57
Педагог:
–
Балалар, бізге қонаққа қоян келді. Қоянмен амандасайық. Ол бізге тапсырма бермек.
Тапсырманы орындауға келісесіңдер ме? Онда тыңдаңдар.
2. Негізгі кезең.
Ойын: «Не үлкен?»
Демонстрациялық материал: Текшелермен жұмыс.
Үстелде – 4 үлкен көк текше және 5 кішкентай қызыл текше. Олар араласып жатыр.
Қолына бір үлкен және бір кішкентай текшені алып, сұрайды:
– Бұл не?
– Қандай түсті текше?
– Қай текше үлкен?
– Қай текше кіші?
(Осыны айта отырып текшелерді бірінің үстіне бірін қояды.)
– Үлкен және кішкентай текшелердің бірдей емес екенін қалай білеміз?
– Дұрыс, кішкентай текшені үлкен текшенің үстіне қояды.
Бір баланы шақырып, барлық текшелерді нешеу екенін көру үшін бір қатарға тізіп қоюды
тапсырады. Екінші баланы шақырып,кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне тізіп
қоюды тапсырады.
– Текшелерді қай қолмен алу керек?
– Қай жақтан қалай қарай орналастыру керек? Балалардың жауабын тыңдап, нақтылайды:
Дұрыс, оң қолмен солдан оңға қарай орналастыру керек.
– Үлкен текшелер жетті ме?
– Қай текшелер көп: кішкентай мА, әлде үлкендер ме?
– Қайсысы аз?
Жауапты қорытындылайды. Бір кішкентай текшені алып қояды да, сұрайды:
– Енді текшелер теңбе?
– Неге текшелертеңдеп ойлайсыңдар?
Балалардың көздерін жұмуды өтініп, тағы бір кішкентай текшені алып қояды. Балалар
көздерін ашып, қандай текшелердің көп (аз) болғанын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: