуелді болады. Қондырғының номинал кернеуі - 1000В-қа дейінгі және 1000В-тан жоғары болып бөлінеді. Жұмыс жасап тұрған электр қондырғысын күту мен алдын ала профилактикалық сынау жүргізуге, жөндеу жұмыстарын, электр қондырғыларын монтаждау мен бөлшектеуге арнайы инструктаждан өткен және техника қауіпсіздік сынағынан өткен адам ғана жүргізеді. Бұндай адамдарға арнайы куәлік беріледі және олардан жұмысын анықтап беретін маманданған топ құрады.Куәлігі жоқ адамдар пайдаланылатын электр қондырғысының қандай да бір жұмысты өзінше істеуге тыйым салынады.
Кернеуі 1000В-тан жоғары құрылғылар мен жабдықтармен жұмыс жасағанда мынадай шарттарды сақтау қажет:
жұмысқа өкілдігі бар адамдардың сәйкесті рұқсатнама берілу қажет (наряд, ауызша немесе телефонмен ұйғарым);
жұмысты екеуден кем емес адамдар жүргізуі қажет;
жұмыс бастамас бұрын жұмыс жасайтын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей ұйымдастыру шаралары мен техникалық шаралар орындалуы қажет. (жұмыс өтетін орны, баяталуы мен аяқталу уақыты анықталады, адамдар мен бригада құрамы, жұмыстың қауіпсіздігіне жауапты адам, қажетті ажыратулар жүргізу, жерлестіруші құрылғы мен қоршауды орнату, кенеттен кернеу берілуіне қарсы шаралар, қорғаныс плакаттарын ілу: «Ток қосылмайды – адамдар жұмыс жасауда», «тоқта, жоғары кернеу», «осы жерде ғана жұмыс істеуге болады», т.б.
1000В дейінгі таратушы құрылғы, басқару станциялары мен таратушы қалқан панельдеріндегі жөндеу жұмыстарын наряд бойынша екеуден кем емес адам жүргізу керек.
380В және одан да төменгі кернеулерді қондырғыларды кернеуден ажыратуға болмаған жағдайда кернеуді ажыратпай-ақ жұмыс істеуге рұқсат беріледі, бірақ мынадай шарттарды орындау қажет:
жұмысты диэлектрлік кебісте немесе оқшауламалайтын орында тұрып жасау қажет;
ұстайтын жері оқшауланған құралдарды пайдалану. Мұндай құрал болмаған жағдайда диэлектрлік қолғапты кию;
кернеулі көрші жатқан токөткізгіш бөліктерін және жерлендірілген конструкцияны резина кілемшемен, электрокартонмен, миканит парағымен т.с.ө қоршау.
Бас киіммен, киімдердің жеңдері мен жиектері жинақталған, түймелері салынған күйде жұмыс жүргізу. Темір кескіштерді, егеуді, метал метрлікті пайдаланбау.
Электр тогынан зақымданудан, электрлік доға әсерінен қорғау үшін адамды қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді. Мұндай құралдарға:
- тасымалы арнаулы кернеу көрсететін және токөлшейтін тістеуік;
- уақытша тасымалы қорғаныстық жерлестіру, жылжымалы қошау мен плакаттар (алдын-алушы, сақтандырушы, тыйым салушы, рұқсат беруші және еске алушы);
- қорғауыш көзілдірік, берзент жеңді қолғап, противлгаз;
- диэлектрлік қолғап, жеңді қолғап, кебіс пен резеңке табанды бәтеңке, оқшаулаушы төсеніш, резеңке кілем, кілемше, штанга, тістеуік, тұтқасы оқшауланған құралдар.
Өртке қауіпті аймақтардағы бөлмелердің ішіндегі және сыртындағы электр жабдықтарды профилактикалық сынау, жөндеу, монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын кернеуден ажыратылған кейін барып жасалады. Сонымен қатар жұмыс орнын дайындау шаралары жүргізіледі (коммуникация мен аппараттарды босату мен үрлеу, сөндіргішті орнату, уақытша қоршау құрылғысы).
Өртке қауіпті бөлмелерде жұмыс бастар алдында мұқият желдету қажет, бөлмедегі шаңдарды дымқылдандырады, жұмыс барысы кезінде үнемі желдетіп отырады. Жер деңгейінен төмен орындарда ауыр өртке қауіпті газ шоғырланатын орындарда желдету жүйесін күшейтілуіне назар аудару қажет. Сондай-ақ өртке қауіпті газдың концентрациясының пайда болуының мүмкіндік шегі туралы автоматты белгі беретін станцияның өкілдерінен тұрақты кезекшілік ұйымдастыру қарастырылады.
Өртке қауіпті аймағы бар кеңістікте сыртқы қондырғыларда ашық отты пайдалануға, электрдәнекерлеумен және күйдіру шамдарын қолдануға болмайды. Кабель муфтасы мен бөлгіш нығыздауыштарды жұмыс орнына қыздырып дайын күйінде алып келу қажет. Металл конструкцияны дәнекерлеу қажет болғанда оның орнына болттарды бекіту, ал өткізгіш сымдарды қысып жалғау арқылы қолданған жөн. Сонымен қатар құралдарды (балға, шойбалға) қолданғанда, ұшқын болдырмау үшін мыспен астарлап, ал тескіш құралдың ұштарын солидолмен майлау қажет.
Өртке қауіпті кеңістіктегі жұмыс кезінде және қондырғыларда отпен байланысты операцияны мүмкін болғанынша тежеу қажет (кабельдік массаны қыздыру, электрмен пісіру, дәнекерлеуші мамандар көмегімен дәнекерлеу, т.б.)
