Ұ. Н. Мұқанова, А. А. Пірмағамбетова


«Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру»



Pdf көрінісі
бет28/191
Дата02.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130514
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   191
Байланысты:
матем

«Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру». 

Педагог    таңертеңгі  бөлігіне  назар  аударады.  Таңертең  күн  ұясынан  шығады.  Адамдар 

ұйқыдан  тұрады.  Таңертең  үлкендер  мен  балалар  таңғы  ас  ішеді,  кейін,  балалар 

балабақшаға  баратынын,  оқушылар  мектепке,  ал  үлкендер  жұмысқа  баратындарын 

айтады. 

Таңертен үлкен балалармен тағы да не істейтінді білгілерің келе ме, онда  

Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар. 

Педагог  тақпақты оқиды.  



Таң 


16 

 

Таң шапағы алаулап, 



Дала нұрға боялды. 

Мүлгіген бақ манаурап, 

Ұйқысынан оянды. 

Жүзін желдің өтіне 

Тосты гүлдер желбіреп. 

Жапырақтар бетіне 

Мөп-мөлдір шық қонды кеп. 

«Бұл қай кезде болады?» ойыны

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. 



Педагог  балалардың  назарын  жұмыс  дәптеріне  аударады,  балаларға  бірнеше  сұрақтар 

қояды: 


– Балалар, тақпақта тәуліктің қай бөлігі  туралы айтылған? 

–  Бала  не  істеп  жатыр?  Бала  ұйқыдан  тұрған  суретті,  сосын  бала  жуынған,  жаттығу 

жасаған, таңғы ас ішкен суреттерді саусағымен көрсетуін сұрайды. 

Сөздік жұмыс:

 таңертең. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет