Орал 2022 МЕББМ «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі»
\
Жоспары
1.Кіріспе
2.Мақсаты
3.Негізгі бөлім
1.Энергетикалық сусындардың құрамы
2.Энергетикалық сусындардың артықшылықтары мен кемшіліктері
3.Энергетикалық сусындардың қолдану ережелері
4.Зерттеулер
4.Қорытынды
5.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Энергетикалық сусындар – адамзаттың бертінде ойлап тапқан өнер табысы. Алайда олардың құрамындағы заттар жүйке жүйесін ынталандыру үшін бұрыннан пайдаланылып келеді. Энергетикалық сусындар емтиханға дайындалып жүрген студенттерге, жұмысын уақытында тапсырып үлгермей жүрген қызметкерлерге, спорттық рекордтарға ұмтылған спортшыларға, шаршаған жүргізушілер мен түнгі клуб қыдырмаларына нағыз құтқарушы болды...
Бір сөзбен айтқанда,шаршаса да өзін сергек сезінуі керек адамдарға арналады
Мақсаты
Энергетикалық сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау.
Энергетикалық сусындардың құрамы
Энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек таурин, инозит, аминқышқылдары, рибоза және дәрумендер секілді микроэлементтер кіреді.
Сусын құрамында кездесетін кофеин жүрек соғысының жиілігін азайтатын тахиркардияға жол ашады. Энергетикалық сусындарды ұзақ уақыт пайдалансаңыз,артериалды қан қысымы көтеріледі.
1.Энергетикалық сусындар дәрумендер кешені мен глюкозадан тұрады. Дәрумендердің пайдасы бәріне мәлім. Глюкоза болса қанға тез сіңіп, қышқылдандыратын процестерге қатысады және бұлшық ет, ми және басқа да маңызды мүшелерді энергиямен қамтамасыз етеді. 2. Бір шыны кофенің әсері 1-2 сағат сақталады, ал энергетикалық сусынның әсері – 3-4 сағатқа дейін. Оған қоса, көптеген энергетикалық сусындар газдалған болып келеді, бұл олардың әсерін кофеге қарағанда жеделдетеді.