1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет76/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
Дайын мәтiн бойынша мазмұндама. Дайын мәтiн бойынша мазмұндаманың өзiн бiрнеше түрге бөлуге болады:
  • Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау.


  • Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, бiрақ баяндалу формасын өзгертiп баяндау.


  • Қысқарта баяндау.


  • Толықтырып мазмұндау.



Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрiнде мәтiннiң мазмұны бүтiндей қайталанбағанмен, түгелге жуық меңгерiледi. Мәтiндегi сөз тiркесi, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкiн, алайда кейбiр жаңа сөздердiң, сөйлемдердiң, көркемдегiш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкiн. Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны әр түрлi түсiнуге болады. Бiрiнде оқушы мәтiн мазмұнын терең меңгерiп, ондағы кейбiр сюжеттiң, көрiнiстiң, өзiне ұнаған сөз үйiрiмiнiң бастапқы қалпын сақтағысы келсе, кейбiр оқушы мәiн мазмұнын өз сөзiмен беруге сөз қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының қалыптаспауынан шығарма авторын сөзбе-сөз қайталауға келiп соғады. Бiрiншi жағдайда сол жазған мазмұндамасындағы жаңадан игерген сөз қолданыстары оқушының актив лексикасына айналса құба-құп. Ал, өткiншi, тек баға алу үшiн бiр-ақ рет пайдаланып, кейiннен жадынан шығарса, онда алға қойған мақсаттың орындалмағаны. 

Мазмұндама жазғанда көркем мәтiндi қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшiн белгiлi әдiскер-ғалым С.Тiлешева мұғалiмдердiң мына мәселелердi мазмұны тартымды, оқиға қызғылықты, көркемдiк қуаты жағынан жоғары талапқа сай болуы, мазмұндама жазар алдында мәтiндi оқу, әңгiменi негiзгi бөлiмдерге бөлiп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тiлiн талдау, т.б. жұмыстарды орындатқан жағдайда оқушылар мәтiндегi барды қайталау болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады. Мазмұндамалар 1 - 4 сыныптардың әрқайсысына 10 - 18 мәтіннен беріліп, жинақта барлығы 49 мәтін қамтылған. Алынған мәтіндер мазмұны жағынан өмір талабына сай, оқушының ой - өрісін, зейін - қабілеттерін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған. Мазмұндама жаздырудың түпкі мақсаты - оқушылардың ойын және тілін дамыту. Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте - біре күрделеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім қатты ескеру қажет.

Оқушылардың өз ойларын жазбаша байланыстырып бере алу білімдерін тексеру мақсатында мұғалім мазмұндама, шығарма жұмыстарын алады. Олардың мөлшері бағдарламада көрсетіледі.
Мазмұндама мәтіні хабарлау мақсатында болғаны жөн. 3 сыныпта суреттеу, талдау мәніндегі элементтер кіргізіле бастайды. Мәтіндер тәрбиелік мәні басым, оқушылар түсінігіне лайық етіп алынуы тиіс.
Мазмұндамаға арналған сөз саны:
Сынып - Сөз саны
1 сынып - 20 - 30 сөз
2 сынып - 30 - 50 сөз
3 сынып - 50 - 70 сөз
4 сынып - 70 - 90 сөз

Мазмұндама жұмыстарын бағалағанда оның таза, ұқыпты жазылуы, каллиграфиялық норманың сақталуы есепке алынады.
Ескерту: жазба жұмыстарынан оқушы қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, сол оқушымен мұғалім жеке жұмыстар жүргізеді, үйретеді. Өте төмен баға журналға қойылмайды. Журналға жеке жұмыстан соң алған баға дер кезінде қойылуы тиіс.
1 - 4 сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндамаларды топтай келгенде мынандай түрлерін көрсетуге болады:
• Дайын әңгіме бойынша мазмұндама;
Сурет бойынша мазмұндама,
• Кино, диафильм бойынша мазмұндама.

Өлең сөзбен мазмұндау. Өлең сөзбен берілген мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды. Оқушылар түсінгенін өз сөздерімен мәтін құрап жазады. Кейбір дарынды оқушылар түсініктерін өлең сөздермен де жазуға болады, Мұндай мазмұндаманың түрі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, қызығушылықтарын туғызады.
Сурет бойынша мазмұндау. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөлуге болады.

І сынып
Тоғайда
Балалар тоғайға барды. Олар тоғайда гүл, жидек терді. Тоғай жанында өзен бар. Балалар өзеннен балық аулады. Тоғайда құстар сайрап, аралар ұшып жүр. Балалар жақсы тынықты. (25 сөз)
Жоспар.
1. Тоғайға бару,
2. Өзеннен балық аулады.
3. Балалардың тынығуы.
Қайың
Қайың - биік өсетін, әдемі ағаш. Оның бұтақтары жиі болады. Қайыңның жапырақтары жылтыр, жап - жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды. Оны өмірде көп пайдаланады. (23 сөз)
Жоспар.
1. Қайың қандай ағаш?
2. Қайыңның өмірдегі пайдасы.

3. Лексикалық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет