1 Билет Оқыту принциптері мен заңдылықтары


Қарым-қатынас психологиясы



бет17/18
Дата01.06.2020
өлшемі39,03 Kb.
#71935
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Гос экзамен по педагогике
Ортогональ проекциялау, html tasks
2.Қарым-қатынас психологиясы

Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Қарым-қатынас стильдері: демократиялық, авторитарлық, либералдық

Қарым-қатынастың аеторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады. Мұндай қарым-қатынас барысында оқушылардың тұлға ретінде дамуына көп кедергілер кездеседі және ұстаз бен оқушылар арасында көптеген түсініспеушілік, шиеленіс, қарама-қайшылық жағдайлары кездеседі. Мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады. 


Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім тек оқыту процесімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұлдай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын 
жағдайлардан құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешкандай белсенділік, шығармашылық танытпайды. Оқушылардың тәрбиесі, дамуы қадағаланбайды, қарым-қатынас барысында ынтымақтастық
түсінісушілік болмайды. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады. 


Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, окушылардьщ жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділіктері. шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, 
өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады. Мұндай стиль окушылардьң тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың 
орнығуына, жағымды психологиялық ахуалдың калыптасуына әсері көп.
Социометрия әдісі

Қарым-қатынастың түрлерi:

1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.

2.Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.

5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.

1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.

2-шi Монологты стратегия.

3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет