6-тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам Мемлекет – бұл саяси тұтастығы белгілі құрылымы бар, саяси билікті
ұйымдастырушы және белгілі – бір территорияда әлеуметтік процесстерді басқарады.
Мемлекеттің пайда болуының концепциялары:
патриархалдық – (негізін салушы ағылшын саяси ойшылы Роберт Филмер XVIII ғ.)
Мемлекеттік биліктің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпаның үлкен қауымдастыққа,
мемлекетке дейінгі опекундық, әкеліп билік ретінде пайымдайды.
теократиялық – мемлекеттің шығуын құдай болжамымен ұштастырады.
договорлық – (Т. Гоббсом, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо дамытты) – мемлекетті қоғамдық
ӛмірді ұйымдастыру және ондағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында басқарушы мен
бағынушының арасында жасалған келісім нәтижесі дей қарастырады.
жаулаушылық теориясы ( Е. Джоринг, Л. Гумплович
) – мемлекеттің пайда болуын
тікелей саяси әрекеттің – ішкі немесе сыртқы күштеу, басып алудың нәтижесі деп
түсіндіреді.
писхологиялық теория ( Ж. Бюрдо
) – мемлекет тамырын идеядан, адамзат генасының
тумысынан табады.
әлеуметтік-экономикалық ( К. Маркс
) – мемлекеттің шығуын қоғамның антогонистік
топтарға бӛлуінен, еңбек бӛлінісінің салдарынан және жеке меншіктің шығуынан
түсіндіреді.
Мемлекеттің пайда болуының факторлары: экономикалық, экологиялық,
демографиялық, психологиялық, сыртқы.
Мемлекеттің белгілері: территория, шекара, халқы.
Мемлекеттің функциясы:
ішкі: экономикалық, әлеуметтік, халық билігін қамтамасыз ету, конституциялық тәртіпті
қорғау, тәртіппен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық консолидация әлеуметтік
арбитраж, экологиялық, мәдени-білімділік.