Жерлендіру құрылғыны есептеу
Электр құрал-жабдықтары мен электр қондырғыларының жұмыс шарты мен күту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жерлендіргіштер (жермен тиянақты қосатын өткізгіш) мен электр қондырғыларды электр жабдықтарының корпусымен жерлендіруді қосатын өткізгіштерден тұратын жерлендіруші құрылғы жасалады.
Электр қондырғы мен электр құралдарының корпустарында бір фазалы тұйықталу пайда болған кезде жерлендіруші құрылғы қызмет көрсетуші адамдардың қауіпсіз жұмыс жасауы үшін жерлестірілген жабдықтардың корпустарындағы кернеу шамасын кемітеді.
0,4кВ тораптардағы жерлестіру құрылғысындағы кедергі «ЭҚҚЕ»-іне сәйкес 4 Ом-нан артық болмауы керек, сондықтан да есептеу кезінде Rз = 4 Ом деп қабылдаймыз.
КТП-10/10 трансформаторлық қосалқы станцияны жерлендіру тік орналасқан дөңгелек стерженді болат жасалған электродтар мен бір-бірін қосатын 10х40 жолақ болат электродтар арқылы орындалады. Жолақтар ұзындығы 5,0м деп қабылдаймыз.
Олай болса RВ мәні шамамен:
RВ ~ ρ / l =200 / 5 = 40 Ом. (10.1)
(сазды жер үшін кесте бойынша ρ=200 Ом·м тең)
Шамамен RГ ~ 2 ρ / l = 2х200 / 5 = 20 Ом. (10.2)
Тік жерлендіргіштің саны:
nT = RВ / RЗ = 40 / 4 = 10 (10.3)
Стерженді жерлестіргіштің экрандау коэффициентін график бойынша анықтаймыз: ηВ = 0,54, ηГ = 0,37
Жалпақ байланысты ескере отырып стержендер санын анықтайтын болсақ, онда
nД = = =17,15 (10.4)
яғни nД > nT , онда есептеуді жаңа мәндер бойынша қайта қарастырамыз.
Стерженді жерлестіргіштің экрандау коэффициентін график бойынша анықтаймыз: n = 18 болғанда ηВ = 0,50, ηГ = 0,33
Жалпақ байланысты ескере отырып, стержендер санын анықтайтын болсақ, онда nД = = =18,3
Қорытындысында диаметрі 12мм, ұзындығы 5м болатын 18 стержень және 10х40 бұрышты, ұзындығы 5м болатын 18 жолақты таңдаймыз.
Қортынды
Дипломдық жобада, Қызылорда қаласындағы спорттық кешенді электрмен жабдықтау қарастырылған. Электр жабдықтау аппараттары нормалармен және ережелерге толық сәйкестендіріліп қабылданған. Жобада күштік жүктемелер мен жарықтандыру есебі есептелінді.
Жобада электр жарықтандыру есебін меншікті қуат әдісі арқылы есептеледі. Соған байланысты жарық көздері таңдалды.
Жобада тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету үшін ТМ 100/10 трансформаторы алынған.
Электрмен қамтамасыз ету жүйесінің апараттарын таңдау үшін қысқа тұйықталу тогы есептелді.
Сенімді әрі қауіпсіз жұмысы үшін автоматикалық құрылғылар мен электрмен жабдықтау жүйесінің жеке элементтерін қорғау қарастырылған.
Еңбек қорғау бөлімінде электрқондырғыларына қызмет көрсету кезіндегі электрқауіпсіздік пен өртқауіпсіздігі қарастырылды және КТП-10/0,4кВ қосалқы станциясын жерлендіру құрылғылар есебі келтірілді.
Жалпы электрмен қамтамасыз ету жүйесі қауіпсіздік, сенімділік, тиімділік шарттарына жауап береді.
әдебиеттер тізімі
1. Электрооборудование жилых и общественных зданий. Нормы проектирования. СН РК 4. 04 – 23 – 2004.
2. Б.Ю.Липкин Электроснабжение промышленных предприятий и установок. – учебник для учащихся. – М., ВШ, 1990. – 386с.
3. Ополева Г.Н. Схемы и подстанции электроснабжения. Справочник. Москва, ИД «ФОРУМ» - ИНФРА-М, 2008.
4. ПУЭ (шестое издание)
5. Расчет и проектирования схем электроснабжения, М., «ФОРУМ»- ИНФРА-М., 2004. – 480с.
6. Қазақша орысша, орысша қазақша сөздік. Энергетика. А., «Рауан», 2000ж.
7. Справочник по электроснабжению и электрооборудованию. В 2 т. Под общей редакцией А.А. Федорова, т.2, Электрооборудование. - М.: Энергостомиздат, 1987.- 592 с.: ил.
8. Л.Л. Коновалова, Л.Д. Рожкова. Электроснабжение промышленных предприятий: Учебное пособие для техникумов. - М. Энергоатомиздат. , 2004 - 528с. ил.
10. Справочник инженера – электрика сельскохозяйственного производства / Учебное пособие. – М.: Информагратех, 1999.- 536с.
11. Далин П.А. Справочник по технике безопасности. М.: Энергоатомиздат, 1995.
13. Найфельд М.Р. Зазаемление, защитные меры электробезопасности. М.: Энергия, 1991. 311с
14. Нормы испытания электрооборудования и аппаратов, электроустановок потребителей, 1982.
15. Князевский Б. А. И др Охрана труда в электроустановок. М.: Энергоатомиздат, 2003.
16. Чернобровов, Н.В. Релейная защита. Учеб. пособие для техникумов/ Н.В. Чернобровов. Изд. 4-е, перераб. и доп.// Учеб. пособие для техникумов - М.: Энергия, 1971.- 624 с.: ил.
Достарыңызбен бөлісу: |