Үлестірмелі материалдар: әр баланың үстелінде үшбұрыштар тұр. Педагог үшбұрыш
пішінін алуды сұрайды. Саусақтарымен үшбұрыштың бұрыштарын сипап көруді
Балалар үшбұрышты көру-қозғау жолымен зерттейді. Бұрыштарына назар аударады.
Ал мына жерде күлкі бар.
35
Содан соң педагог балаларға саусағымен суреттегі бағыт сызығын бойлай жүргізіп
шығуын өтінеді. Үлкен үшбұрышты қызыл қарындашпен, кішкентай үшбұрышты көк
қарындашпен бастырып сызу тапсырылады.
Балаларға мынадай сұрақтар қойылады:
– Сендер қызыл қарындашпен қайсы үшбұрышты сыздыңдар?
– Ал көк қарындашпен қандай үшбұрышты бастырып сыздыңдар?
Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: