Сөздік жұмыс:
жоғарыда, төменде.
Билингвальды компонент:
жоғарыда –вверху, төменде – внизу.
«Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш.
Апаң келсе есік аш.
Қасқыр келсе, мықтап бас.
Мына жерде аю бар,
Мына жерде қасқыр бар,
Мына жерде қоян бар,
Мына жерде түлкі бар,
Ал мына жерде күлкі бар.
«
Шаршыны тап және қорша»
ойыны.(2-тапсырма).
Педагог:
–Балалар, маған мына дәптердегі суреттегі заттарды атап беріңдерші? Балалар атайды:
сәбіз, күн, алма, шырша, шар, теледидар, шаршы.
Тапсырма береді: Педагог балаларға суреттен шаршыға ұқсайтын заттарды тауып, атап
көрсетуді және оларды қоршап сызуды тапсырады.
Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
«
Ұшты, ұшты»
ойыны.
Педагог балалардан ұшатын және ұшпайтын заттардың (ұшақ, тікұшақ, шар, зымыран,
батпырауық, қасық, гүл, бала және т.б.) атын атайды. Зат ұшса, балалар қолдарын жоғары
көтереді, зат ұшпаса қолдарын төмен түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |