Біздің жүргізген эксперименттеріміз 2 кезеңнен тұрады. Эксперименттің бірінші кезеңінде әртүрлі энергетикалық сусындардың қышқылдығы мен көмірқышқыл газының мөлшерін анықтадық.
CARBON DIOXIDE GAS sensorдатчигі арқылы көмірқышқылы газы мөлшерін анықтау.
№1 кесте. Энергетикалық сусындардағы көмірқышқылы газы көрсеткіші.
Қышқылдылықтың жоғары болуы жасөспірімдердің асқорту мүшелеренде қыжылдың, қарын жарасының пайда болуына әкеледі. Сонымен бірге қышқыл тіс эмалін, тіпті бауырды да зақымдайды.
Эксперементтің екінші кезеңі энергетикалық сусындардың жасөспірімдер ағзасына әсерін анықтау болды. Энергетикалық сусындар көмірсутектердің, сондай-ақ мейілінше көп гармондарды шығаратын және жүрек пен жүйке жүйесінің тонусын арттыратын кофеин, таурин, В тобы дәрумендердің орасан зор мөлшерінен тұрады.
Энергетикалық сусындардың жүрек және қан тамырлар жүйесіне әсерін анықтап көз жеткіздік. Қан қысымы едәуір артып, жүрек әдеттегіден қатты соқты. Бұл жасөспірімдерде тахикардияның пайда болуына әкеледі. Оны төмендегі кестедегі сандық мәлеметтерден көруге болады.
№2 кесте. Қан қысымы мен тамыр лүпілін есептеу.
Біз салыстыру мақсатында зерттеуімізге ересек адамды қатыстырдық. Бізге өз еркімен дене шынықтыру мұғалімі Жангүл апай зерттеуге қатысуға ниет білдірді. Жангул апай энергетикалық сусынды ұнататынын айтты. Энергетикалық сусынды тұтынбас бұрын қан қысымын, жүрек лүпілін арнайы құрылғы арқылы есептедік. Бізге колледж медбикесі Ақмарал апай көмекке келді. Сонымен Жангул апайдың қан қысымы 90/70 болды.
Энергетикалық сусынды ішкеннен кейін 121/88 қысым деңгейін көрсетті . Жүрек лүпілі айтарлықтай артқанын байқадық. Дене температурасыда өзгеріп, денесінің қыза бастағанын жеткізді. Міне бұдан біз жүрекке күш түсетінін байқадық.
Энегетикалық сусындардың жүрек және қан тамырлар жүйесіне әсерін анықтау мақсатында қалыпты жағдайдағы және сусын ішкен адамның жүрегін электрокардиограммаға түсірдік. Қалыпты жағдайдағы қатысушының электрокардиограммасы.
EKG sensor датчигі арқылы электрокардиограмма (EKG) датчигін пайдаланып жүрек бұлшық етінің электр белсенділігін бақыладық. ЭКГ датчигінен жүрек кернеуінің сигналдарын жазып алдық.