М.Шаханов
М. Шаханов (1942) туған жері - ОҚО, Отырар ауд, Шілік ауылы
М. Шахановтың танылған талант, қабілеті - ақын, драматург, сазгер, қоғам қайраткері
«Желтоқсан жаңғырығы», «Түсінісу теоремасы» өлеңдері авторы - М. Шаханов
М. Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өз арманын дана қарияға қалай түсіндірген-Ғылым мен өнердің шамын жағу
М. Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы өтетін жер - Отырар
М. Шахановтың Әбу Насыр әл-Фараби өмірінен алынған өлеңі –«Арман»
М. Шахановтың тарихи шындыққа негізделіп жазылған шығармасы - «Отырар»
М. Шахановтың отансүйгіштік, ерлік, батырлыққа тәрбиелейтін шығармасы -«Отырар»
Шыңғыс хан, Шағатай М. Шахановтың қай шығармасының кейіпкерлері? - «Отырар»
1219 жылы қыркүйек айындағы Шыңғыс хан жасағының шабуылы М. Шахановтың қай шығармасында суреттеледі? - «Отырар»
М. Шахановтың «Отырар» балладасындағы»
«Мысқыл күлкің маған салды маған қаншама ой!
Шіркін, сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға,
Бөлеп дархан күйге мені,
Бүкіл әлем билер еді
Аяғымның астында,»-деген өлең жолдарындағы Шыңғыс хан сөзін арнаған – Қайыр ханға
М. Шаханов «Отырар» дастанында мақтап жырлайды - Қайыр ханды
«Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы-өр, Тәні-бекем,
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де биік қойған бірлікті», - деген шумақ арқылы қазақ халқының өмірлік мұраты мен мақсатын айқындап беретін ой айтылатын шығарма мен оның авторы - М. Шаханов «Отырар»
Махамбет жайлы арнау өлең жазған қаламгер - М. Шаханов
Үзінді М. Шахановтың қай өлеңінен алынған:
...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана... –«Құдіретті төрт ана»
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да ,- деген үзінді алынған М. Шаханов өлеңі – «Төрт ана»
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! - деген шумақпен аяқталатын М. Шахановтың өлеңі - «Желтоқсан алауы»
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан, - деген өлең жолдары арналған тарихи оқиға -1986 жылғы желтоқсан көтерілісі
Достарыңызбен бөлісу: |