Шілікті патша қорғандары -Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, қазiргi Зайсан ауданының жерiнде алып патша қорғандары кездеседi. Оның ең көп шоғырланған жерi Шiлiктi ескерткiштерi деп аталады. Шiлiктi қорымындағы обалар негiзiнен алып немесе орташа қорғандар.
-Шiлiктi жазығында 200-дей ескерткiштер орналасқан. Оның 50-ден астамы iрi, алып обалар.
-Алып қорғандардың диаметрi 100 метрдiн маңайында, ал биiктiгi 8–10 метрге жетедi, яғни 3–4 қабат үйдiң биiктiгiндей.
-Шiлiктi ескерткiштерiн алғаш рет профессор С. Черников 1960 жылдары зерттеген.
-Балқарағай бөренелерінен салынған.
-Солардың iшiнде өте құнды деректер бергенi 1-Шiлiктi қорымындағы №5 оба. Обаны үйерден бұрын қабiр шұңқыры қазылған. Шұңқырдың орта шенiнен шығыстан батысқа қарай бағытталған дәлiз (дромос) жасалған.
-Бұл қабiрге екi адам жерленген. Оның бiрi 40–50 шамасындағы ер адам да, екiншiсi 50–60 жастағы әйел.
-Бұл қабiрден 13 қола жебе, жебе салатын қорамсақтың жұрнағы табылды.
-Қабiр iшiнен бүркiттiң, қабыланның мүсiндерi, қабан, балық бейнелерi, қанаттары жаюлы құс түрiндегi алтын қаптырма және басқа зергерлiк әшекейлер табылды.
-Осы қорғаннан табылған заттарды, оның iшкi, сыртқы құрылымын саралай келiп ғалымдар бұл обалардын салынған уақытын б.з.б. 8–7 (7-6) ғасырларға жатқызды.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ 1. 1960ж зерттелген Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған атауы:
Жауабы: Шілікті
2.«Алтын қорған» деген атау алған Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған:
Жауабы: Шілікті қорғаны
3.Зайсан ауданы жерінде патша қорғандарының ең көп шығарылған жері:
Жауабы: Шілікті ескерткіштері
4.Қазақстан аумағындағы ең көне б.з.б.ҮІІІғ жататын патша жерлеу орны ескерткіштері:
Жауабы: Шілікті
5.ХХ ғасырдың 60-жылдары Шілікті ескерткіштерін алғаш зерттеген:
Жауабы: С.Черников
6.Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жерінде орналасқан сақ дәуірі обаларының саны:
Жауабы: 200-ден аса
7. Шілікті «алтын қорғанының»салынған уақыты:
Жауабы: б.з.б.7-6ғғ
8. 13 қола жебе табылған қорған:
Жауабы: Шілікті
9.Шілікті ескерткіштерінің ерекшеліктері:
Жауабы: балқарағай бөренелерден салынған, қабірде екі адам жерленген, 13 қола жебе табылған
10.Шіліктіден табылған заттар жатады:
Жауабы: б.з.б.VІІ-VІғғ
11.Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол:
Жауабы: Дромос
12.Сақ дәуірінің негізгі кездесетін археологиялық ескерткіштері:
Жауабы: Обалар