2.Негізгі кезең.
Ойын: «Мойынорағыштарды салыстыр»
Фланелеграфпен жұмыс.
Педагог жалпақ мойынорағышты үстелге жайып қояды. Оның үстіне жіңішке
мойынорағышты жаяды.
Педагог:
– Қараңдар, мен оң жағы мен сол жақ шеттерін және төменгі жақ шетін де
теңестірдім.
Саусағымен шеттерін жүргізіп көрсетеді.
Сұрақ қояды: Не көріп тұрсыңдар? Дұрыс, үстіңгі қызыл мойынорағыштың шеті
шығып тұр, демек қызыл мойынорағыш жасылға қарағанда жалпақ.
Педагог сұрақ қояды:
–Қай түсті мойынорағыш жалпақ? Қай түсті мойынорағыш жіңішке? Ал
мойынорағыштардың ұзындығы қандай?
Балалар сұрақтарға жауап береді. Педагог тағы бір сары түсті мойынорағыш алып
шығады.
–Қонжық, міне, тағы бір мойынорағыш табылды. Бұл мойынорағышты да
салыстыруды ұсынады.
Алдымен сары мойынорағышты жалпақ мойынорағыштың үстіне салып, оның
қызыл мойынорағыштан жіңішке екенін анықтайды. Содан кейін оны жасыл түсті
мойынорағыштың үстіне салады. Екі мойынорағыштың ені де, ұзындығы да бірдей,тек
түстері басқа. Қайталаңдар.
Педагог сұрақтар қояды:
–Қай түсті мойынорағыш жалпақ? Қай түсті мойынорағыш жіңішке? Қандай түсті
мойынорағыштар бірдей?
Достарыңызбен бөлісу: |