1. Адам қаңқасының маңызы?


Сүйектердің бір – бірімен байланысу қызметінің маңыздылығы?



бет2/5
Дата13.12.2021
өлшемі125,53 Kb.
#126120
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕРЛАН ТАПСЫРМА

2.Сүйектердің бір – бірімен байланысу қызметінің маңыздылығы?

Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын (буынды) болып байланысады. Сүйектердің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қиысып бітуі арқылы түзіледі. Осылай құйымшақ және сегізкөз сүйектері өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән. Жік арқылы байланысу үлкен беріктікті қамтамасыз етеді, мысалы, миды қорғайды.

Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары, шеміршекті астармен омыртқа дискісін түзіп байланысқан. Бұл — омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы. Буын — сүйектердің қозғалатын болып байланысуы. Буын тұтас сүйектерден тұрады. Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады. Басы мен ойысы иілгіш шеміршекпен қапталған және мөлшері мен пішіндері сәйкес келеді. Оларды дәнекер ұлпасынан тұратын буынішілік байлам байланыстырады.

Байланысқан сүйекті буын қабы жабады. Буын қабының ішкі беті үйкелісті азайтатын және байланысқан сүйектер арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін аз мөлшерде тұтқыр сұйықтық бөледі. Шеміршек сүйек қабына ұқсас жұқа ұлпамен жабылған және ол сүйектің өсуін қамтамасыз етеді.

Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін. Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқкиім кигенде жалпақтабандылық пайда болады.

Қаңқаның сүйектену проесі дене өсуі тоқтағанда, 22-25 жасқа қарай аяқталады. Ересектерде сүйек затының жарқырауы баяу жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет