1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Фитоценоздағы әр түрлі тіршілік формаларының маңызы



бет7/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)
Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
1.2. Фитоценоздағы әр түрлі тіршілік формаларының маңызы
Фитоценозды құрайтын өсімдік түрлерінің экологиялық әртүрлілігі, олардың морфологиялық айырмашылықтарының болуына себепші болады. Түрлердің морфо - экологиялық байланыстары бірігіп, тіршілік формалары деген ұғымды құрайды. Тіршілік формалары жөнінде көптеген анықтамалар бар. И.Г. Серебряков (1962) тіршілік формаларын зерттеу арқылы бір - біріне тығыз байланысты екі аспектіні қалыптастырды: эколого - морфологиялық және эколого - ценотикалық деп атап көрсетті. М.В. Культиасовтың (1950) тіршілік формасына берген анықтамасы осы ұғымға қолдау көрсете отырып, ол тіршілік формасы қоршаған ортаға бейімделуі және қалыптасу тарихы жағынан ұқсас өсімдіктердің жиынтығы, бұл өсімдіктер көбеюі және дамуы арқылы мұны дәлелдейді деген болатын.
Яғни, бір тіршілік формасына жататын өсімдіктер морфологиялық құрылысы және тіршілік жағдайына бейімделуі ұқсас болып келеді. Кейбір жағдайда макен ету ортасына байланысты бейімделген ерекшеліктер, өсу формасы, өсімдіктің сыртқы көрінісін беретін физиономиялық белгілер әр түрлі тіршілік формаларына ажыратылады. Бірақ И. Шмитхюзен (1966) өзінің дәлелдемесінде және экологиялық жіктеулерінің арасына қатаң шекара коюға болмайды деп көрсетті: себебі белгілі бір тіршілік ортасына бейімделген өсімдіктің өсу формасы өсу ортасына тәуелді болып келеді.
Тіршілік формасын белгілеу екі принципке негізделіп анықталуы мүмкін. Біріншіден, тіршілік формасына жатқызылатын өсімдіктер маңызды екі факторға бейімделген болып келуі керек (мысалы, температура және ылғалдылық режиміне байланысты немесе тіршілік ортасының ылғалдылығына байланысты). Мұндай жағдайда тіршілік формасының көптеген жүйелерін тұрғызуға болады, әр түрлі тіршілік ортасына бейімделу белгілеріне қарай және әр түрлі мақсаттарға негізделген. Екіншіден бір тіршілік ортасына жатқызылған өсімдіктер, сол тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерінің жиынтығының көрінісін көрсете алу керек. Тіршілік формасының жүйесін құрастыру үшін екінші принйипке қарағанда бірінші принципті қолдану тиімді.
Ұсынылған бірнеше тіршілік жүйелерінің ішінде ғалымдардың қолдауына ие болған А. Раункиердің жүйесі.
А. Раункиер тіршілік формаларын жаңару бүршіктеріне қарап, сонымен қатар басқа да белгілерін негізге ала отырып, өсімдіктерді ұсақ экологиялық топтарға біріктірді. А. Раункиер бойынша тіршілік формаларының типтері: фанерофит 1, хамефит (2 - жартылай бұта, 3 - қарқынды хамефит), гемикриптофит - 4, криптофит (5 - тамыр сабақты геофит, жуашықты геофит, 7 - гелофит, 8 - жүзбелі жапырағы және тамыр сабағы бар гидрофит, 9 - суда еркін жүзетін гидрофит), терофит - 10 (2.4-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет