1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Үстеудің қалыптасу тарихын оқыту



бет17/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

24.Үстеудің қалыптасу тарихын оқыту
Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казембек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, АН.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.
Ал қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз» - деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу дейміз - сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді». А.Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.
Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз» - деген түсінік береді. Ғалым оларды қызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер». С.Аманжолов етістік үстеулерге қолма-қол, дәл, кеше, бүгін т.б. үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті т.б. сөздерді жатқызады.
Үстеу туралы арнайы еңбек жазған - профессор АЫсқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын бұл еңбектің I
тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, II тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу құрамындағы кейбір көнерген қосымшалардың қолданылуы қарастырылған. III тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқталса, IV тарауда үстеулердің морфологиялық белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын басқа да сөз таптарының қызметі туралы сөз етеді. V тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада қарастырады: 1) үстеулердің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Ғалым біріншіден, үстеулердің сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатынын дәлелдейді. Екіншіден, үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті қандай деген сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер және зат есімдермен тіркесін атайды. Сондай-ақ үстеулердің мағыналық топтарының аталған сөз таптарының қайсысымен тіркесе алатынына да тоқталады. А.Ысқақов үстеулердің сөйлемдегі орны туралы былай дейді: «үстеулер сөйлемде көбінесе пысықтауыш пен анықтауыш қызметін атқарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында тұрады».
Үстеуді арнайы зерттеген ғалымдардың бірі - Е.Саурықов. Е.Саурықов «Адвербиандану процесінің құрылымдық-семантикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация жазды. Онда үстеу сөз табының лексика-сематикалық сипаты, морфологиялық белгісі, синтаксистік қызметі сияқты белгілерін жалпы түркі тілдерінің материалдары негізінде сипаттайды. Еңбекте үстеулердің пайда болуы мен тарихы қалыптасу жолдарын диахрондық әдіспен зерттеу нәтижесінде олардың тілдік жүйедегі орны, даму деңгейі көрсетіледі.
Үстеулер мәселесін арнайы қарастырған - Ә.Ыбырайым. Ол үстеулердің тілдік қолданысқа байланысты ішінара морфологиялық өзгерістерге ұшырау құбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жалпы үстеу сөз табының бойында болып жатқан әртүрлі лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қасиеттері туралы ғылыми түсінік береді. Ғалым сондай-ақ үстеулердің барлық есім сөз таптарына тіркесе беретіндігін жан-жақты дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет