62
адамды оның салдары үшін жауапкер-
шіліктен босатпайды. Яғни мұндай
сезімдік
ахуал жағдайында жасаған
қылмысы үшін кінәлілік жоққа шыға-
рылмайды, тек ол белгілі бір жағдай-
ларда жеңілдетілуі мүмкін. Патоло-
гиялық негіздегі А.м.-қ. адамды бір
сәтке сана-сезімнен айырып, мақсат-
сыз немесе
қауіпті іс-әрекеттер жа-
сауға итермелейді. Егер қылмысты
әрекетті патологиялық А.м.-қ-қа ұшы-
раған адам жасаса, ондай адам «есі
кіресілі-шығасылы» деп танылады.
Девианттық қылық – қоғамдық нор-
маларға қарсы қылықтар жүйесі не-
месе жеке қылықтар. Мұндай қылық-
тар әлеуметте қолдау табатын (дарын-
дылық, альтруизм, ерлік т.с.с.) және
әлеуметте
қолдау таппайтын болып
бөлінеді. Әлеуметте қолдау таппайтын
қылықтар – қылмыстық іс-әрекет жә-
не жөнсіз іс-әрекет (маскүнемдікке,
нашақорлыққа бейім қылықтар). Де-
вианттық қылықтар ауытқушы қы-
лықтар. Адамның орныққан құқықты
немесе өнегелілік тәртіптерден ауыт-
қитын немесе сол тәртіп ережелерін
бұзатын қылықтары.
АФАзИЯ
(грек.
aphasia
– қаз.
сөй-
леудің бұзылуы).
А. – адамның сөй-
леу қабілетінен жартылай не біржола
айырылуы. Мұндай кемістік мидағы
сөйлеу орталықтары мен қан тамыр-
ларының ісініп, бас сүйегінің зақым-
далу салдарынан болады. Ми
ала-
шарының белгілі орталығы зақымда-
луына қарай А.-ның мынадай екі түрі
бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдік
А. Қимыл-қозғалыс А. сөйлеудің ми-
дағы орталығы (мұны Брока орталы-
ғы дейді) мен сөйлеудің сезімдік ор-
талығының (мұны Верника орталығы
дейді) зақымдалуына байланысты.
Бала сөйлеуінің дамуы соқырлығынан
немесе нашар естуінен мардымсыз
болып қалатын алалия деп аталатын
кемістіктен А-ның айырмашылығы
сол,
бұл баланың дамып жетілген
сөйлеу қабілетін жоғалтады.
Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың
сөйлеуі біржола жоғалады немесе
айтайын деген ойын үзілді-кесілді бі-
рер сөздерді атаумен шектеледі. Мұн-
дай жағдайда сөйлеудің дыбыстық
үйлесімі
мен буындары, сондай-ақ
буындар мен сөздердің бір-бірімен
байланысы болмайды. Мұндай кеміс-
тігі бар
балалар өзгелердің сөзін де
шала-шарпы ұғынып, оларға толық
жауап қайтара алмайды. Қимыл-қоз-
ғалыс А. кеміс болған баланың оқуы
мен жазуына да әсер етіп, олар жеке
дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта
алмайды. А-ға ұшыраған балалардың
сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның
естуі мен көру талдағыштарының жұ-
мысын жандандыратын шаралар қол-
данып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жү-
йесін қалпына түсіретін дағдылар қа-
лыптастырылады.
Сонымен бірге ондай балалардың
сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық
құрылысын үйренулері үшін машық-
тандыру жұмыстары жүргізіледі. Се-
зімдік А. бойынша бала сөздердің мә-
ні-мағынасын
ұғына алмайды, сөз-
дер мен әріптердің дыбысталу ерекше-
ліктерін ажырата алмай қиналады.
Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс
қабылдау қабілетін жоғалтпайды.
Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін
қалпына келтіру бағытында оның есту,
көру талдағыштарының қызметін жан-
Достарыңызбен бөлісу: