«Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш.
Апаң келсе есік аш.
Қасқыр келсе, мықтап бас.
Мына жерде аю бар,
Мына жерде қасқыр бар,
Мына жерде қоян бар,
Мына жерде түлкі бар,
Ал мына жерде күлкі бар.
Ойын: «Шаршыны тап»
(2тапсырма)
Педагог жұмбақ жасырады:
Төрт бұрышы бар,
Төртеуі де тік бұрыш.
(Шаршы)
Тапсырма береді: суреттегі геометриялық пішін – шаршыны тауып, саусақпен
көрсет.
Сөздік жұмыс:
шеңбер, шаршы.
Билингвальды компонент:
шеңбер – круг, шаршы – квадрат.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
–Кіші доптан қай қорапқа дейін сыздыңдар? Үлкен доптан қай қорапқа дейін
сыздыңдар? Біздің топта шеңберге, шаршыға ұқсас заттарды атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |