22.Сын есімнің сөз табы ретінде қалыптасуы
Қазақ тілінде барлық ережелер,заңдылықтар толық қалыпьаспай тұрып,сын есімдер өте аз болған еді.Олардың дамып жатқан кезінде екі түрлі ерекшелік болды.Біріншісі-ол тура мағынасымен қоса,заттық мағынаны да беріп тұратын сын есімдер болса,ал екіншісі ең алғашқы түбірден мағынасы кеңейіп,сараланып,жіктеліп қолданыла бастауы.Ал дәл қазіргі кезде сын есімдердің көбісі аффикстер арқылы жасалынады.
Сын есімдердің қалыптасуы зат есімдермен тығыз байланыста жүретін құбылыс. Жалпы түрік тіліндегі сияқты қазақ тілінде де түбір сын есімдер азын-аулақ. Көне сын есімдерді салыстыру кезінде олардың дамуының екі түрлі ерекшелігін байқасақ болады: біріншіден, кейбір сын есімдер зат есімнің тура мағынасын береді. Бұл қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздерін атасақ болады. Мұндай сөздің ежелгі ескерткіштерде екі түрлі қолданылуы бар. Кейбір сын есімдердің зат есімдер тобына және, керісінше, кейбір зат есімдердің сын есімдер тобына ауысуы басындағы осындай генитикалық бірліктің табиғи жалғасы болып табылады.
Сын есім дамуының тағы да бір ерекшелігі – оның бұрынғы түбірдің мағынасы кеңеюі, жіктелініп саралануы, сөйтіп бір түбірдің мағынаға ъ ие болуы. Соның бірі: көк сөзі. Ежелгі түрік тілінде бұл сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мағынанда жұмсалды.
Алдымен көк аспан деп, аспан түсін білдірсе, кейін көк шөптің де түсін білдіретін болды.
-ығ//-ығ. Бұл жұрнақ көне түркі тілдерінің ішінде молынан тараған.
Мысалы, сарығ~сары, хатығ~қатты, қадығ~қатты, изиғ~ыссы т.с.с шығу төркінін етістік деп айтуға дәлел – бұл сөздердің көне түркі тіліндегі тұлғасы сaрығ, соңғы -ығ негізінен етістікке жалғанатын қимыл-сын қосымшасы. Түркітанушылар -ығ//-ығ қосымшасының шығу тегі белгісіз деп қарайды.
Мысалы: —қай//-кәй, -ғай, -дай, -қыл//-кил, -ғыл-гил,-ғылт т.б. аффиксі қазақ тілінде қапсағай тәрізді сөздер құрамында ұшырайды. Ал, татар тілінде айтылатын —лач, -ләч аффикстері (итләч-етті, йынлач-жүндес) қазақ тілінде кездеспейді. Қарашай-балқар, түрік тілдеріндегі (ақылман, қараман), алтай тілдеріндегі —сығ (дашсығ-тас сияқты, кіззізігкісілік), қазақ тіліндегі -гөй (ақылгөй) тәрізді аффикстер көбінесе сол аталған тілдерде және бірен-саран сөздер құрамында айтылады. Мысалы: қазақ тілінде -ман аффиксі сын есім жасамайды, ал қарашай-балқар, түрік тілдерінде сын есім жасайтын аффикстер қатарына жатады. Сол сияқты -сақ аффиксі қазақ тілінде кейбір есімдерге қосылып, субъективтіні басқалардан ерекшелейтін қылық, мінезге үйірлігін білдіретін сын есімдер жасайды: сусақ, малсақ, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |