Ақпараттардыөңдеу құралдары — бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер , жəне ең бірінші кезекте, компьютер — ақпараттарды өңдеуге арналған əмбебап машина. Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді.
Қазіргі кезеңде "ақпараттық технология" термині ақпараттарды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақпаратты технологиялар барлық есептегіш техникалар мен байланыс техникаларын жəне ішінара, — тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен радиотаратуды қамтиды. Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шаруашылығында, əлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, əртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы əйелдерге қызмет етеді. Дамыған елдердің халқы ақпараттық технологияларды жетілдірудің қымбат жəне қиын, алайда маңызды екендігін сезінеді .
Қазіргі уақытта ірі масштаптағы ақпараттық-технологиялық жүйелерді құру экономикалық тұрғыдан мүмкін болып отыр, бұл оларды дайындауға бағытталған ұлттық зерттеу жəне білім беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды. Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту.
Сонымен катар акпарат түрлерінің өзіндік қасиеттері бар. Акпарат касиеттерін үш аспектіде карастыруга болады.