1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Көне түркі жазбаларының қазақ тілімен мағыналык үндестігі



бет7/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)
Философия тест 225 сұрақ, Эл(рк с ответами 2 вар) (1), 5068564198221 Диалектиканың негізгі категориялары НО-3Б каз. орыс 22.04.2020
13 Көне түркі жазбаларының қазақ тілімен мағыналык үндестігі:
1) лексикалық сөздік қорды құрауға негіз болатын атауларды қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
Орхон-Енисей жазба нұсқалары тілінің ерте заманнан тарихи даму барысында жасалып, қалыптасқан сөздік құрамы бар. Ол бірнеше қат- қабаттардан құралады. Солардың ішіндс ең негізгі арналардың бірі ерте кезден бері өмір сүріп келе жатқан түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер болып есептеледі. Ескерткіштердегі көп сөздердің сөздердің қазіргі түркі тілдерінде кездесетіндігі, ұқсастығы тек кездейсоқ құбылыс емес, ол тайпалармен халықтардың генетикалық тұрғыдан тығыз байланысты болуының нәтижесі. Ескерткіштер тілін қолданған ру, тайпа және халықтардың тілі қазіргі түркі тілдерімен (соның ішінде қазақ тілімен) туыстығын көрсететін дерек болып табылады. Енді көне түркі жазбаларында кездесетін туыстық атаудың, дене мүшелеріне байланысты сөздерді, табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді, уақыт пен мерзімді білдіретін сөздерді, яғни, сол заман ағымының таным-түсінігін, қарым- қатынасындағы қолданған сөздердің қазіргі қазақ тіліне қаншалықты жақын екендігін зерделедім.
Туыстықты білдіретін сөздер.
Апа - апа, эже
Еке - әке.
Йегін - жиен.
Іні — іні.
Келін - келін.
Қатун - қатын. (құрметті кісілердің әйелі)
Қыз - қыз.
Огүл - үл.
Өг - өгей.
Сіңлі - сіңлі. Бұл туыстық атаулардың көпшілігі қазіргі кезде дыбыстық өзгерістерге ұшырап қолданылып жүргенін байқаймыз. Ал кейбір туыстық атаулар сол күйінде қалып, қолданылып жүргенін көреміз.
Дене мүшелеріне байланысты сөздер:
Адақ, адағ - аяқ. (Түрк будун адақ каматндты - түркі халқының аяғы шаршады).
Баш, бас - бас. (Ыдуқ балда сүңүсдшіз - қасиетті биіктің басында соғыстық).
Көңүл - жүрек. Қазақ тілінде «көңіліне қаяу түсті» деген тіркесті «жүрегіне қаяу түсті» деп те қолдана береді. Жаазбалардағы көңіл үғымы адамның сезіміне байланысты
қолданылады. Мысалы, «Көңілі қалды», «көңілі судай тасыды» тұрақты сөз тіркестері. Сезім тек жүректен шығады. Соған қарағанда «жүрек» сөзінің бастапқы мағынасы ' көңіл болса керек деген тұжырым шығады. (Көңілте сығыт келсер - жүрекк қат келсе).
Көз - көз. Көрір көзүм көрместер болты ер көзім көрместей болды.
Сүңүк - сүйек. Сүңүкүң тағма йадти - сү таудай үйлілді.
Тіз - тізе. Тізлігіг секүртім - тізесін бүк м.
Табигат күбылыстарына байланысты с у
Иер, йір - жер. Иір Байырқу йіріне те чедім - Байырқы жеріне дейін соғыстым.
Суб - су
Тағ - тау. Сүңүкүң тағма йадти - сүйегі й үйілді.
От - от. Түргіс қаған сүсі отча, борача к Түргеш қаған оттай, борандай болып келді.
Чөл - шөл дала, қу медиен. Бөклі чөлліг - Бокілі шөл елі.
Уақыт және мерзімді білдіретін сөздер
Ай- ай. Тоқузунч ай йеті отузқа йог ері ліз - тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік.
Иаз - жаз. Оғузғару йазын сү ташықцы Жазда әскермен оғызға қарсы шықтық.
Қыш - қыс. Мағы қорған қышлап, йазык зғару сүт ташықдымыз. - Мағы қорған қыстап, жазда оғызға қарай жиналдық
Иыл - жыл. Қой йылқа - қой жылға.
Күнтүз - күндіз. Күнтүз олурматы – күндіз отырмады.
Казба байлық атаулары:
Алтун - алтын.
Күмүс, күмүш - күміс.
Темір - темір. Темір қапығқа тегі сүледім - Темір қақпаға дейін соғыстым. Мал мен құсқа байланысты сөздер:
Адғыр - айғыр. Ақ адғырығ - ақ айғыр.
Азман - азбан. Күлтегін азман бініп, оплайу тегді - Күлтегін азбанға мініп, шабуылға шықты.
Барс - барыс.
Абстрактылы атаулар.
Буң - мұң, қайғы, Буңсыз анча бірүр - қайғысыз сонша берер.
Булғанч - былғаныш.
Күч - күш. Табғач қағанқа керміс, еліг йыл ісіг-кучіг берміс - Табғаш қағанға бағынып, елу жыл күш-қуатымызды жұмсадық.
Күт - бақыт, қүт. Қутына інім Күлтегін ер ат болты - Бақытына қарай інім Күлтегін батыр (ер) атанды.
Теңрі - Тэңірі, аспан, көк. Тэңірі йарылқадуқ үчүн - тэңірі жарылқағаны үшін.
Сөз - сөз. Інім Күнтегін бірле сөзлешдіміз - інім Күлтегінмен сөйлестік. Согыс ісіне байланысты туган атаулар:
Йағы - жау. Будунығ йағысыз қылтым - Халықты жаусыз қылдым.
Буйурқ - бұйрық. Иырайа таркат буйурук - Терістікте тарқан бұйрығы. Сүңүс, сүңүш - соғыс. Улуғ сүнүш - ¥лы соғыс.
Сүңүг - сүңгі (найза). Сүңүг батымы қарығ сөкіпен - Сүңгі батымы қар аршыдық.
Оқ - оқ. Оқсыз - Оқсыз.
Қогамдық кұрылысқа қатысты атаулар:
Ел, Іл - ел, мемлекет. Ілліг будун ертім, ілім емті қаны? Кімке іліг қазғанурмен? - Елді халы едім, елім енді қайда? Кімге қызмет қыламын?
Бай - бай. Чығай будунығ бай қылтым - Жарлы халықты бай қылдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет