Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет63/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АФАз
АФАз


63
дандырып, дұрыс сөйлеу мен жазу-
сызуға деген әрекетін дамыту арқылы 
сөздердің мағынасын дұрыс түсіне 
білуге жүйелі түрде машықтандыра-
ды. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А-
лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз 
мағынасын түсіну қабілетінен біржо-
ла айырылып қалуы сияқты кемістікке 
де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға 
байланысты кейбір сөздердің мәнін 
ұмытып қалуы сияқты кемістікке де 
душар болады.
А. бала психикасының қалыпты да-
муына кедергі жасағанмен, оны ақыл-
ойы кеміс балалар қатарына жатқызу-
ға болмайды. Баланың сөйлеуіндегі 
А. қалпына түсіру үшін логопедиялық 
шаралар қолданып, емдеу жұмыстары 
жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әр-
қилы түрлерінің жүйелі бұзылуын 
білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекет-
терінің және естудің қарапайым түр-
лерінің сақталуы жағдайында сөй-
леудің фонемалық, морфологиялық жә-
не синтаксистік құрылымының бұзы-
луы түрінде көрініс табады.
Нейролингвистиканың түсініктеріне 
сәйкес А. келесі себептерден пайда бол-
ған жүйелі бұзылыс болып табылады:
1) алғашқы реттік дефект;
2) алғашкы реттік дефектінің сал-
дарынан болатын екінші ретті бұзы-
лыстан;
3) бұзылған функцияны компенсация-
лауға бағытталған ми қызметін функ-
циялық өзгертуден.
А. сөйлеу іс-әрекетінің бұзылысына
әсер еткен фактордың біріне байла-
нысты жеті түрін біліп көрсетеді:
1) сенсорлық А. – фонемалық естудің – 
сөздердің дыбыстық құрамын ажыра-
та алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеу-
ді түсінудегі қиындық;
2) акустикомнестикалық А. – есту –
сөйлеудің естің бұзылысы;
3) негізінде көру есінің бұзылысы жа-
татын оптикомнестикалық А.;
4) белгілі бір логикалық құрылым-
дарды, мыс., әкенің ағасы, ағаның әке-
сі, жаздың алдындағы көктем сияқты 
құрылымдарды түсінудің бұзылысы 
болып табылатын, сонымен қатар, 
санау мен кеңістіктік ойлаудың бұзы-
лысымен бірге жүретін семантика-
лық А.;
5) моторлық афференттік А. – сөздер-
ді айта алмау, бір дыбыстарды екін-
шісімен алмастырудан көрінетін сөй-
леу бұзылысы;
6) моторлық эфференттік А. – сөй-
леу актілерінің кинетикалық ұйымда-
суының бұзылысы, сөйлеу таптаурын-
дарының инерттілігі салдарынан бір 
сөзден немесе буыннан екіншісіне ауы-
судың қиындығы;
7) динамикалық А. – сөйлеуді жоспар-
лаудың бұзылысы түрінде көрінетін 
сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауыз-
ша және жазбаша белсенді сөйлеудің 
бұзылуы.
АФФЕКТ
(лат. 
affectus – 
қаз. 
жан 
дүниесінің толқуы, жан ұшыру, кү- 
йіп-пісу
)

Адамның кездейсоқ тітір-
кендіргіштердің теріс әсер етуінен жан 
сезімінің толқуы. Мұндай сезімдік 
толқулар ұялу, ренжу, наразы болу, 
таңдану салдарынан пайда болады. 
А-тің қоздырушы күшті (стеникалық) 
түрі, мыс., қайғыру, жек көріп өшігу 
және әлсіз (астеникалық) деп аталатын, 
мысалы, қорқыныш, мұңаю түрлері 
бар. А-тік жағдайда адамның бойын 
ашу-ыза мен қайғы-қасірет билеп
оның өңі бозарады не қызарады, көз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет