1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы



бет1/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)



1) Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы. Қазақ тілі шығу тегі және құрылымы жағынан түркі тілдері семьясына жатады, ол тілдерде сөйлейтін халықтар Дунайға дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орат Азия, Сібір, Кафказ, Кіші Азия жерлері мекен еткен. Басқа тілдер семьясымен салыстырғанда түркі тілдері грамматикалық құоылысы мен сөздік құрамы жағынан бір – біріне өте жақын.Тілдерінде ортақ белгілері көпкездесетіндіктен, бірқатар түрік халықтарның өкілдері (қазақ, өзбек, башқұрт, татар, ноғай, қарақалпақ, ұйғыр, азербайжан, т.б. бір-бірімен түсінесе алады).
Түркі тілдерінің жақындығын оларға тән мынандай жалпы типологиялық белгілерден көруге болады:

  • фонетика саласында: тілдің және еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстарға езу үндестігі және ерін үндестігі, ал дауысыз дыбыстарға олардың өзара үйлесіп отыруына байланысты ықпал үндестігі тән екендігі;

  • морфология саласында: сөзжасам мен сөз түрлендіру тұлғалары сөздің түбірі мен негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы жасалатыны, сол себепті түкі тілдері жалғамалы тілдер деп аталатыны, грамматикалық род категоряиысының болмайтыны, тәуелдеу категориясының арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатыны, предлогтардың қызметін септеулік шылаулар атқаратынын т.б.

— синтаксис саласында: сөз тіркесі мен сөйлемде сөздердің өзіндік орны тәртібі қалыптасқаны, ол тәртіп бойынша сөзінің алдында орналасатыны, анықтауыш пен анықталушы сөздердің тұлға жағынан өзара қиыспайтыны; сабақтас құрмалас сөйлемдардің бағынышты сыңарларының негізінен есімшелік, көсемшелік оралымдармен беріліп отыратыны т.б.
Қазақ тілі батыс түркі тілдерінң өыпшақ тобына енеді. Батыс түркі тілдеріне одан баяқа бұлғар, оғыз, қарлық тобындағы тілдер жатады. Қыпшақ тобындағы тілдердің басқа топтардан негізгі тілдік ерекшеліктері төмендегідей:
— дыбыстық ерекшеліктері: а) сегіз не тоғыз дауысты дыбстың болуы, ә) қосымшаларды қысаң дауыстылардың еріндікке айналмауы, б) дауыстыларда ерін үндестігінің әлсәз болуы, в) созылыңқы дауыстылардың болмауы, г) дауысты және дауыссыз дыбстардың көне тіркестеріне жаңа тіркестердің сәйкес келуі: ағ-ав (ау), ег-ий, өг-үй, мысалы, тағ-тау, тег-тий, өгрен-үйрен, д) сөз басында қатаң т,к, қ дыбыстарының қолданылуы (ср. Тіл,кел, ал оғыз тілдерінде дил, гэл), сөйте тұра сөз басында ұяң б дыбысның айтылуы (балта), е) сөз басында и – ж – дж дыбыстарының тұрақсыздығы (йақшы – жақсы — джақсы), ж) дауысты дыбыстар арасында п-б, қ-ғ, к-г болып ұяңдап кетуі (қақ – қағу, көк-көгеру, тап-табу) т.б.
2.М.Қашқаридің «Диуани луғат-ит түрк» еңбегінде қарастырылған мәселелер. Қашқари сүбелі еңбегінің жазылу мақсаты жөнінде «Диуанының» басында-ақ: «Мен Тәңірдің бақ-дәулетті түріктердің жұлдызында жаратқанын, ғарышты солардың хандығының үстіне айналдырып қойғандығын көрдім. Тәңір оларды «түрік» деп атап,

елдік пен билік берді. Заманымыздың билеушілерін түріктерден шығарып, өзге халықтардың ерік тізгінін солардың қолына ұстатты. Оларды адамдарға бас қылды, хақ істерде оларды қолдады және олармен бірге болғандарды ғазиз, абыройлы қылды», - деп түрік халқының қадір-қасиетінің ұлылығын әспеттеп, дәріптеген соң ұлық Тәңірдің оларға деген ерекше ықыласын әрмен қарай былайша жеткізеді: «Сондықтан да оларға Тәңірдің өзі ат беріп, жер бетінің ең биік те, шұрайлы, ауасы таза жеріне орналастырған, оларды әскерім деп санаған. Себебі түркілер сүйкімділік, әдептілік, жарқынжүзділік, жүректілік, әділдік, кішіпейілділік, қария­ларды құрметтеу, сөзінде тұру секілді ізгі қасиеттерге ие». Осылайша түркілердің Тәңір сүйер көп қасиеттерін санамалап шыққан соң: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін ақыл иесі әрбір жан олардың жолын ұстануы тиіс. Олардың көңілін тауып, өзінің мұң-мұқтажын жеткізе білу үшін олардың тілін үйренуден басқа жол жоқ», - деп түпкі мақсатын жайып салады. Яғни, араб тілінің мәдениет пен өркениеттің, білім мен ғылымның, ең маңыздысы дүйім мұсылман шығыс халықтары ардақтаған Қасиетті Құран тілі ретінде дәуренінің жүріп тұрған шағында түркі лексикасының мағыналық әрі тұлғалық қасиет-сырларын аша отырып, оның шексіз байлығын көрсету арқылы түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем еместігін дәлелдейді. Түркілердің ізгі қасиеттерін дәріптеп, күшейіп келе жатқан түркі ұлысының болашағының зор екендігін ескертеді. Болашақ түркі тілінде екендігін насихаттап, өзге ұлттарды түркі тілін үйренуге шақырады. Жай ғана шақырып қоймай түркі халқының мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін, жыр-шумақтары мен нақыл сөздерінің, этнонимдері мен топонимдерін жан-жақты талдап, ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, ізгілікке құрылған салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, руханияты мен дүниетанымын таныту арқылы түркілерді, түркі тілін сүйгізуге ұмтылады. Шын мәнінде «Диуанды» мың жасатқан да осы қасиеті болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет