Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет369/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МАҒЫ
МАҚА


354
«Отан үшін отқа түссең күймейсің», 
«Жауға жаныңды берсең де, сырыңды 
берме», «Жауды аяған – жаралы» деп 
халық жастарды досқа мейірімді, жау-
ға қатал болуға тәрбиелейді. «Елін 
сатып асаған, екі күн ғана жасаған», 
«Опасызда Отан жоқ» деу арқылы 
мақалдар туған елін, Отанын сатқан
опасыздың психологиясын көрсету-
ді ойлаған. Халық өз ұрпағын прин-
ципшілдікке, шыншылдыққа баули-
ды да, өтірік айтып күн көру өмір 
еместігін, өтірікпен адам алысқа бара 
алмайтынын («Айтсаң сөзіңде тұр», 
«Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құй-
рығы бір-ақ тұтам»), адамның кейбір 
ұнамсыз қылықтары – мақтаншақ-
тық, бөспе т. б. өтірік айтуға себепші 
болатындығын айтып, өтірікшіні на-
шар мінезді адамның қатарына жат-
қызады да («Мақтаншақтық өтірік 
айтқызады, өтірік көңіл қайтқыза-
ды»), мұның адамға абырой әпермей-
тініне, кісінің қадір-қасиетін түсі-
ретініне ерекше тоқталып кетеді. 
Мәселен, «Өтірікшінің шын сөзі –
зая» деп, халқымыз мұндай адамның 
жұртқа қадірі болмайтынын; оның 
сөзіне ешкім иланбайтындығын, оған 
сенім болмайтынын ескертеді.
Халықтың ежелден қастерлеп келе 
жатқан абзал қасиеттерінің бірі – 
адалдық пен шыншылдық. Адалдық –
сөз бен сенім бірлігі, сөздің іске қай-
шы келмеуі. Адамның осындай асыл
қасиеттері жөнінде мақалдар тө-
мендегіше тебіренген. «Адал түбі –
кеніш, арам түбі – реніш», «Адал ниет
аздырмайды, арамдық бойды жаз-
дырмайды». Мақалдар адалдық пен 
арамдықты осылайша салыстыра оты-
рып, бірінің зияндылығын, екінші-
сінің жақсы қасиет екендігін, бұл еке-
уінің бір жерге сыйыспайтындығын 
айтады. Шыншылдық – адалдықтың 
синонимі іспеттес айрылмас серігі. 
Осы қасиеттің маңызы жөнінде де
халқымыз аз айтпаған. «Сыр – шы-
мылдық; шындық – айна», «Қылыш 
басыңа төнсе де, жалған айтпа», 
«Шындық үшін көрге кірсең де, бе-
тіңнен қайтпа», «Жауды әдіспен, 
досыңды шындықпен жең», деген-
мақалдар шыншыл адам әділет үшін 
өмірін де қия алады, ол әділ, қара 
қылды қақ жаратын адам, оның ойы
да орамды, іс-әрекеті де ақылға сы-
йымды болатындығын айтады. Әділ 
сыншы болу үшін де, айтылған сын-
ның нысанаға дәл тиюі үшін де шын-
дық аса қажет. («Әділ кісі өзіне қат-
ты, өзгеге – тәтті», «Шешендік күші 
шындықта», «Сын айту үшін шын 
айт»), «Сырты бүтін, іші түтін», бос-
қа көлгірситін адамдарда адалдық
пен шыншылдық сияқты асыл қасиет-
тер тұрақтап орын теппейтіндігін 
де халық даналығы жұртқа ескертіп 
отырған.
Мақал-мәтелдер қарапайымдылық
пен кішіпейілділікті де адамның ең
жақсы мінездері деп есептеген. «Бе-
тегеден биік, жусаннан аласа», «Ұлық 
болсаң, кішік бол», «Кішіпейілді-
лік – кісі көркі», «Тәлімнен әдеп жақ-
сы» дейтін мақалдардың кішіпейіл-
ділік адамның табиғи көрінісі болуы 
тиіс, сонда ғана ол сүйкімді, ажарлы 
мінез көрінісі болады деген идея жақ-
сы аңғарылады. Ал, «Қолы ашықтың 
жолы ашық», «Жомарт бергенін айт-
пайды», «Батыр айтқанынан қайт-
пайды» деген мақалдар адамның жақ-
сы мінез көрінісінің бірі. Жомарт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет