Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама



бет9/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)
darister1-15. geobotania (1), Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1)
Орталық Қазақстан
-Орталық Азияда ертеден көшпелiлер жайлаған үлкен кеңiстiк созылып жатыр.
-Бұл тарихи-географиялық ауданды қазақтар ертеден Сарыарқа деп атаған.
-Қола дәуiрiнен бастап Орталық Қазақстан жерiнде кен өндiру, ал ерте темiр дәуiрiнде мыс, алтын және басқа да металдар өндiру жақсы өркендеген.
-Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сiлемдерi, Батыста созылып жатқан Торғай ойпаты қоршап тұр. Солтүстiкке қарай Өлеңтi, Сiлетi, Есiл, Нұра, Құлан-өтпес өзендерi ағып жатыр. Ал оңтүстiкке қарай Аягөз, Қаратал, Жәмшi, Мойынты, Сарысу, Сарыкеңгiр, Қаракеңгiр өзендерi ағады.
-Орталық Қазақстандағы ежелгi тұрғындар туралы жазба мәлiметтер аз. Геродот өз шығармаларында бұл аймақты аргиппейлер мен исседондар жайлағанын айтады. Қазiргi ғалымдардың анықтауынша, ежелгi заманда Сарыарқаның солтүстiк батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.
-Сарыарқаның ерте темiр дәуiрi ескерткiштерi Тасмола мәдениетi деген атпен белгiлi.
-Ол исседон тайпаларынан қалған.
-Бұл мәдениеттiң алғашқы ескерткiштерi Павлодар облысының Екiбастұз ауданындағы Тасмола өңiрiнен табылды.
-Сонымен қатар Орталық Қазақстанның осы дәуiрiне тән ескерткiштерге «мұртты» обалар жатады.
- Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, «мұртты» қорғандар бағдаршам рөлiн атқарған. Шынында, «мұртты» қорғандар белгiлi бiр бұрышпен салынған да, оңтүстiк, солтүстiк, шығыс, батыс бағытты көрсетедi.
-«Мұртты» обалардың төрт түрi кездеседi.

  • Бiрiншi түрi – үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кiшiлеу қорған обалар.

  • Екiншi түрi – екi қорған оңтүстiктен солтүстiкке қарай қатар салынады және екi қорғанның оңтүстiк және солтүстiк шегiнен шығысқа қарай мұрт (доға) сияқты тас құрылыс жүргiзiледi.

  • Үшiншi түрiнде, алдымен бiр үлкендеу қорған салынады, соның үстiнен тағы бiр кiшi қорған тұрғызылады.

  • Төртiншi түрi үшiншiге ұқсас, яғни бiрiнiн үстiнен бiрi салынған екi қорғаннан тұрады.

  • Обалардың бiреуiне адамды, ал екiншiсiне мiнiс атын жерлеген.

ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қазақтың даласын Шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі:
Жауабы: Сарыарқа
2.Геродот шығармаларында Орталық Қазақстанды мекендеген ежелгі тұрғындар:
Жауабы: Аргиппей, исседондар
3.Аргиппейлердің шығысқа қарай орналасқан көршілері:
Жауабы: Исседондар
4.Ежелгі заманда Сарыарқаның орталығын мекендегендер:
Жауабы: Исседондар
5.Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстан жерін мекендеген тайпа:
Жауабы: «Исседондар»
6.Қазіргі ғалымдардың анықтауынша ежелгі заманда исседондар қоныстанған аумақ:
Жауабы: Сарыарқаның орталығы
7.Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері:
Жауабы: Тасмола мәдениеті
8.Тасмола мәдениеті қамтыған аймақ:
Жауабы: Орталық Қазақстан
9.Ерте темір дәуірі ескерткіші Тасмола мәдениетінің табылған аудан:
Жауабы: Екібастұз
10.Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа:
Жауабы: Исседон
12.«Мұртты»обалардың бөліну түрі:
Жауабы: 4-ке
13.Үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар:
Жауабы: Бірінші обалар
14.Мұртты қорғандар көрсететін бағыт:
Жауабы: Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс
15.«Мұртты обалар» көп тараған аймақ:
Жауабы: Орталық Қазақстан
16.Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері:
Жауабы: «Мұртты қорғандар»
17.Мұртты қорғандардың шығысқа қарай бағытталуының себебі:
Жауабы: Олардың күнге табынғандығын білдіреді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет