«Өзіңнің карточкаңа жапсыр»
ойыны. Жұмыс дәптері, 1-тапсырма.
Педагог балаларға жоғарғы жолақта қанша геометриялық пішін болса, төменгі жаққа
сонша геометриялық пішін жапсыруға тапсырма береді.
Сұрақтар қояды: Төменгі жағына неше шаршы орналастырдыңдар? Төменгі
жағында неше шаршы болды?
Содан кейін төменгі жағына жоғарғы жағында неше дөңгелек болса, сонша
дөңгелек жапсыруды ұсынады. (2 шеңбер). Төменгі жағына неше шеңбер
жапсырасыңдар?
Тағы да жоғарғы жағында неше үшбұрыш болса, төменгі жағына сонша үшбұрыш
жапсыруды ұсынады (3 үшбұрыш). Төменгі жағына неше үшбұрыш жапсырасыңдар?
Олар нешеу болды?
Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын
тексереді, жеке жұмыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |