сол жақ, оң жақ, шеңбер.
59
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог Р. Рымбаеваның «Наурыз думан» әнінің аудиожазбасын қосады. Балалар
тыңдайды.
– Қандай мереке жақындап келеді?
Күтпегенсәт:
қазақтың ұлттық киімдерін киген ұл мен қыз бала келеді.
Оларды фланелеграфқа орналастырады.
2. Негізгі кезең.
Ойын: «Жұптарымен орналастыр
». Фланелеграфпен жұмыс (3 ұл мен 3 қыз баланың
макеті).
Ұлдардың қыздарды биге шақыратынын айтады. Бәрінің жұбы бар ма, білуді
ұсынады.Қалай тексеруге болатынын сұрайды.
Жауаптарды тыңдайды.Содан кейін қыздар мен ұлдар санын тең екенін білу үшін, оларды
жұптап қою керектігін айтады. Қыздар мен ұлдарды жұптап қоюды ұсынады. Макеттерді
екі қатарға орналастырады. Оларды оң қолмен алып, солдан оңға қарай, бірінің астына
бірін қою керектігін естеріне салады.
Бір баланы шақырады.
Сурақ қояды:
– Барлығы жұппен тұр ма?
–Ұлдар мен қыздардың саны тең бе?
– Олардың тең екенін қалай білдік?
Бір қызды алып қояды.
– Енді ұлдар мен қыздар саны тең бе?
– Кімдер көп?
– Балалар, олар тең болуы үшін не істеуге болады?
Тағы бір қызды алады немесе бір ұлды алады. Содан соң қайта сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: