1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Телескопиялық бекіту жүйесі бар алмалы-салмалы доғалы протездерді жасаудың клиникалық кезеңдерін жазыңыз



бет10/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон
10 гум қазақ тілі
28.Телескопиялық бекіту жүйесі бар алмалы-салмалы доғалы протездерді жасаудың клиникалық кезеңдерін жазыңыз.
Бұл бекіту түрі екі бөліктен тұрады – ішкі және сыртқы.Ішкі бөлігі тісті қоршап тұратын металл қалпақшадан тұрады.Сыртқы бөлігі анатомиялық пішіні бар сауыт.
Ішкі бөлігін (қалпақша) тіске цементпен отырғызады,сыртқы бөлігін (сауыт) протезбен жалғайды.Телескопиялық жүйелермен бірге алынбалы протездер дайындаудың зертханалық-клиникалық кезеңдері:
-Ішкі сауыттардың астына тірек тістерді егеу; -Қалып алу, жұмысшы үлгілерін алу;
-Ішкі сауыттарды зертханалық жолмен дайындау; -Пациент аузында сауытты отырғызу және бекіту; -Сыртқы сауыттарға жұмысшы қалып алу;
-Сыртқы сауыттарды зертханалық жолмен дайындау; -Науқастың аузында сыртқы сауыттарды отырғызу; -Алынбалы протез жасау үшін қалып алу;
-Орталық окклюзияны анықтау; -Балауызды композициялы жасанды тістері бар алынбалы протездерді тексеру; -Дайын протезді отырғызу және салу
Телескопиялық жүйелерге штангалық немесе балкалық бекітілген алмалы салмалы протез жатады. Бұндай бекітілу түрі III класс ақауы кезінде тиімді. .
29.Металды керамикалық сауыт дайындаудың клиникалық және зертханалық кезеңдерін атаңыз
1 – клиникалық кезең
Науқасты тексеру, диагнозын анықтау, ортопедиялық ем жоспарын құрау
Уақытша сауыт үшін қалып алу Болашақ сауыттың түсін анықтау
Егелетін тістің силиконды шаблонын дайындау Тірек тісті жансыздандыру және егеу
Егелген тіске уақытша сауыт дайындау
1 – лабораториялық кезең
Жұмысшы және көмекші мүсін құю, артикуляторда бекіту
Тірек тістің мүсінін дайындау (механикалық өңдеу, компенсациялық лак жағу)
Сауыттың каркасын (қалпақшаны) мүсіндеу
Құйма жүйесін орнату, отқа төзімді форманы дайындау
Қалпақшаны құю, құйма жүйесін алу, қалпақшаны өңдеу
Құйылған металл қалпақшаны жұмысшы мүсінге шақтау
2 - клиникалық кезең
Қызылиекті ретракциялау, жұмысшы және көмекші қалып алу
Орталық окклюзияны анықтау Егелген тіске уақытша сауытты бекіту
2 – лабораториялық кезең
Құйылған металл қалпақшаны дайындау және керамикалық қабатты жағу
-Механикалық өңдеу
-Металл қалпақшаның бетін тазарту және майлы қабатты алу
-Термиялық өңдеу
3 - Клиникалық кезең-Ауыз қуысында тірек тіске тұтас құйылған металл қалпақшаны шақтап көру. Дәрігер қалпақшаны шақтап көрген соң, оны тірек тіске силиконды массаның коррегирлейтін қабатымен бекітеді және тіс қатарының силиконды қалыбын алады. Қалыпты дезинфекциялап, қалпақшамен бірге 3 – лабораториялық кезеңге жібереді. Қалпақшаның антогонист тістермен бөлектену деңгейі және керамиканың әрлемелік қабатына арналған орын көлемі анықтайды. Қалпақша барлық қойылған талапаға сай болса, онда керамикалық қабаттың түсін анықтаймыз.
4– клиникалық кезең-Ауыз қуысында металлокерамикалық сауытты шақтап көру.Тірек тіске оңай енгізілуінің дәрежесі антогонит тістермен окклюзиялық қатынасы, 5– клиникалық кезең-Глазурлеуден кейінгі металлокерамикалық сауытты соңғы рет шақтап көру және орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет