2.Негізгі кезең.
Педагог сұрақтар қояды
:
–Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? (Шеңбер, шаршы.) Бүгін біз жаңа
геометриялық пішінмен танысамыз. Олар: үлкен және кішкентай, қызыл және көк болады.
«Үшбұрышпен танысамыз»
ойыны.
Педагог жаңа геометриялық пішін – үшбұрышты қарауды ұсынады. Үлкен үшбұрыштың
макетін көрсетеді, оның бұрыштары бар екенін, олар үшеу болатының айтады. Содан оны
үшбұрыш деп атайды. Оның геометриялық пішіні шеңбер сияқты дөңгелей алмайтынын
айтады. Ол үйдің шатырына, пирамидаға т.б. ұқсайды (суреттерін көрсетеді).
Кішкентай үшбұрышты алып, оларды көлемі жағынан салыстыруды ұсынады. Қай
үшбұрыш үлкен, ал қайсысы кіші? Олар бірдей ме?
Достарыңызбен бөлісу: |