«Балықты қоршап ал»ойыны
. Жұмыс дәптері, 1-тапсырма.
Педагог жұмыс дәптеріндегі балық пен қайықтың суретіне қарауларын сұрайды.
Сары балықтар қайықтан алыс жүзіп жүр, ал көк түсті балық қайыққа жақын жүзіп жүр.
Тапсырма береді: Қайыққа жақын жүзіп жүрген балықты қоршап сызуларын
өтінеді.Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балаларға көмектеседі.
Сұрақтар қояды:
–Қандай балықты қоршап сыздыңдар? Балықтың қайсысы қоршалмай қалды?
«Ұшамыз ба?» ойыны.
2-тапсырма,жапсырмамен жұмыс: ұшақ, көбелек.
Педагог ұшақтың биікте, ал көбелектің төменде ұшатынын балалармен бірге
анықтайды. Ұшақ пен көбелектің жапсырмасын жақтаудың ішіне жапсырыңдар. Сұрақтар
қояды: Ұшақ қай жерде ұшады? Ал көбелек ше?
74
Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын
тексереді, жеке жұмыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |