Ұ. Н. Мұқанова, А. А. Пірмағамбетова



Pdf көрінісі
бет135/191
Дата02.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130514
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   191
Байланысты:
матем

Сөздік жұмыс:

үлкен, кішкентай.



 

Билингвальды компонент: 

үлкен – большой, кішкентай – маленький.



 

Сергіту сәті. «Қоян».  

Ыршып, ыршып секіріп, 

Қоян келді кеңкиіп. 

Аяқтары жаураған, 

Қолдары да жаураған. 

Жылытпақ боп тырысты 

Жүгірді де қуысты. 

Бір жоғары, бір төмен 

Жүр аяқтың ұшымен. 

Секіреміз, отырамыз, 




58 

 

Аяқтарды жылытамыз. 



«Қояндар қонақта

» ойыны. 

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. 

Педагог балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аударады. 

– Қояндар не жегенді жақсы көреді? 

– Қайсысы көбірек: қояндар ма, сәбіз бе? 

– Қояндардың бәріне сәбіз жете ме? 

Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды қонақ етейік.  

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. 

«Дұрыс қой» ойыны.  

Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма. 



 

Жапсырмамен жұмыс. Педагог:  

–Балалар, ал сендер нені жақсы көресіңдер? Кәмпит жапсырмаларды көрсетеді.  Балаларға 

бір  кәмпитті  кішкентай  тәрелкеге,  ал  көп  кәмпитті  үлкен  тәрелкеге  жапсыруды 

тапсырады. 

– Кіші тәрелкеге неше кәмпит жапсырдыңдар? 

– Үлкен тәрелкеге ше? 

Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 



3. Рефлексия. 

Педагог  қорытынды  жасайды.  Қоян  балаларды  байқампаздығы  үшін  мақтайды.  Олармен 

бірге топта қалуға рұқсат сұрайды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет