Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама



бет1/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)
darister1-15. geobotania (1), Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1)




1.8.Сақ мәдениеті
-Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары жарқын мәдени мұралар қалдырды. Сақ тайпалары мәдениетiнiң сипаты ортақ саналғанымен, аздаған өңiрлiк ерекшелiктерi де болды. Сақ мәдениетiнiң ең көне жәдiгерлiктерi Шығыс Қазақстан жерiнен табылған.
Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама
-Шығыс Қазақстанның ежелгi тұрғындары туралы жазба мәлiметтер аз. Шығыс Қазақстан аумағының Алтай жағын ертеде аримаспылар, ал Тарбағатай баурайын тиграхауда сақтары қоныстанған. Аримаспылардың атауы Алтайда алтын мен темiрдiң мол болуына байланысты шыққан.
-Шығыс Қазақстан – ежелден адамға жайлы, малға шырайлы жер. Оның жайылымы мол шалғынды аймақтары мен тау жоталары, түрлi металдарға бай кен орындары бұл жерде көне мәдениеттердiң қалыптасуына себеп болды.
-Шығыс Қазақстан жерi – далалы әрi таулы аймақ. Бұл өңiрдiн күретамыр су жүйесi – Ертiс өзенi. Алтай тауының батыс жақ бөлiгi және оның жалғасы Қалба, Нарын, Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр жоталары Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан. Бұл тарихи географиялық өңiрдiн орталық тұсында Шыңғыстау жотасы, Зайсан, Алакөл ойпаттары бар.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1.Шығыс Қазақстан облысына кіретін аймақтар:
Жауабы: Қалба, Нарын, Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр, Шыңғыстау
2.Шығыс Қазақстан өңірінің күретамыр су жүйесi:
Жауабы: Ертiс өзенi
3.Ежелгі заманда Сарыарқаның шығысында мекендегендер:
Жауабы: Аримаспылар
4.Ежелгі заманда аримаспылар қоныстанған аумақ:
Жауабы: Сарыарқаның шығысы
5.Шығыс Қазақстан аумағын ертеде мекендегенер:
Жауабы: Аримаспылар
6.Аримаспы атауының шығу себебі:
Жауабы: Алтайда алтынның мол болуы
7.Атауы Алтайда алтынның мол болуына байланысты шыққан темір дәуіріндегі тайпа:
Жауабы: Аримаспы
8.Аримаспылар мекендеген аумақ:
Жауабы: Шығыс Қазақстан
9.Тарихта «алтын қорушы қырандар» деп әсірелеп айтылғандар:
Жауабы: Аримаспылар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет