Ұ. Н. Мұқанова, А. А. Пірмағамбетова



Pdf көрінісі
бет59/191
Дата02.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130514
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   191
Байланысты:
матем

 

Билингвальды компонент:

 таңертең – утро, күндіз – день , кеш – вечер, түн – ночь. 



«Айырмашылығын тап» ойыны.

 (2-тапсырма) 

Педагог балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды.  

– Балалар, бұл сандықтар бір-біріне өте ұқсас. Олардың айырмашылығын таба аласыңдар 

ма?  

– Кәне, балалар, қандай айырмашылық таптыңдар? 



Жекелеген балаларға көмек көрсетеді. 

Сергіту сәті:

 «Күн – түн». 

Ойын  шарты:  «Күн»  дегенде,  балалар  жүгіріп  ойнайды,  «түн»  дегенде  –ұйықтап  

қозғалмай қалады. 



«Шамдарды жақ» ойыны (

3-тапсырма.) 

Фланелеграфтан бағдаршам суретін көрсетеді, оның үш жарық көзі бар екенін айтады: ең 

жоғарыда қызыл түсті, ортасында – сары, астында жасыл түсті. 

Педагог өлең оқып береді: 

Бас көшеде қырағы,  

Үш көзді дәу тұрады.  

Ашса кезек үш көзін,  

Айтты деп біл үш сөзін.  

Тоқта!  


Сақтан!  

Жол ашық!  

Жүрме жолға таласып,  

Қызыл көзін ашқанда,  

Сабыр сақта, баспа алға.  

Сары көзін ашқанда,  

Қарап қалма аспанға.  

Жасыл көзін ашқанда,  

Жүре бергін, жасқанба.  

(Ә. Табылдиев) 

 

Педагог балаларға сұрақ қояды: 



– Бұл өлең не туралы? Балалар, дәптердегі бағдаршамның суретіне қараңдар.  

– Суретте неше бағдаршам бар? 

– Оның неше көзі бар екен? 

– Олар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? 

– Олардың түстері қандай? 

Педагог: 

– Балалар, бағдаршамның көздері  сөніп қалыпты. Енді  оны түрлі  түсті жапсырмалардың 

көмегімен жағуымыз керек. 

– Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе? 



28 

 

–  Онда  тәрелкедегі  дөңгелектерді(сары,  қызыл,  жасыл)  алып,  бағдаршамның  төменгі 



көзінен бастап жағамыз. 

3.Рефлексия. 

Педагог қорытынды жасайды. 

-

 

Сендер  қандай  тәулік  бөліктерін  білесіндер,  оларды  атаңдар.  Балаларға 



фланелеграфтағы  айтқан  тәулік  бөліктерінің  суреттерін  табуды  ұсынады.  Содан 

кейінтәулік бөліктеріндегі балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнын сұрайды. 

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет